Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары Мұғалім. Нұрхан Жанаев (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: қыркүйек 2014 жыл

Пән: әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Нұрхан Жанаев

Сабақтың мақсаты: өлең шумақтарындағы ақын ойына қарай тақырып тауып, түсінгендерін ашуға мүмкінлік беру

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау. Өлеңнің мазмұнын аша отырып, мәнерлеп оқуға жаттықтыру

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: шығармашылық қиялы арқылы сезімдері мен ішкі ойларын жеткізу шеберліктерін шыңдау

Тұлғалық нәтиже: ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Еңбек ете білуге баулу

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ.Қызығушылықты ояту

Нақыл сөздердің негізгі ойын анықтау

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі

Ы. Алтынсарин

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады Абай

Шәкірт болып көрмеген ұстаз болып жарытпас Боэций

Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді Т. Фуллер

  • Бүгінгі сабақта кімдер туралы сөйлесеміз?

Ү. Мағынаны тану

Оқушылар өлеңді көз жүгірту арқылы қандай сезіммен оқитынын анықтап алады, мәнерлеп оқиды.

Өз сөзімен мазмұндау

Өлең кімге қаратылып айтылған?

Өлең мазмұнын қандай мақал-мәтелдермен қорытындылар едің?

  1. Ұстаз мейірім мен ана мейірімі− егіз

  2. Ұстазы пейілді болса,

Шәкірті зейінді келеді.

  1. Ұстазы мейірлі, шәкірті пейілді

Сергіту сәті

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Өз пікіріңді дәлелде, қорытынды жаса

Өлеңде қай сезім басым: 1.мақтаныш, мадақ 2.қуаныш, сағыныш

Ізден, сұрастыр, тауып оқы Айға ұшатын баланың өмірін «Мұғалім» өлеңімен байланыстыр. Өлеңнен іздеп тап

ҮІ. Ойтолғау

Мейірімді мұғалімнің қасиеттерін тізіп жаз

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: (26 бет) мәнерлі оқу

Бағалау



© 2010-2022