Ашық сабақ Әдемі құс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әдемі құс

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді түсініп оқи білуге үйрету. Сауатты оқу

дағдыларын жетілдіру. Оқушыларға құстардың

пайдасы туралы мағұлмат беру.

2. Тотықұстың түрі, тіршілігі туралы

білімдерін дамыту, сөздік қорын молайту,

қиялын, ой-өрістерін дамыту;

3. Құстарға қамқор болуға, қорғауға

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, талдау

Сабақтың байланысы: дүниетану, күнделікті өмірмен

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Психологиялық дайындық

  2. Оқу-құралдарын түгелдеу

  3. Назарларын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Оқушылардан «Торғай ағаш қорғайды» өлеңін хормен жатқа сұрау.

  2. Оқушылардан бір-бір шумақтан жатқа сұрау.

  3. Қатар бойынша өлең жолдарын бірінен кейін бірі жатқа айтып жалғастыру.

  4. Суреттерін тексеру

III. Өткен материалды қорыту:

Құстар туралы, қамқорлық туралы мақал-мәтелдер айту.

Сұрақ-жауап:

  • Қамқорлық сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Қамқарлық көрсетіп жүрген жандарды білесіңдер ме?

  • Өздерің адамдарға , құстарға, жан-жануарларға қамқорлық көрсеткен кездерің бар ма?

Сергіту сәті: Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

IV. Мақсат қою кезеңі:

- Олай болса, балалар, құстардың ағаштарға қамқорлық жасағаны жайлы білсек, ал бүгін адамдардың осы құстарға жасаған қомқорлығы жайлы оқитын боламыз. Ол үшін біз танысатын құстың суретін бірінші құрастырып алайық.

(оқушыларға тотықұс суретінің қималарын таратып беру)

Сұрақ-жауап:

  • - Тотықұсты көргендерің бар ма?

  • - Тотықұс туралы не білесіңдер?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

- Әрине бұл тотықұс. Тылсымға толы мына әлемде адамның атқаратын функцияларын жарыса жасайтын тіршілік иелері жоқ емес. Солардың бірі - тотықұстар. Адамша сөйлеп, адамша сайрайтын бұл құстардың өмірі ерекшелікке толы. Ұзақ ғұмырға ие тотықұстардың өмірі кейде 50-60 жылға, кейде 100 жасқа да созылады. Ажалы ерте келген тотықұстардың өзі 20-25 жасты бағындырып кетеді.

- Австралияда тотықұстарға арналған арнайы мектеп бар. Онда құстарды сөйлеуге үйретеді. "Түлектердің" оқу үлгерімдерін бағалай келе, Сиднейдегі тотықұстар мектебінде 1974 жылы оқытушылар 50 "оқушыға" жақсы деген, 20 "оқушыға" қанағаттанарлық деген баға берген. Ал қалған екі тотықұс оқытушылар үйреткен сөздерді "сыныптастарына" қарсы пайдалана отырып, оларды балағаттап, оқу тәртібін бұзғаны үшін екінші жыл оқуға қалдырылған.

Оқулықпен жұмыс:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып беру

  2. Сөздік жұмысын жүргізу

  3. Оқушыларға бөлім бойынша оқыту

  4. Мазмүнын талдау

Тапсырма:

  • Әңгімені аяқта.

Дәптермен жұмыс

  • Құстардың атынан адамдарға арнап хат жазу.

VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу:

Сұрақ-жауап:

  • Мәтіннің тақырыбын ата.

  • Мәтін не туралы?

  • Кейіпкерлерін ата.

  • Мәтіндегі оқиға орны.

  • Мәтін немен аяқталды?

VII. Бекіту кезеңі:

Венн диаграмма

VIII. Үйге тапсырма: Әдемі құс

Бағалау.



© 2010-2022