Тақырыбы: Тіл-ұлттың тірегі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдептілік сабағы

Тақырыбы:Тіл-ұлттың тірегі

Мақсаты:Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін,ынтасын арттыру,ана тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі:түрлі суреттер,нақыл сөздер жазылған плакаттар,бүктемелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Біздің Отанымыз байтақ да бай ел.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Әр халықтың өз ана тілі бар.Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп,бойға дариды.ана сүтімен дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі орындылығында,өрлігінде, орасн зор байлығында.

Жүргізуші:Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты.

Талпынып екі топ шықшы кәне,

Қонақтар қошеметтеп қол соғады.

Жүргізуші:қуан далам!Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы Заңың енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!

Деген едің Тіл бар жерде өмір бар

Халық жауы атандың ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.

Оқушы:Қуан анам!Ұзағынан сүйініп

Сәтің де кеп кеткен кейде түңіліп

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп

Қуан бабам! Туған тілдің киесі

Жебеп сені болғаныңа иесі

Тек мұнымен бітпейтінін ұғамыз

Дүниеде тіршіліктің күресі

Жүргізуші:Қуан халқым!Күшіне енді Тіл заңы,

«Сүйінші»деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілменен

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

5-Оқушы:Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,

Өйткені атаң менен анаң сүйген

Ал мұны біліп қана қойсаң күнә

Мұрат ет жалғастырып балаң сүйген.

Ерлік ,елдік,бірлік,бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең тілім,

Таза терең,өткір күшті кең тілім

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңа тарта аларсың сен,тілім!

Жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз,Талаптыға болсын кез демекші анатілін білу,үйренудің қажеттілігі,маңызы жайлы адамдардың мазмұнды ойларына тоқталайық.Туғантілінмақтан ету,оны таза таза сақтау,оның өрлеп өсе түсуіне еңбек сіңіру әрбір қазақ отбасының тілегі. Сөйлей білу үлкен өнер.Әсем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқу арқылы жатталып ттөселеді.Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің өлшемі болып табылады.

Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке киімім көк ,тамағым тоқ болсын деп қана емес,ұлттық қасиетін,мәдениетін,тілін,дінін сақтау үшін ұмтылады.

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып,өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Өз алдына ел болу,өзінің тілі мен әдебиеті бар елге ғана жарай алады. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту,бүкіл ата бабамызды,тарихымызды ұмыту.

Мақал мәтелдің жалғасын табу.

Ұйқасын тап. Өнер алды қызыл тіл.Тіл тас жармаса бас жарады

Шебердің қолы ортақ

Шешеннің тілі ортақ

Тіл буынсыз ойтүпсіз

Тіл тамған жерден у да тамады.

Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ

Тіліңмен жүгірме ,біліміңмен жүгір

Жақсы бала қуаныш,жаман бала күйініш

Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені

Алтау ала болса ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Қорытындылау: Тіл байлығымыз,тарихымыз,мәдениетіміз.Тіл біздің ұлттық намысымз,арымыз,қорытып айтсақ барымыз.Тіл мерейі ел мерейі.Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!





© 2010-2022