Ашық сабақ: Төрт түліктің кеңесі (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сугралиева Гулбагида Таубаевна,

ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы



Сабақтың атауы

Төрт түліктің кеңесі

Мақсаты

Төрт түлік туралы білімдерін кеңейте отырып,тіршілігімен, қадір-қасиетімен таныстыру.

Оқушыларға мақал-мәтел,жұмбақ шешу арқылы сөздік қорын дамыту. Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.

Төрт түлік туралы білімдерін кеңейтеді, тіршілігімен, қадір-қасиетімен танысады.

Мақал-мәтел,жұмбақ шешу арқылы сөздік қорын дамиды. Төрт түлік малды қадірлеуді үйренеді. Түрлі-түсті үлестірме қағаздар, клей қайшы. А 3, А 4 бетшесі. Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау теңгесі. Қайшы, маркер, кетіргіш. төрт түлік суреттері,тақырыптық суреттер, флепчарт.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал 2 мин

Топқа бөлу, топ басшысымен таныстыру. 1-топ «Құлыншақ» 2-топ «Ботақан» 3-топ «Қошақан» 4-топ «Бұзау» Үй тапсырмасын тексеру. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, өлеңді жатқа айтады. «Қозы».

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Миға шабу. Үй тапсырмасын қорытындылауға ауызша сұрақтар беріледі. 1.Ертегілердің түрлерін ата. 2. Шыншыл ертегілер тобына жататын мәтінді ата. 3. Қиял-ғажайыпертегілер тобына жататын мәтін тобын ата. 4. Жан-жануарлар жқнінде әңгімеленген ертегіні ата. 5. «Ұрлық түбі - қорлық» деген мақалдың қай ертегідегі оқиғаға қатысты. 6.Қойдың төлін қалай атайды? 7. Қойдың сүтінен жасалатын заттарды атаңдар. 8. Қойдың жүнінен жасалатын заттар тобын ата. 9. Қойдың терісінен жасалатын заттар тобын ата.

Оқушылар жасырын кілттің ішіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, сөз шығарады.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ассоциация

«Төрт түлік»

Төрт түлікСТО модуль: «Ой қозғау» әдісі

Төрт түлікке нелер жатқызатынымызды білу үшін әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топқа Puzzel әдісі бойыша «Қиылған суреттерді құрастыру»(қой) 2-топқа жұмбақ жасыру; Иір-иір денесі, Сахараның кемесі Ащы шөптер - тамағы, Шөлге шыдап бағады. (Түйе) 3-топқа малдың дыбыстауын табу.(жылқы) 4-топ Ребус шешу (сиыр) Жаңа сабақ.

Түсіндіру Балалар біз мына суреттегі малдарды бір сөзбен қалай атауға болады? Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Төрт түліктің кеңесі» деп аталады. -Балалар кеңесу деген сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың пікірлері) 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі Төрт түлік дегеніміз - олар үй жануарлары. Төрт түлік малдар: жылқы, түйе, сиыр, қой,ешкі. Ешкі мен қой басқа малға қарағанда кіші мал болғандықтан оларды біріктіріп айтуға болады. Үш мал ірі қара малдар (түйе, жылқы, сиыр). Бәрін қосып төрт түлік мал деп атаған. Әрқайсысының өздерінің иелері, аталары бар. Оларды баптап баққан. Оқулықпен жұмыс: «Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісіарқылы оқу . Рөлге бөліп ойнау.

«Кеңес» деген сөзді қалай түсінеміз?

КЕҢЕС- ақылдасу, кеңесу, талқылау деген мағынаны білдіреді.

-Кеңес деген сөзде неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар?

Сергіту сәті

«Қошақаным» әні

Өлеңді сазымен айту.

Ой толғаныс

Бүгін қандай үй жануарлары туралы оқыдық?
Шығармашылық тапсырма (постер қорғау) 1-топ «Құлыншақ» Жылқы малының пайдасы 2-топ «Ботақан» Түйе малының пайдасы 3-топ «Қошақан» Қой, ешкі малының пайдасы 4-топ «Бұзау» Сиыр малының пайдасы

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма:
1. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

Төрт түлік туралы тыйым сөздер жазып келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022