Ана тілі. 1 сынып Үш би

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  • 0

Сабақтың тақырыбы: Үш би.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға би, шешен сөздерін жан жақты, ауқым түрде меңгерту, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу,
Тәрбиелік: Жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, әңгіме әдістері.
Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бүктеме, суреттер, суретті сызба, тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Психологиялық дайындық кезеңі
1 2 3 4 5
- Балалар, мен тақтаға нелерді жаздым? (сандар, цифрлар)
Дұрыс айтасыңдар, бұлар - сандар (цифрлар). Бұл цифрлардың біз үшін маңызы не?(Бұлар - бағалар)
- Қанадай баға жақсы? Бағалардың қасиетін білеміз бе?


«Бір»дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі»дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
«Үш»дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт»дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес»дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.


- Өте жақсы, балалар, олай болса, бәріміз сабаққа белсенді қатысайық.
III. Білімдерін жан - жақты тексеру кезеңі
Топтастыру әдісі.
- Балалар, суретті сызбаға қараймыз. Гүлдің суретіне қатысты сұрақтар
қойып, топтастыру.
Не?(гүл) Қандай? (ақ, әдемі)
Нешеу? (бір)
Ережелерді айтқызу, мысалдар келтіру.
Оқулықпен жұмыс.
136 - жаттығу. Берілген сандарды сөзбен жазу.
11, 12, 13, 14. (3оқушы тақтаға жазады, қалғандары дәптерге орындайды)
- Балалар, бұлар қандай сандар?
- Екі таңбалы сандар қалай жазылады?
- Қалай сұрақ қоямыз?
137 - жаттығу. Сұрақтарға жауап беру. (ауызша орындалады)
- Атың кім?
- Неше жастасың?
- Қай сыныпта оқисың?
- Балаларға қай сұрағын тағы қандай сұрақпен алмастыруға болады?
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
IV Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту кезеңі.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Үш би.
Мағынаны тану кезеңі (тақырыппен жұмыс)
- Балалар, би, шешен деген сөздерді естігендерің бар ма? Мағынасын қалай түсінесіңдер?
(Оқушылардың ой пікірін тыңдап, толықтырып, жан жақты мағлұмат беру)
- Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі - шешенд3к - нер7 шешен деп - алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады. Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген. Ел аузында:
Төле тауып айтады,
Қазыбек қазып айтады,
Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би - ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би - шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігімен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де - халық қамын ойлаған кісі болған.
Оқулықтағы Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқыту. Мәнін түсіндіру.
- Балалар, өздерің ататектеріңді білесіңдер ме? Қай рудан шыққандығын, қай жүзге жататынын сұрау.
- Төле би Ұлы жүзді, Қазыбек би Орта жүзді, Әйтеке би Кіші жүзді басқарған.
Ой толғаныс кезеңі
Sinkuein (бес жолды өлең)
Төле биден - Ұлы жүз,
Бірінші жолын айтып беру, ары қарай ұйқастар құрау арқылы жалғастыру.
Қазыбектен - Орта жүз,
Әйтекеден - Кіші жүз
Бабалар салған асыл із.
V Сабақтың қорытындысы.
«Бәйтерекке көмектес» ойыны
- Балалар, қазір қай мезгіл? Көктем мезгілінде тіршілік жасыл түске енеді, ал мына бәйтеректің жапырақтары әлі сарғайып тұр. Бәйтеректі жасыл түске жайқалтуға білімдерің жете ме көрейік.(әр жапырақтағы сұрақтарға жауап беру)


1. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
2.«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
3.«Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы кім?
4. Бес асыл қасиеттерді ата
5. Бес дұшпанды ата
6.«Өнерлі жігіт» әңгімесі кім жайлы?
7. Ойыншық, бауырмал, қоңырау сөздерін буынға бөл
8. Оқу, білім туралы мақал айту

.Үйге тапсырма:
138 - жаттығу. көп нүктенің орнына нешінші күн екенін жазу.
«Үш би» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу. Мақалды жаттау.
Бағалау.




Үш би.

Заттың санын білдіретін сөздер

Ана тілі. 1 сынып



Ана тілі. 1 сынып Үш би

© 2010-2022