А звук и буква

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақыры:А дыбысы және әріпі.

Сабақтың мақсаты:

1)Балаларға өткен сабақты еске түсіндіре отырып, "А "дыбысымен таныстыру. 2)Дидактикалық материялдар арқылы балаларды,еске сақтау,ойлау,сөйлеу дағдыларын дамыту.

3)Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: "А"дыбысының баспа түрі,текшелер,алма,алмұрттың суреттері.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай ай ?

Балалар,біз сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсірейікші.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-Ал әріп дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау

-Әріпті көреміз,жазамыз,оқи аламыз.

-Ал,балалар мен сендерге қазір жүмбақ жасырамын.

Барда бар,жоқта жоқ,

Алда бар,бер де жоқ. Жауабы:(А)

-Мынау ненің суреті?

-Алмұрт деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

-"А" дыбысы дауысты дыбыс па,дауыссыз дыбыс па?

-Неліктен дауысты.

-Ал осы алмұрт сөзін қандай текшелермен жазуға болады?

"А" дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

"А" дыбысын ауада жазып көрсету.

Қане,балалар ,барлығымыз бірігіп "А" дыбысын ауада жазып көрейікші."Кім жылдам ?" ойынын ойнату.

-"А" дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам әрі көп тауып айтады.

Алмұрт,айна,алша,анар,ананас.Өте жақсы,балалар.Енді осы тапқан сөздеріңді барлығымыз бірге буынға бөліп айтып көрейікші.

Шапалақ арқылы буынға бөлгізу.

-Балалар,"А" дыбысынан басталатын тақпақты кім біледі?

Мысалы міне мынадай.

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

Екі,үш балаға тақпақ айтқызу.

Сергіту жаттығуын жасату.

Тербеледі ағаштар,

Бетімнен жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-Ал,балалар қазір дәптерлеріңізді алып,үлгіге қарап сызықтарды қосып "А" әріпінің баспа түрін жазамыз.Балалар түгел жазып болған соң ,"А" дыбысын есте сақтау үшін,осы дыбыстан басталатын заттардың суретін көрсетіп,қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.

Қорытынды бөлім:

-Балалар,біз бүгін қай дыбыспен таныстық?

-"А"дыбысы қандай дыбыстан екен?

-Осы "А" дыбысына байланысты сөздерді айтып жіберіңіздерші. Баларды мадақтап,мақтай отырып сабақты аяқтау.

© 2010-2022