Тәрбие сагаты: Жарасымды отбасы 3класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткізілу түрі: сайыс

Тақырыбы: «Жарасымды отбасы.»
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту, олардың өз ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың көне сөздері және ырым-тыйым сөздері жайында мағлұмат беру. Ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген түсінушілік көз қарастарын кеңейту.
Көрнекті құралдар : Сиқырлы қоржын, асықтар, конверттер, қағаз, қайшы, желм, түрлі-түсті қағаздар, әр түрлі табиғи материалдар, қыл-қалам, картон, салфетка, сыйлықтар т.б.
Әдіс-тәсіл : Сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы : Ата-аналармен таныстыру:
1. Иранбек отбасы;
2. отбасы;
3 отбасы;
4. отбасы;
Жүргізуші : Бар асылын халықтың
Құйған сана ойыңа
Тұған тілім өркенде
Қалаберші күшті көркемде.
«Тәрбие басы отбасынан басталады» деген, бүгінгі «Жарасымды отбасы» атты сайысымызды бастайық.
Жүргізуші : Енді, осы сайыскерлерге сараптап, әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1.Бастауыш сынып мұғалімі- Утепова Динаш Қайдаровна

2. Бастауыш сынып мұғалімі- Шамиганова Алмагүл Манаповна
Сіздерге осы сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру
2. Балаларға сұрақтар
3. Ата-аналарға сұрақтар
4. Өз өнерлерін көрсету
5. Мақал-мәтелдер
6. Шеберхана
7. Жұмбақтар
8. Ойын
Жүргізуші : ата-аналар мына жерден бір-бірден нөмір алыңыздар. Сосын ретпен кім бірінші сол кісі бастайды. Әрі қарай жалғастыра бересіздер.
Бірінші сайыс: Таныстыру (Әр отбасы өздерін өтеді).
Екінші сайыс: Балаларға сұрақтар (Қаржыдан асықтар алып ондағы нөмірлерге байланысты сұрақтар беріледі).
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. Қандай үй жануарларын білесіндер?
3. Бір жылда неше ай бар, атап бер?
4. Қандай ұлттық ойындарды білесін?
5. Алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?
6. Тыйым сөздер?
Үшінші сайыс: Ата-аналарға сұрақтар. Конверттер тандап алып, оның ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Жеті қазынаны ата?
2. Жеті атаны ата?
2. Киіз үйдін түрлері?
1. Ұлттық музыкалық аспаптарды атаңыз?
2. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз?
1. Зергерлік бұйымдар?
2. Бесік қандай бөліктерден тұратынын атаңыз?
1. Қазақша жыл аттарын санау.
2. Наурыз көже қкалай жасалады?
1. Мұсылманның бес парызын атаңыз?
Төртінші сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы.
Жүргізуші: Мен, қазір бір жолын айтамын, Сіздер әрі қарай жалғастырасыздар.
1. Өнер он іспен тең
Өнерпаз он кісімен тең.
2. Ақылдан асқан байлық жоқ
Кітаптан асқан қазын жоқ.
Еңбек етсен ерінбей
Тояды қарнын тіленбей.
3. Әзілін жарасса атаңмен ойна.
4. Сөз тапқанға, қолға жоқ.
5. Сәбидін тілегі қабыл,
Атаның батасы қабыл.
6. Ұлт қасиеті - тілінде, Құс қасиеті - қанатында.
7. Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Бесінші сайыс: Өнер көрсету.
Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі, өнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр, сонша қауым.
Би билеп, ән салып бер енді. - демекші, ендігі кезекті өнерге береміз. (Әр бір отбасы өз өнерлерін көрсетеді).
Алтыншы сайыс: Шеберхана
Жүргізуші: Әркімге керек қол өнер,
Он саусағынан он өнер.
Түгел болар дүниең,
Біліп алсаң оны егер.
Келесі кезекті қол өнерге береміз (7 минутта әр түрлі заттар жасау).
Жетінші сайыс: Жұмбақ сайысы.
Жүргізуші: Ойнайықта, ойлайық қандай жұмбақ болсада шешпей оны қоймайық.
1. Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)
2. Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
3. Бір көрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-үйқыш
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жинағанда бәрақ уыс. (Киіз үй)
4. Қолы бар, саусағы жоқ,
Мойыны бар, басы жоқ.
5. Әжем уыстап сығып кептірген,
Қатты, әрі тәтті делік,
Кім бар жеп көрген? (Құрт)
6. Ұшады қанастыз, зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
7. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза, жаза арықтаған. (Бор)
8. Жазу үшін соған, қажет қағаз. (Қалам)
9. Бір нәрсе өзі жансыз, іші талпақ,
Бір қолы шекесінде шыпамактап,
Бір мұрны, бір ауызы бар, бәр қалпағы,
Өзінің аяғы жоқ табаны жалпақ. (Шәйнек)
10. Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Жүргізуші: Енді әділ-қазылар сіздердің ұпайларыңызды, есептеп, санағанша біз сіздермен ойын ойнайық.
Ойын: «Жыланның құйрығын басып кетпе».
Жүргізуші: «Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар»- демекші, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Өнерлі отбасы, өнегелі отбасы. Шебер отбасы, білімді отбасы деңгейі бойынша сыйлықтармен марапатталады.



© 2010-2022