Біз тазалықты жақсы көреміз

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біз тазалықты жақсы көреміз





Өткізген: Сайым С Қ

Тақырыбы:Біз тазалықты жақсы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың гигиеналық талаптарды орындауға, денсаулығын күте білуге үйрету. 2030 - бағдарламасы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер: топпен жұмыс, сұрақ жауап, топтастыру, ойындар.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
І топ - Тазалық.
ІІ топ - Денсаулық.
ІІІ топ - Байлық.
Әр топ өз аттарын қорғау керек. Ол үшін өз аттары туралы ойларын топтастыру. Әр топ өздері жазған топтамаларды қорғайды.
ІІ бөлім. Әдеби - музыкалық монтаж.
Ақтоты:
Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар.
Денсаулық зор байлық,
Жансаулық мол байлық.

Қайырбек:
2030 дың барысымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімді көркейтетін,
Табиғатты қорғау парызымыз.

Мөлдір:
Денсаулықты нығайту басты мақсат,
Қорғаймыз үлкен кіші денсаулығын,
Бұл біздің халық үшін игі ісіміз,
Әрқашан алға басып қадамымыз,
Жақсылық болсын біздің ұранымыз.
Бағдарламада адам денсаулығын сақтауға аса мән берілген.
«Дені саудың жаны сау» денсаулық туралы мақалдар айту.
Арман: «Денсаулық байлықтан қымбат».
Гүлдана: «Дені сау болса, жарлымын деме.
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме».
Ерасыл: «Тамақтың түрі көп, ал денсаулық біреу».
Ислам: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».
Шымырлық шынығудан.
Спорттық ойын да
Күш берер бойыңа,
Спортта ем болар
Жаттықсаң ем қонар.
Адам өмірінде спорттың маңызы ерекше. Спортпен айналысқан адам ауырмайды.
«Кім тапқыр» ойыны.
Зиянды (арақ, темекі, кәмпит, наша т. б.), пайдалы (қызылша, алма, өрік, жүзім), байлық (машина, ақша, үй, денсаулық).
Сөздерді тауып, топтастыру. Өз ойларын айту.
Ән: «Бұл не?» хор.
«Тазалық саулық негізі» тақырыбына жазған шығармаларын оқу.
Жұмбақтар шешу.

«Не жедің?» көрініс.
ІІІ бөлім. Бекіту.
І топ: Неліктен жеміс - жидектерді жер алдында ата аналары мен үлкендер «жуып же» дейді?
ІІ топ: Сенің ойыңша тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
ІІІ топ: «Тазалық денсаулық негізі, денсаулық байлық негізі» дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?
Хор: «Ел қорғауға әзірміз».



© 2010-2022