Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 11.04.2014 ж

Сабақтың тақырыбы: «Көксерек» Мұхтар Әуезов.

Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі туралы толық мағлұмат беру және әңімені талдау.

Міндеттері:

1.Білімділік: Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, өз беттерінше ізденуге, өз ойын тұжырымдай білуге, тиімді шешім табуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Ізгілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, мейірімділікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір білдіру, хат жазу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың көрнекілігі: видео, дидактикалық материалдар, гүл шоғы, слайд.

Күтілетін нәтиже:

-Ақын туралы мәлімет алады.

-Көксеректің ауылдағы және түздегі мінез-құлқын біледі.

-Табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес екендігін түсінеді.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

"Гүл шоғы" тренингі

Топқа бөлу.

Күлекештермен топқа бөлу

ә) "Алтын ереже" әдісі арқылы сабақтың ережесімен таныстыру.

1-ереже. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.

2-ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз.

3-ереже. Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз.

4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

"Автор орындық" әдісі.

«Болашақ сақшы» өлеңін жатқа айтады.

-Өлеңдегі жас ұланның мақсаты қандай?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

«Мен болашақ сақшымын» тақырыбында эсселерін оқиды.

ІV Қызығушылықты таныту.

-Мұхтар Әуезов туралы не білесің?

Топтастыру.

Ашық сабақАшық сабақ

Ашық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақ Ашық сабақ

Ашық сабақАшық сабақ

Мұхтар Әуезовтың өмірбаянымен таныстыру.

Мұхтар Әуезов-ұлы жазушы, драматург, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Атасы Әуез ұлы ақын Абайдың адал досы болған. Жазушының «Абай жолы» шығармасы-дүнежүзіне тараған ұлы еңбек.

"Миға шабуыл".

Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңдар.

"Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты мекені, алтын ұя, тал бесігі". Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Табиғат дегеніміз не?

Ашық сабаққоршаған орта

ТАшық сабақабиғат

халық қазынасы

Ал, табиғатқа шабуыл жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Олай болса бүгінгі әңгімеміз бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін "Көксерек" әңгімесі және оның іс-әрекеті турасында болмақ.

Видео. "Көксерек" фильмінен үзінді көрсету.

V Мағынаны тану

"Жигсо" әдісі

  1. Мәтінді түсініп оқу.

INSERT әдісі

  1. Сөздікпен жұмыс жүргізу

Қырыс- қырсық мінезді.

Тағы - жабайы.

Топтық жұмыс.

"Арнау сөз".

1-топ. Кейіпкерлерге хат жазу.

1- оқушы: Жазушыға хат

2- оқушы: Құрмашқа хат

3- оқушы : Ауыл -үйдің әйелдеріне

2-топ. "Пікір білдіру". Жақтаушы топ.

Жақтаушы топбасшысы:

Қасқырдың жақсы қасиеттерін айтып жақтайды.

3-топ. Даттаушы топ.

Даттаушы топбасшысы:

Қасқырдың жаман қасиеттерін, оның адамға, табиғатқа зияны бар екендігі туралы айтып даттайды.

4-топ. "Ізденіс жұмыс".

Авторы

Кейіпкерлер

Оқиға немен аяқталды

Өзің түйген ойың


VІ Ой толғаныс

Рефлексия

( Оқушылардың ойлары әртүрлі болуы мүмкін)

Адам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдік.

Мейірімділік көрмеген жыртқыш.

Құрмаштың іс-әрекет т. б.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар

ҚасқырдыңАшық сабақАшық сабақ

Сипаты

Қасиеті

Венн диаграммасы

Түз тағысы мен үй жануарларының қылықтарын салыстыру.

Ашық сабақАшық сабақ

YІІ Сабақты бекіту

Пысықтау сұрақтарымен бекіту

- Неге Құрмаш Көксерекке бауыр басып қалды?

- Қасқыр мен адамның іс-әрекетінде ұқсастық бар ма?

- Көксеректі ауыл адамдары неге ұнатпады?

Сабақтың бұл кезеңінде «Бес жолды өлең» стратегиясын қолдануға болады. Бұл арқылы пәнаралық байланысты да іске асыруға мүмкіндік бар. Бұл өлеңнің жазылу ережесі бойынша әр жолдағы сөз санының сақталуы керек және әр жолдың өз қызметі бар.

1-жолда -өлең тақырыба, (негізінен зат есім);

2-жолда- тақырыпқа сипаттама (екі сын есім);

3-жолда-әрекет (тақырыпқа қатысы бар үш етістік); 4-жолда- сезім (тақырыпқа автордың қарым-қатынасын білдіретін төрт сөз);

5-жолда-бірінші жолдың синонимі (көбінесе зат есімнің).

Енді осы стратегияны өлеңге қолданып көрейік:

1-жол. Көксерек

2-жол. Аянышты, қорғансыз.

3-жол. Қорғанады, сағынады, ұрлайды.

4-жол. Сағынады бауырларын, улиды.

5-жол.Бөлтірік.

YII Үйге тапсырма беру Мәтінді оқу. Эссе жазу «Түз тағысы»

YIII Оқушыларды бағалау



© 2010-2022