Открытый урок («Ата-аналарымыздың мамандығы» 2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Пәні:Дүниетану

Сынып: 2

Уақыты: 29.09.2015

Сабақтың тақырыбы:

«Ата-аналарымыздың мамандығы»

Мақсаты:

Еліміз үшін мамандықтың бәрі де маңызды екенін анықтау.

Міндеттері:

1.Сыни тұрғысынан ойлау арқылы, еліміздегі мамандықтардың барлығы да қажетті екендігін түсінеді.

2.Ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімелей алады.

3. Мамандықтарды салыстыру арқылы ерекшеліктерін біледі.

4. Бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Мамандықтардың түрлерін анықтай алады.

  • Мәнерлеп оқи отырып, талдайды, жаңа сөздерді меңгереді.

  • Мамандықтардың маңыздылығына баға бере алады.

Сабақтың әдісі:

Модульдер:

Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,түртіп алу әдісі,

  • «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»

  • «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

  • «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

  • «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану»

  • «Талантты және дарынды балаларды оқыту»

  • «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу»

  • «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Стартегиялық әдіс-тәсілдер:

Шаттық шеңбері «Ризамын», «топқа бөлу», «Сен маған, мен саған», «Ассоцация», сергіту сәті «Сиқырлы шляпа», «Өз орнын тап!» сәйкестендіру, , тілек «Орныңды тап та, бар қалан».

Негізгі дереккөздер мен құралдар:

Оқулық, сынып, флипчарт, маркер, дәптер, қалам, тақта,бор, слайд, смайликтер, шляпа, қима суреттер.

Бағалау :

«смайлик», ауызша бағалау, «шапалақ», мадақтау.

Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

Ресурстар: осы іс-әрекеттер үшін маған қандай құралдар қажет?

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері «Ризамын». Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру мақсатында балаларды шеңберге тұрғызамын да «Ризамын» әнін айтқызамын.

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Сен маған, мен саған»стратегиясы бойынша үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар өзара сұрақ қоя отырып допты лақтырады, допты ұстаған оқушы жауап береді.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, музыкаға қосылып ән айтады.



Сұрақты доп ұстаған оқушы қояды. Жауап берген оқушы допты келесі оқушыға лақтырады. 3-4 оқушы жалғастырады.

Керемет!

Өте жақсы!

Көңіл күйлерің жақсы ма?



Тамаша, керемет!

Интертақтадан әннің сөзі, музыка



допТұсаукесер

Топқа бөлу

«Мұғалімдер», «Дәрігерлер», «Құрылысшылар», «Әншілер» суреттер қимасын оқушыларға таңдату арқылы топқа бөлемін.

Оқушылар таңдап алған суреттер қималарына байланысты топқа бөлініп отырады. Оқушылар 5-6 дан 4 топқа бөлінеді.

Тамаша, керемет!

Жарайсың!

Мамандықтарға байланысты суреттер қимасы.

Тұсаукесер

Қызығушылықтарын ояту кезеңі

«Ассоциация»стратегиясы. Сыни тұрғыдан ойландыра отырып, сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында

оқушыларға

  1. «Мамандық» сөзі нені елестетеді?

Ментальды карта беріледі.

2.Түрткі сұрақ, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтар әр топқа қоямын. Мысалы: * Ата-аналарың, аға-әпкелеріңнің мамандығын білесіңдер ме?

* Өздерің қандай мамандықты жақсы көресіңдер?

* Мамандықтың өмірде пайдасы бар ма? Мысал келтіре аласың ба?

--Олай болса, бүгін біз адамзаттың жақсы өмір сүруіне пайдасын тигізетін мамандықтармен танысамыз,-деп сабақтың тақырыбын интербелсенді тақтадан таныстырамын.

Оқушылар берілген сұрақтарға білімдеріне сүйене отырып, не білетінін ортаға салады, өз ойларын айта отыра ментальді картаны қорғайды.





Сабақ тақырыбымен танысады.

Тақырыбы: «Ата-аналарымыздың мамандығы»

Керемет!

Жарайсыңдар!

Білетіндеріңді білгенмін.

Қошемет көрсетейік!

Смайлик беріледі.





Керемет!

Тамаша!

Сендер кереметсіңдер!

Смайликтер

Фостер , фломастер





Интербелсенді

тақтада мәтіннің тақырыбы көрсетіледі.

Негізгі бөлім

Мағынаны тану сатысы

Жаңа білімді меңгерту үшін оқушыларға мәтінді оқып беремін. Сосын 4-5 оқушыға тізбектетіп оқытамын.

Тақтада сөздік жұмыс жүргіземін. Алдымен оқушыларға сұрақ қоямын. Толықтырып, түсіндіріп кетемін.

Мұнда: * жақсы тұрмыс -жақсы өмір сүру.

*мамандықтар әулеті - ата-бабасынан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан кәсіп (мамандық)

Мамандық әулетіне байланысты видеороликпен таныстырамын.

*Сендердің ата-аналарың не үшін жұмыс істейді?

*Сенің отбасыңда мамандық әулеті бар ма? Сен жалғастырғың келе ме? Сұрақ қойылады.

Оқушылар оқулықтан тізбектеп оқиды.

Талдайды.

Сұраққа-жауап береді.

Таныс емес сөздермен танысады.



Оқушылар бейнероликті тамашалайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Керемет!

Тамаша!





Керемет!

Тамаша!

Смайлик





Интербелсенді тақтадан видеоролик тамашалайды.

Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» Ойыны. Мамандықтардың суреті көрсетіледі. Оны оқушы сипаттап, қандай мамандық екенін табады.

Сипаттаған суреттен қандай мамандық екенін оқушылар таба отырып, бой сергітеді.

Керемет!

Тамаша!

Интертақтамен жұмыс

Жалғастыр ойыны. «Мықты мамандық болу үшін.....» сөйлемді жалғастыруын өтінемін. Сөйлем тақтада жазылады.

Оқушылар бір-бір сөзден тізбектеп жазады. (білімді, тәртіпті, денсаулығы мықты, саналы т.б. болу керек)

Керемет!

Тамаша!

Интертақта, арнайы қалам

Қорытынды

Ой толғаныс сатысы

«Кім болғым келеді?» тақырыбына эссе жазуларын сұраймын.

*В,С тобы оқушыларын сөйлету мақсатында орындықтарына стикер жапсырып кетемін.

Оқушылар эссе жазады.

Орындықтарында стикері бар В,С оқушылары жазғандарын оқиды.

Керемет!

Тамаша!

рефлексия

«Орныңды тап та, бар қалан!» болашақта қандай мамандық иегері болғың келеді? Отанымыздың көркеюіне қандай үлес қосасыңдар? Алдарындағы жүрекше стикерге жазып Қазақстанның картасына ілулерін өтінемін.

Оқушылар өз ойларын, пікірін жазып, кезек - кезек оқып іледі.

Керемет!

Тамаша!

Қазақстан картасы, жүрекше стикерлер

Үйге тапсырма

Оқулықтың 12,13 беттерін түсініп оқу.

Бағалау

Сабақтан алған әсерлерін бармақпен бағалауын өтінемін.

Ауызша мадақтаймын.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша өзара бағалайды.

Сабақтан алған көңіл күйлерін бармақпен бағалайды.


Бағалау парақшасы

Топтың аты:

Топ мүшелері:

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

Жалпы бағасы

1.

2.

3.

4.

5.


© 2010-2022