БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

«Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

(Л. С. Выготский)

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында[1] «Білім беру жүйесінің басты міндеті -ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу ,білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан ары дамыту көзделген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Жеке тұлғаны дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етеді.Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, сонда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамссыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.

Бастауыш мектепте қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда, іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің иновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар иновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.


Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;
5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады;
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады;


Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған [2] «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.[3] Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі - сыни тұрғысынан ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.Бұл әдістің тиімділігі сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс барысында тез шешім қабылдауға, логикалық ойлауға, тақырып аясында өз ойларын дамытуға дағдыланыды. Мысалы мен өзімнің тәжірибемнен айтар болсам, 2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен Т.Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» тақырыбында өткен сабақ барысында оқушыларым топтық жұмыс жасағанда, аталған технологияның инсерт , болжау, миға шабуыл әдістерін сәтті пайдалана білді.

Білім беру жүйесіне жаңа инновциялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың

Мен оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясын өз іс-тәжербиеме енгізуді 3-ші сыныптың Дүниетану пәні бойынша «Модуль» құрудан бастадым.Модуль дегеніміз бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау үш қорытынды сабақпен аяқталады.

  1. Өзіндік жұмыс

  2. Коррекциялық жұмыс

  3. Бақылау жұмысы

3 сынып Дүниетану пәнінен интерактивті тақтамен «Майда тау жыныстары» тақырыбын осы технология бойынша өткіздім. Сабақтың І-ші кезеңінде оқушылардың тау жыныстары туралы білімдерін еске түсіріп, проблемалық оқыту әдісін іске асырдым. Аталған технология жағдайында белсенді қызметті оқушы атқарады, оқушыны оқытпайды, ол өзі оқиды. Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. ІІ-ші кезеңінде жаңа білімді меңгеруге дайындық жұмыстарынан соң, оқушыларға мәтінді өздігінен оқып, негізгі ойды дәптерге жазуды тапсырып, мәтінмен жұмысты «Мені түсін» әдісі бойынша ұйымдастырдым. Оқушылар осы кезеңде топтық жұмыс үстінде бірін-бірі жақсы зерттеп, өз-ара адал қызмет етуге ұмтылды, бейімделді, дискуссия барысында тілдері дамыды, нашар оқитын оқушылардың жолдастарының алдында жауапкершілігі арта бастады.

Сонымен қатар бастауыш мектепте ақпараттандыру мәселесін зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, бастауыш мектепте ақпараттандырудың міндеттерін шешуде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қабылданудың төмендегі бағыттарына сүйену керек.

1)оқу процесінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану

2)бастауыш мектептерде электрондық оқулықтарды оқыту.

3) кәсіби - педагогикалық іс-әрекетті қамтамасыз ету.

4) оқу -тәрбие процесін басқару

Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиялар төмендегі бағытта қолданыла алады:

  • балалар мен педагогтарды зерттеу пәні, соған сәйкес бастауыш мектептегі информатика және ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің мазмұны арнаулы компьютерде өз бетімен жұмыс істеуді жетіп меңгертуге құрылуы тиіс.

  • мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі - әдістемелік құрал дайындау, оқушылардың өткен материалды меңгеруін тексеру.

  • шығармашылық елестету, жағдайға байланысты тез шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану қабілеттерін дамытып, қалыптастыру үшін бастауыш сынып оқушылары үшін интеллектуалды дамыту туралы,

  • ақпаратты алу және құрбыларымен,әріптестерімен Интернет арқылы қарым-қатынас жасау көзі;

2.Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программалардағы ойындық және оқу тапсырмаларының вориативтілігі оқушының жұмыс істеріне игі әсерін тигізеді;

3.Компьютерлік программада,электронды оқулықта берілген ойындық,оқу тапсырмалары проблемалық ситуация оқушылардың көңіл-күйіне,ынтасына әсер етумен қатар олардың шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігіне кешенді түрде ықпал етеді

4.Оқушылардың жаңа материалды,жаңа техниканы меңгеру деңгейін және олардың жеке қабілеттерін,қабылдау темпін,қызығушылықтарын,ынталарын есепке ала отырып,ұйымдастыру барысында оқытудың жеке әдістері мен формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өйткені қазіргі ақпараттық технологиялар ұжымдық іс-әрекетіне құрылған оқу тәрбие үрдісінде жеке оқыту түрін ұйымдастыруға бағытталған.

Компьютер оқушылардың өздік жұмысын тез және қарқынды түрде ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен, Microsoft Word мәтін редакторында оқушыларға әр түрлі жазбаша тақырыптарды өз бетінше орындауға мүмкіндігін пайдаланып, мәтіннен ең негізгілерін тауып алуға үйренеді және осы жинақталған ақпараттарды пайдалану арқылы, қысқа жинақталған дәрістік жазып шыға алады. Бірақ, бұл жазба жұмыстарын толық компьютерде орындату дегенді білдірмейді, тек баланы ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді меңзейді.

Мысалы, екінші сыныпта Ана тілінен «Бала Абай» сегізінші тақырыбын электронды оқулықтың көмегімен өте қызықты өткізуге болатынына көзім жетті.

1-тапсырма Абай туралы өз ойларын компьютерде топтастыру:

ұБАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІБАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІлы ақын

композитор

аудармашы

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

АБАЙ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

ағартушы

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІБАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІБАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

ғұлама

жазушы

кемеңгер


Сонымен қатар оқушылар өздері білетін Абайдың өлеңдерін жатқа айту.

2-тапсырма «Бала Абай» мәтінін өздігінен зерделей оқу.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

3-тапсырма «Абайдың балалық шағы» деген тақырыпта шағын шығарма жазу. Осындай тапсырмалар желісінде берілген сабағым оқушының өздігінен білім алуына, жүйелі және қисынды атауына ықпал етті.

Ақпараттық технологиялар балалардың шығармашылығын арттыруда да ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының әдеби шығармашылықтарын арттыру мақсатында «Менің алғашқы қол жазбам», «Менің жанұям», «Балалық шақ» т.б.жобаларға қатынасуды ұсынуға болады, балалар мектепке дейінгі өмірі, отбасы туралы әңгіме жазады, әр түрлі жұмбақтар құрастырады.

Сонымен бірге оқушыларға шығармашылық ойын түрлерін құруға тапсырма беруге болады. Оған біршама уақыт беру қажет, себебі оқушы алдына қойған жұмысты шешу үшін жан-жақты ізденеді, отбасымен ақылдасады, әртүрлі әдебиеттерді қарастырады, сыныптастарымен, мұғаліммен ақылдасады.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізетін жаңа әдістің бірі-интерактивтік тақтаны қолдану, ол сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізеді.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті тақта, оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.
Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал - жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу технологиясындағы автономды түрде меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік береді.
Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушаларға естіртуге болады мысалы: құстардың үнін, судың дыбысын т.б.түрлерін жасауға мүмкіндіктер болады.

Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" -деп Б.Момышұлының сөзімен аяқтаймын.

Әдебиеттер

1. А. Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. "Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру": Алматы-1975, 6-47 б ет

2. Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 1987, 6-12 бет

3. Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде үргізілетін тіл дамыту жұмытарының әдістемесі.- Алматы.- 1994.- 3-9 бет

4. Молдатаева М. Тілді дамыта оқыту: Бастауыш мектеп:- 2000, №3-4-9 бет

5. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Ана тілі.- 1995.- №5.- 54-59 бет

6. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана: Елорда, 2014. - 23-б.

7. Қалым Г.М.. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар // Педагогикалық

альманах, 2011. - 1.

8. Түсіпова А. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы. - Қазақстан

мектебі, 2004. - №7.




© 2010-2022