Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: 1 Жалаң және жайылма сөйлемдермен таныстыра отырып, сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау.

2. Қазақ тілінің тіл байлығы арқылы оқушының тілін оқу дағдысын дамыта отырып, сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

3.Табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ .
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық- ертегі сабақ.

Сабақтағы көрнекі құралдар:Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет. Жасалған құстардың суреті. Жеке оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер.

Сабақтағы жаңа технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны тану

  3. Ой толғаныс

  4. Венн диаграммасы

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Қазақ тілім -өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақын, жазушыларымыздың тілі-қазақ тілі сабағы. Ал ендеше біз қазақ тілі оқулығын алайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар қоя отырып үй тапсырмасын пысықтау .

1. Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

3.Бастауыш дегеніміз не?

4. Баяндауыш дегеніміз не?

5. Сөз таптарын ата:

3. Жаңа сабақ.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы - Жалаң және жайылма сөйлем.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.Боран соқты.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атаймыз.Екі күн қатарынан боран соқты.

Балалар бәріміз дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазып түзеліп отырайық.

1.Көркем жазу минутын өткіземіз.

1-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.

МЖалаң және жайылма сөйлемұз қатты. Өзенге мұз қатты.

Есік ашылды. Есік айқара ашылды.

Бұлбұл сайрады. Бақта бұлбұл сайрады.

Жазушы жазды Жазушы қызықты әңгіме жазды.

Қызығушылықты ояту:

Балалар бүгін біз қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабағын өтеміз.

Бүгінгі өткен сабақты тиянақтаймыз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Иә.

Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да айналаны қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге бүгін біз де сөйлейміз, пікірлесеміз, бір- бірімізге көмектесеміз.

Ерте - ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп, 40-та кемеліне келіпті де 50-ден асқан соң қартая бастапты.

Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым.Тесіп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды , жәрдем ете көріңдер деп, терек күні- түні зарлай береді. Оның даусын естіп, бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.

-Терек ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін, дегенмен іздеп көрейін, деп ұша жөнеледі.

-Балалар көгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігерді іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

  1. тапсырма 2- жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сөйлем мүшелеріне талда.

1. Қарға қарқылдады. 2. Суретші бояды. 3. Асқар келді. 4. Мұғалім мақтады. 5. Ұшақ ұшты

Берілген сөйлемдерді төмендегі сызба бойынша толықтырып жаз. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қой.

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем

Мағынаны тану кезеңі:

Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жәйді баяндайды. «Терекке жақсылық жасай көр », -деп өтінеді, «Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ»,-дейді.

Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп мына тапсырманы орындап терекке көмектесейік.

2-тапсырма 3-жаттығу (жазбаша )
Сөйлемдерді оқып, алымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Бағдаршам жанды. 2. Демалыс күні анам дәмді бауырсақ пісірді.3. Оқушы жазды. 4. Қыста жер ақ қарға оранады. 5. Нүргүл сырғанады. 6. Жаяу адам

соқпақ жолмен келеді.

Біз балалар, тапсырманы дұрыс орындап, теректің бір жарасы болса да жаздық. Көгершін ұшып келе жатып, балаларына ұрысып жатқан бір құсқа кездесіпті.

2-екі

Баласына ж2-ріп,

Ұрысып жатыр к2-лік,

2-леніп, с2-ріп

«Алып қапсың 2-лік»,

2-нші рет 2-іңді,

Көрсетпе деп ж2-рді.

3-тапсырма: Қай құспен Ақ көгершін кездесті? (КЕКІЛІК)

Ол ұрысты естіп, араласпай-ақ қояйын деп ұшып кетеді.

Балалар, құс екеш құста баласына екілік алғаны үшін ұрсады екен. Сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді. Сондықтан бүгін жақсы баға алуға тырысыңдар.

Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған Бұлбұлдың үнін естиді.Ол Бұлбұлға да Теректі емдеу керек екенін айтады.

  • Кешір Көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой.

Менің әнімді ормандағы аңдар, құстар түгіл адамдар да жақсы көреді.Мен үшін адамдардан көмек сұра дейді. Кәне бұлбұлдың тілегін орындап мына тапсырма орындайық.

4-тапсырма 5-жаттығуды орындап жіберейік.

Сөйлемдерді толықтырып жаз

- Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындап теректің тағыда бір жарасын жаздыңдар.

Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді . Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға кездеседі. Оған да теректі емдей көр деп өтініш айтады.

Аққу: Мен қасиетті құспын ғой. Мына айдын көлдің ластануына байланысты Аққулар айдын көлден ұшып кетіп оралмайтын болып жүр. Соған байланысты басқа құстарға ақыл-кеңес беретін Аққулар азайып барады. Мен бұл жерден кете алмаймын. Мен саған ақыл айтайын. Мына тоғайда үйсіз - күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп Теректі емдеп қалар,- дейді.

Құс патшасы Аққу бізге ақыл сөздер айтты, енді олардың ешқайсысы айдын көлден ұшып кетпей, бізге ақыл айтып жүрсін деп Аққулардың көлден ұшып кетпеуіне көмектесейік.

«Аққуды қондыру ойыны»

Үлестірмелер тарату.

Көгершін Аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.

Ол құс Көгершіннің тілегін орындап , онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауруын жазған екен.

Проблемелық сұрақ:

Олай болса, ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

  • Тоқылдақ ,Тоқылдақ.

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді .

Проблемелық сұрақ: Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?

  • Тоқылдақ орман дәрігері.

  • Балалар Ақ көгершін қандай құстарға жолықты?

  • Қандай құстардың жауабы ұнады?

  • Қандай құстардың жауабы ұнамады?

  • Міне , балалар біз де табиғатты, қоршаған ортаны қорғауымыз керек. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды. Жасыл желек біздің денсаулығымызға пайдалы.

Жұмбақ шешу арқылы сабақты қорыту:

  • Білесіңдер бастауыш пен баяндауыштан тұрамын,

  • Тұрлаусыз мүшемен көркейемін толамын,

  • Айтыңдаршы, қандай

  • Қандай сөйлем боламын?

  • Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

  • Оларға мысал келтір.

Венн диаграммасы арқылы сабақты қорыту.

Жалаң және жайылма сөйлем

Үйге: 4- жаттығу.

Оқушылардың білімін бағалау.


© 2010-2022