Открытый урок на тему «Қосу және азайту 412 +279 және 691-279»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему «Қосу және азайту 412 +279 және 691-279»Открытый урок на тему «Қосу және азайту 412 +279 және 691-279»Открытый урок на тему «Қосу және азайту 412 +279 және 691-279»

№ 10 С.Мұқанов атындағы орта мектебі







Ашық сабақ

Пәні: математика


Тақырыбы: «Қосу және азайту 412 +279 және 691-279»





3 «б» сыныбы












2015 жыл






Мақсаты: Санның ондық жүйесі мен амал қасиеттері жайлы білімге сүйеніп, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту амалдарын орындай білуге үйрету. Жазбаша есептеу тәсілдерін орындаудың алгоритмімен таныстыру.Ұзындық, уақыт өлшемдері арасындағы қатынас жайлы білім беру.Ой -өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік:тер: сандар,парақша,слайд,әр түрлі тапсырмалар. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену,түсіндіру. Жүрісі: 1.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық 2.Көңіл-күй сипаты:

Қызыл (жаман) сары (орташа) жасыл (өте жақсы) 3.Топтарға бөлу: 3 5 7 сандарын таңдап , топтарға бөлініп отыру. Сұрақ: -3,5,7 -сандарын не себепті таңдап аланды? -Олардың киелі сандар екенін айтқызу, 3,5,7 сандарына байланысты қасиетті ұғымдарды айту.

-Тағы не үшін алынды?

-Үш таңбалы сандар құрауға болатынын және осы сандарды пайдаланып, қосынды, айырма жазуға болатынын,өткен сабақта 1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу және азайту тақырыбын өтілуі және олардың жазылу тәртібі туралы білімдерін пысықтау. 4 Жаңа сабақ: 412+279 және 691-279 түріндегі қосу және азайту. Мағынаны тану: 412 +279 және 691-279 қосындысы мен айырмасының орындалуын екі оқушы тақтаға түсіндіре отырып орындау. 5.Оқулықтағы № 1 тапсырманың ә) бөлігін үш оқушы тақтаға түсіндіре отырып орындау. Қалған оқушылар орындарынан орындау, тексеру. «Кім жүйрік? 523+268 435+329 627+128 684-327 775-516 851-426 318+536 634-318 854-417 «Бірлік түбі- тірлік» 6.Есептер шығару: «3» тобы: Бағбан 354 түп гүл отырғызуы керек еді. Бірнші күні ол 117 түп, екінші күні 97 түп гүл отырғызды. Бақшаға отырғызатын неше түп гүл қалды? «5» тобы: Демалыс лагерінде 264 бала болды. 138 ұл бала, ал қалғандары қыз балалар. Лагерьде қыз балаларға қарағанда неше ұл бала артық демалды? «7» тобы: Мектепті жөндеу жұмысына68 кг сыр жұмсалды. Оның 35 кг еден сырлауға, 17 кг терезе сырлауға, қалғаны үстел сырлауға кетті. Үстел сырлауға неше кг сыр жұмсалды? 7.Сергіту сәті: 8. «Тез ойла»

А) Бір креслоның 4 аяғы бар. 5 креслоның неше аяғы бар.5 креслоның неше аяғы бар?

Ә) Сәкенде 8 марка бар, ал Мағжанда 3 есе артық. Мағжанда неше марка бар?

Б) Қарағай қылқаны 2 жыл,ал шыршаныкі 6 есе артық уақыт өсіп тұрады. Шыршаның қылқаны неше жыл өсіп тұрады?

В) 6 шақпақ қант 3 стақанға салынды.Әр стақанға неше шақпақ қант салынды?

Г) Серік 27 ақ көгершін және 9 сұр көгершін өсірді. Серік өсірген ақ көгершіндер сұр көгершіндерден неше есе артық?

9. Жұппен жұмыс:

Қалып қойған сандарды орнына қой:

7х6+...=48 9х6+...=72 ...х6+5=35

...х10+9=39 6х...+12=60 7х...+4=46

10.Шығармашылық жұмыс:

«3» тобы:

Кез келген сан ойла, оны 8 есе арттыр да, шыққан санға 8-ді қос. Нәтижені 8 есе кемітсең, ойлаған саныңнан 1-еуі артық сан шығады.

«5» тобы:

Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және 2-еуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы қораға қамалды. Тебінде неше жылқы қалды?

«7» тобы:

Ахметте сегіз алма және төрт қалташа бар.Әр қалташадағы алманың саны тақ болатындай етіп, осы алмаларды қалташаларға салу керек. Бос қалташа қалмауы тиіс.

11.Бағалау:

Әр оқушының қолындағы жұлдызшаға қарап бағалау.

«5,6»жұлдызша- «өте жақсы»

«3,4» жұлдызша-«жақсы»

«1,2» жұлдызша- «қанағаттанарлық»

12.Рефлексия:

Маған ........ қызықты.

Маған .......қиын болды.

Маған .....ұнады.

12.Үйге тапсырма: 5 тапсырма,108 бет

© 2010-2022