Менің әуес ісім-спортпен шұғылдану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
№ 32 жалпы орта білім беретін мектебі

«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы





7 класс

Сабақ тақырыбы: Олимпиада чемпиондары

«Ауызша сабақ - 2» картасы

Өткізген мұғалім: Мамбетова Зарина Ерланқызы



Орал қаласы-2014

Сабақ тақырыбы: Олимпиада чемпиондары
Сабақ мақсаты: 1.Білімділігі: Олимпиада чемпиондары туралы мәлімет беру, алған білімдерін сабақта қолдана білу.
2.Дамытушылық: Сөздік қорды байыту, сұрақтарға жауап беру, қарама-қарсы сұрақтар дайындау, «Эссе» жазғызу.
3.Тәрбиелік мәні: Білімді, өнерлі болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, әдептілікке баулу, сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Технология: «БиС» технологиясының «Ауызша сабақ-2» картасы
Әдістер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, жазу, бекіту.
Көрнекілік: матрица, сын тұрғысынан сұрақтар, тірек сөздер.
I.Ұйымдастыру бөлімі: а) амандасу; б) сабақ тақырыбы мен мақсатын айту;

ІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе.

  1. Балаларға тақтадан Олимпиада чемпиондары туралы бейне таспа көрсетіледі.
  • Балалар бейнетаспадан не көрдік?
  • Қандай Олимпиада чемпиондарын білеміз?
  • Олимпиада қай қалаларда өткізілді?
  • Қазақ олимпиада чепиондарын білеміз бе?
  • Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Олимпиада чемпиондары.

ІІІ.Оқушылардың өз бетінше тірек сөздерді іріктеуі. Қабылдауды ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың мәтінмен жұмысы: өз беттерінше кілтті сөздерді табу. Кілтті сөздер жазылған тақта жабулы тұрады, сынып деңгейіне қарай 7,14,21 сөзге дейін беріледі.

Жұмыс уақыты: оқулықтың бір парағына 5 минут беріледі. Оқушылар өздері таңдаған кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады.
Олимпиада ойыны алғаш рет Ежелгі Грекияда пайда болған. Бұл ойындардың атауы Олимп тауының атымен байланысты. Олимпиада ойындары қысқы және жазғы болып бөлінеді. Қысқы Олимпиада ойындары: шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу. Жазғы Олимпиада ойындары: велоспорт, жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу. Олимпиада ойындары басталарда салтанатты дәстүр бойынша алау жағылады. Олимпиаданығ негізгі белгісі - бес шығыршық. Қазақстандық спортшылардың алғаш қатысқан Олимпиадасы Канадада өтті. Бұл Олимпиада 1976жылы өтті. Оған 14қазақстандық спортшы қатысты. Олар 8 алтын, 2 күміс медальға ие болды. Күрес бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы - Жақсылық Үшкемпіров. 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бокстан күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы - Серік Қонақбаев. Сиднейде өткен 27 Олимпиаданың алтын жүлдегерлері - Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов, Бекзат Сатарханов. Александр Винокуров - белгілі спортшы. Ол дарынды кәсіби велосипедші. Ол Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегер, ал Лондон Олимпиадасында алтын жүлдегер атанды. Қазақстандық ауыр атлет - Илья Илин 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын жүлдеге ие болып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Осы Олимпиадада Қазақстан спортшылары 7 алтын,1күміс,5 қола медальға ие болып, жалпы есеппен 12орынға тұрақтады. Әлемдік Олимпиада ойындарында Қазақсатан туын желбіретер спортшыларымыз көп болсын. Тірек сөздер ( тақтаға жазылатын сөздер) Алау жүлдегер Бес шығыршық жазғы Олимпиада қысқы Канада алтын Спортшы медаль Ежелгі Грекия ойын Лондон Чемпион
Оқушыларға бірінші баға қойылады. ІҮ. Есте сақтауды, зейінді дамыту. (Сөздікпен жұмыс) Уақыт бойынша жұмысты аяқтау. Оқушылар кілтті сөздерді жазып болған соң, тақта ашылады, оқушылар кілтті сөздерді тексеріп, сәйкес келген сөздер санын санайды, мәліметтер оқушылардың отыру матрицасына енгізіледі, екінші баға қойылады, пайызы көрсетіледі. ( ООМ- оқушылардың отыру матрицасы бойынша )
Тірек сөздер ( тақтаға жазылатын сөздер) 1. Алау- огонь 2.бес шығыршық -пять континентов 3.Екі дүркін-двух кратный 4.Қола- бронза 5.күрес-борьба 6.Жүлдегері-победитель 7. Әлемдік - всемирный
Ү.Түсінікті алғашқы тексеру. Қарама - қарсы сұрақтар..
Қарама-қарсы сұрақтарды қою үшін таңдаған ұяшықты көрсетеді, жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі. Мәліметтерді ООМ-на енгізіледі.
Үшінші баға қойылады.
1.Олимпиада ойыны алғаш рет қайда пайда болған? (Ежелгі Грекияда) 2. Бұл ойындардың атауы қай таудың атымен байланысты? (Олимп тауы) 3.Олимпиада ойындары нешеге бөлінеді? (2 жазғы, қысқы) 4.Жазғы Олимпиада ойындарына қандай ойындар жатады?? (жүгіру, ұзындыққа секіру) 5 Қысқы Олимпиада түрлеріне қандай ойындар жатады? (шаңғы тебу, конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанау) 6. Олимпиада ойындары басталарда дәстүр бойынша не жағылады? (алау) 7. Олимпиаданың негізгі белгісі. (Бес шығыршық) 8.Қазақстандық спортшылар қатысқан Олимпиадасы қайда өтті? (Канадада) 9.Канада Олимпиадасы қашан болды? (1976 жылы) 10. Канада Олимпиадасына қазақстандық қанша спортшы қатынасты ?(қазақстандық 14 спортшы қатысты) 11.Қазақстан спортшылары қандай жүлдемен оралды? (Олар 8 алтын,2 күміс медальға ие болды) 12.Күрес бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. (Жақсылық Үшкемпіров) 13. Екі дүркін олимпиада чемпионы ?(Илья Илин) 14.Лондон Олимпиадасында Қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті ? (7алтын,5қола1күміс, 12орынға тұрақтады) V. Сын тұрғысынан сұрақ .
Оқушылар бір-біріне сын тұрғысынан сұрақ қойып, қаншалықты түсінгендерін бақылайды. Оқушы сұрақты кімге қоятынын өзі таңдайды. Жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі. Бағасы матрицаға қойылады. Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін бақылайды, егер түсіну пайызы төмен болса, онда қайтадан түсіндіріліп, толықтырылады.
  1. Олимпиада ойыны алғаш рет қайда пайда болды?(Ежелгі Грекия, Афина, Канада.)
  2. Бұл ойындардың атауы қай таудың атымен байланысты?(Алатаумен, Олимп тауымен)
  3. Олимпиада ойындары қалай бөлінеді? (жазғы, көктемгі, қысқы, жазғы, күзгі,қысқы)
  4. Жазғы спорт түрлеріне қандай спорт жатады? (жүгіру ұзындыққа секіру, шаңғымен сырғанау,мәнерлеп сырғанау, доп тебу,коньки тебу)
  5. Қазақстандық спортшылар қатысқан алғаш Олимпиада (Канада,Ежелгі Грекия,Афина)


Төртінші баға қойылады.
VІ. Оқушылар сабақта оқыған, білгендерін, сұрақтарға берген жауаптарын естеріне түсіріп, «Эссе» немесе сөз тізбегін жазады.
Тексеру: Оқушылар «Эссе» құрамындағы сөздерді санап, астына сөздер санын жазып қояды. Кімнің жазған «Эссесі» көп сөзден құралған болса, сол оқушы бірінші болып оқиды.
Бесінші баға қойылады
VІІІ.Бағалау: Әр берілген дұрыс жауапқа «+» қойылып, матрица толтырылып отырады, сол нәтиже бойынша оқушы бағаланады . «5» - ++++; «4» - +++; «3» - ++; «2» - +;
IX.Қорыту : мұғалім тақырыпты қорытындылайды, сапалы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды, матрица бойынша нәтижесін шығарып, баға қояды.
Х.Үйге тапсырма Олимпиада чемпиондары туралы мәлімет











© 2010-2022