Конспект по начальные классы на тему Өрнек 10-а

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10-а Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға әріпті өрнектің мәнін табу туралы білімдерін жетілдіру.Әріпті өрнек пен санды өрнектің айырмашылығын білуге машықтандыру. ә) ауызша, жылдам, дұрыс есептеу дағдыларын жетілдірк түсу; логикалық ойлау қабілеттерін , есте сақтау қабілетін дамыту б) Оқушылардың адамгершілік қабілетін дамыту. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі:Интер тақта,суреттер, кесте Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, жұптық жұмыс, ой қозғау Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Оқушылармен амандасып қажетті құрал-жабдықтарын алғызу -Балалар көңіл күйлерің қалай? -Көңіл күйлері көтеріңкі балалар оң қолдарыңды көтеріңдер -Сабаққа дайын балалар сол қолдарыңды көтеріңдер -Бүгінгі сабақты 5-ке білетін балалар шапалақ соғыңдар -Біздің мақсатымыз не? -Міндетіміз ше? Жарайсыңдар балалар сендерге бүгінгі сабақта 5 алуларыңа тілектеспін. Топқа бөлу І. «Алғырлар» ІІ. « Тапқырлар» ІІІ. « зеректер» ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Қателерін тап және түзе . Үйге берілген тапсырманы пысықтап, сұрақтар қою. ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып талдау. -3-пен 2-нің қосындысы неге тең? - 6-ның құрамын тап -10 мен 3- тің айырмасы неге тең?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. V. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс
  1. №1 тапсырма (қарлығаш қандай тапсырма әкелді)
Азайғыш - 10 Азайтқыш - а Айырманың мәні - ? Әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру берілген сандарды қоямыз. 2.Кестені толтыр А 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10-а










3.а мен 1 саныдарының қосындысын жаз.А-ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады?Мәні ең үлкен және ең кіші сандарды жаз. 3.) Қарағай-6 Қайың-4 Барлығы-? 6+4 ; 6-4 деп нені табамыз? ҮІ. Жаңа сабақты түсінігін тексеру №4 І. Топ а+ 2 а= 1 2 3 ІІ. Топ а+ 7 а= 3 2 1 ІІІ. Топ 10 - а а= 7 8 6 ҮІІ. Сабақты бекіту 3 топқа 3 сурет беріп суретке қарап өрнек құрастыру ҮІІІ. Бағалау жалауша «5» төртбұрыш «4» үшбұрыш «3» Үйге тапсырма. 175 бет 5- тапсырма сызбаға өрнек құрастыру






© 2010-2022