Конспект мероприятии на тему Дос іздеген бота

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Дос іздеген Бота»

«Ертегілер әлеміне саяхат» атты қазақ ертегісінің қойылымы. Мақсаты: ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашлықпен орындауға тәрбиелеу. Көркем сөздерді мәнерімен орындауға бағыттау.

Рольдерде ойнайтындар:

Түйе-Муканова Сабина

Бота - Жумагазина Саяжан
Күшік-Зарапов Ерхат
Мысық-Аляр Ғалымбек
Қозы-Оралбаев Ансар
Лақ-Хасанова Аида, Орабай Аида.
Әтеш-Баяхметов Алихан
Ара - Нұрмолда Айбол

Көрнекті құралдар: шарбақ, ертегі кейіпкерлері, гүлдер, шөп, ағаш.

(Әсем әуен арқылы апай шай әзірлеп жатады. Немересі бір топ балалармен далада

«Тақия тастамақ» ойынын ойнап жатады. Апай немересін үйге шақырады.)

Немересі:Апа достарымды үйге шақыруға бола ма?

Апа : Әрине, ботам.

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген осы, достарың көп екен.

Немересі: Апа бізге ертегі айтып берші?

Апа : Қандай ертегі айтып берейін?

Балалар: Дос туралы ертегі.

Ерте, ерте, ертеде боталы Түйе болыпты.

Түйе:

Түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жан-жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын. Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді Бота өте ақылды болып өсіпті. Бір күні анасы:

Түйе:

Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырып қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды. - Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмірқиын, әрі қызық емес. (Бота басын изеп тұрады)

Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Бота:

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым.
Тостағандай көзім,
Ақылдымын өзім. Жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді. (Қозы мен Лақ гүл жинап, асыр салып ойнақтап жүреді)

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Қозы:

- Мә-ә, мен қошақан қозымын,
Момақанның өзімін.

Лақ:

- Мен лақпын, қандаймын.
Ашық болған таңдаймын
Кел, бәріміз дос болайық.

(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сендер сияқты дос емес.

Қозы, лақ: Мүмкін күшік болар.

Бота: Жарайды мен кеттім.

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Күшік: (үреді)

Абалап үремін, үйқорып жүремін.
«Гав-гав»,- деп қаттырақ, сергек өмір сүремін.
Кел, екеуміз дос болайық (айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Күшік: Мүмкін мысық болар.

Бота: Жарайды мен кеттім. (бота мысыққа келеді)

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Мысық:

Мяу-мяу, мен кәдімгі мысықпын,
Өзім тым пысықпын
Бәріменен дос болып
Пырылдаған пысықпын, пыр-р, пыр-р
Кел, екеуміз дос болайық (айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Мысық: Мүмкін әтеш болар.

Бота: Жарайды мен кеттім. (бота әтешке келеді)

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Әтеш:

Ку-ка-ре-ку! Бұрап қойған сағаттай
Айқайлаймын таңатпай
Таңмен бірге тұрамын
Бәріңді оятамын
Ку-ка-ре-ку!
Кел, екеуміз дос болайық (айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Әтеш: мүмкін ара болар.

Бота:

Жарайды мен кеттім. (бота арағакеледі)
Ара ызылдап гүлге қонып жүреді.

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Ара:

З-з-з, ұшып келсем қасыңа
Менен, сен шошыма
Сен тимесең тимеймін
Қастығым жоқ досыма, з-з-з,
Кел, екеуміз дос болайық,
Гүлтерейік, бал жинайық.

(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Ара: мен сияқты дос емес.

Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе: Достаптыңба, ботам?

Бота: Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты, ешкім жоқ екен.

Түйе: Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен

таңдау керек.

Бота қуанып, адал достары қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, араны ертіп келіпті.

Өлең «Әрқашан дос біргеміз»-барлығы бірге орындайды.

© 2010-2022