Комплексті сабақ. «Ертегі кейіпкерлердің тапсырмалары»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Айгөлек» естияр тобы

Комплексті сабақ.

« Ертегі кейіпкерлердің тапсырмалары»





Тәрбиеші: Акимжанова Б.Е.





Самар ауылы / 2014 - 2015 жыл/

Білім беру саласы: Таным.Қатынас.

Бөлімі: Математика.Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ертегі кейіпкерлердің тапсырмалары.

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерінатап білу.Өткен сабақтарды еске түсіріп, жаттаған тақпақ, үйренген ертегілері мен әңгімелердің мазмұның қайталау.Шығармашылық елестеуің, қиядарың, есте сақтау қабілеттерің дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту.Балаларды достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: қыс-зима, қоян-заяц,түлкі-лиса.

Аймақтық компонент:Осындай аңдар біздің аймағымызда бар ма?

Қажетті құралдар:слайдтар, ертегі кітаптар,жолақтар,жидектер,қоңыздар.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық Шаттық шеңбер. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Айларын атап беріндерші. -Бір аптада неше күн бар? Кім маған апта күндерін атап береді? Тәрбиеші жұмбақ жасырады: а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз. Бұл қай кезде болады? б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,топқа кіреміз тамақтанамыз. Бұл қай кезде болады? в)Күн батады қызарып,мамамыз келіп балабақшадан алып кетеді. Бұл қай кезде болады? г)Үйлерде шам жанады,төсекке жатып ұйқыға батамыз бәріміз. Бұл қай кезде болады? Топқа пошташы сөмке жібереді. Оның ішінде көптеген кітаптар бар екен. Әр ертегі кейіпкерлердің өз тапсырмасы бар екен, соны біз шешіп өтсек, бізге сыйлықтар жібереді екен. -Келісеміз бе, балалар?

-қыс

-желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-7күн,атап береді

-таңертен.

-күндіз

-кешке

-түнде

Балалар қарап, тапсырманы орындауға келіседі.

Ұйымдастыру кезендері 1 тапсырма: Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Қыста ғана болады, ұстасан қолың тонады? Бұл не? -Дұрыс балалар қар. Ал кім бізге қар қыс туралы тақпақ айтып береді? 2 тапсырма: -Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Біздің елімізде көп ұлттар тұрады, барлығы тату тәтті тұрады. Кім маған «Бір шаңырақ астында» деген тақпақты айтып береді? 3 тапсырма: -Балалар ал мына ертегінің кейіпкерлерің кім біледі? Ертегі қалай аталады? -Енді сол құмырысқаның тапсырмасың орындап көрейік. Слайдпен сурет көрсетіледі. Балалар сурет бойынша есеп құрастырады. Сергіту сәті: 4 тапсырма: -Балалар сендер өздерінің аналарынды жақсы көресіндер ме? Оларды қорғау үшін біз қандай болу керекпіз? -Дұрыс балалар, тапқыр, күшті болу керекпіз. Енді біз өткен «Тапқыр бала» деген әңгімені естеріне түсіріндерші. Сол тапқыр баланың тапсырмасы мынандай: «Кеңістікті бағдарлау» Слайд бойынша суреттер көрсетіледі. Әр геометриялық пішін қай бағытта орналасқаның айтып өту керек. 5 тапсырма: -Балалар сендер достарымен бірге тату-тәтті боласындар ма? Ал достық туралы қандай шығарма білесіңдер? Енді сол екі достың тапсырмасың орындандар. «Ойыншықтарды сана». Ретімен және кері қарай ойыншық нешінші болып тұрғаның айтып өтү керек. -Ал осындай ойыншықтар біздің балабақшада бар ма? 6 тапсырма: Үлестірмелі материалмен,сандармен байланысты. Тәрбиеші (8) сан көрсетеді, балалар сонша үстінгі жолаққа жидек қояды. Астынғы жолаққа одан біреуге аз қоңыз қоямыз. Тепе-тең болу үшін не істейміз? 7 тапсырма: -Келесі ертегі кейіпкерлеріне жету үшін біз баспалдақ құрастыру керекпіз. Сондықтан ретімен ең қысқа баспалдақтан бастап құрастырамыз. Тәрбиеші ертегінің кітабын сөмкеден алып шығады.Балалар «Түлкі мен қоян» деген ертегі сендерге таныс па? -Түлкіні біз орысша не деп айтамыз? Ал қоянды ше? -Балалар, енді сендер бүгінгі өздерінің сабаққа қатысқан еңбектеріңді бағаландар. Кім өзіне қандай баға береді?

1-2 бала тақпағын айтып береді.

1-2 бала айтып береді.

-Ертегінің аты «Км күшті?» Балалар мазмұның айтып береді.

Әңгімені естеріне түсіреді. Тапсырманы орындайды.

-Біз батыл,ақылды, мейірімді, тапқыр болу керекпіз.

Шығарманы естеріне түсіріп, тапсырманы орындайды.



Ретімен және кері айтып өтеді.

-иә.

Жолаққа жидек пен қоңызды орналастырады.

Жолақтарды орналастырады.

Баспалдақты жолақтармен орналастырады.

(ең қысқа,одан ұзың,одаң да ұзың, ең ұзың)

-Иә.Естеріне түсіреді.

-лиса

-қоян

Балалар таңдайды: жұлдызша-еш қиналған жоқ,

жалауша-қиындықтар болды.

Рефлексті коррекциялаушы -Балалар біз бүгін сабақта не істедік? -Қандай тапсырмаларды орындадық?Қандай ертегілерді естеріне түсірдіңдер? Топтың есігің біреу қағады, пошташы балаларға сыйлықтар беріп жіберіпті. Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды.

-Есеп құрастырдық.

-Ойыншықтарды санадық.

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білді.

Қандай түсініктерді игерді: қыс, ертегі, жидек,қоңыз,қоян,түлкі

Менгерген дағдылары мен іскерліктері:Ертегінің мазмұның айта білді. Сұраққа толық жауап беріп,тақпақты жатқа айта білді. Сан бойынша заттарды жолаққа орналастырды.











ҚМҚК «Дәншік» балабақшасы



«Айгөлек» ересек тобы

Қорытынды сабақ

Математика. Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ертегі кейіпкерлердің тапсырмалары.

Орындаған:

Тәрбиеші: Акимжанова Б.Е.

Самар ауылы

2015 жыл



© 2010-2022