Дүниетану Құстардың алуан түрлілігі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану Құстардың алуан түрлілігіДүниетану Құстардың алуан түрлілігіДүниетану Құстардың алуан түрлілігіДүниетану Құстардың алуан түрлілігіДүниетану Құстардың алуан түрлілігі

Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Құстардың алуан түрі бар екені туралы түсініктерін қалыптастыру, құстардың негізгі топтарымен таныстыру,тіршілігі,пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, пәнге деген
қызығушылығын ояту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік. Табиғатты сүйе білуге, ондағы аң, құстарды қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Топтық,жұптық, «фишбоун» тәсілі, «тақырыптық түйінді сөздер»
Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, құстардың суреттері
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
    а) Оқушылармен амандасу,түгендеу

ә) Оқушыларды 2 топқа бөлу. 1-топ «Қырандар» , 2-топ «Сұңқарлар»

II Үй тапсырмасын тексеру.

Жануарлар тақырыбын қайталау.Оқушыларға жануарлардың суреттері беріледі.Суреттің артындағы сұраққа жауап беру.

  1. Қызығушылықты ояту.
    Интербелсенді тақтадан құстардың дыбысы шығады.

-Балалар, құстардың дауысын естігенде қандай сезімде болдыңдар?

-Егер, әлемде құстар жойылып кетсе не болар еді?

IV. Жаңа сабақ.

Олай болса бүгінгі өтетін тақырып Құстардың алуан түрлілігі деп аталады.Бүгінгі күнді жазып ,сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.87бетті ашайық.Мәтінді үш топқа бөлу.

Суретке қарап құстарды атау.Олардың тіршілік ортасын анықтау.

  1. тапсырма. «фишбоун» тәсілі арқылы әр топ өз бөлімдерін қорғайды.

1-топқа

Ұша алмайтын құстарды ата.

Құстар туралы не білесің?

Құстарды Олар азықтарын

сипаттап жаз қалай жейді?

2-топқа

1.Жыртқыш құстарды ата

2.Оларды сипаттап жаз

3.Олар немен қоректенеді?

3-топқа

1.Бөдене ұясын қайда салады?

2.Ол өзінің жауынан қалай қорғанады?

3.Үй құстарының пайдасы қандай?

2-тапсырма. (Слайд)

Қырандар тобына-Бүркіт

Сұңқарлар тобына- Бұлбұл

Лашындар тобына-Тауық

1.Қай топқа жатады?

2.Қайда мекендейді?

3.Немен қоректенеді?

4.Пайдасы мен зияны бар ма?

Сергіту сәті. Нан қиқымын шашпаңдар....

3- тапсырма. «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі.Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

Тоқылдақ, бүркіт, сауысқан, тауық,пингвин, дуадақ,кезқұйрық, жапалақ, үкі,бөдене,бұлбұл

Шортан,қоян,аламан,көбелек,бақа,ағаш,топырақ,ауа,жаңбырДүниетану Құстардың алуан түрлілігіДүниетану Құстардың алуан түрлілігіДүниетану Құстардың алуан түрлілігіСөздер банкісі Біздің тақырып

V.Қорытынды.

-Балалар, бүгінгі сабақ не туралы болды?

-Құстар қандай топтарға бөлінеді?

Рефлексия.(слайд) (оқушылар стикерларын жапсырады)

Түсіндім

Түсінгенім аз

Ештеңе түсінбедім

VI. Үйге тапсырма.

1. «Құстар біздің досымыз» - эссе жазу.
2. Құстар туралы деректер, суреттер жинау.
3. Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу.

VII Бағалау. Бағалау парақшасы арқылы сабаққа белсене қатысқандарды нақты бағалау.




© 2010-2022