Әдебиеттік оқу пәнінен Ертегі Көжек тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Ертегі «Көжек» 3 сынып

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

1. Ертегі мазмұнын білу.

2.Ертегі идеясын түсіну.

3.Қоянға сипаттама беруді үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

1. Ертегі мазмұнын біледі.


Оқушылардың басым көпшілігі:

2. Ертегі идеясын түсінеді.

Жекелеген оқушылар:

3. Қоянға сипаттама беруді үйрену.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Пұштиған , шыбын жанды

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қоян туралы не білесіңдер?

Ертегі түрлерін ата.

Ертегіден қандай қорытынды жасауға болады?

Жазылымға ұсыныстар: Туған жер туралы мақал

Алдыңғы оқу

Иса Байзоқов «Адтай аясында»

Ресурстар:

Оқулық,стикер,бағалау парақшасы, үлестірме қағаз,көжек суреті

Жетістік критерийлері:

1.Ертегі мазмұнын айта алады,идеясын түсінеді.

2.Ертегі бойынша қорытынды жасай алады.

Пән аралық байланыс

Дүниетану

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Кіріспе


3мин


1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Психологиялық ахуал туғызу.

Б) 5 Топқа бөлу

В)Топ ережесін пысықтау,топ басшыларына бағалау парағын тарату

Жақсы көңіл-күй орнайды.

Жақсы атмосфера қалыптасады.

5 топқа бөлінеді.


Сабақ

кезеңдері

Уақ

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының

әрекеті

бағалау

Кіріспе

10 мин

Үй жұмысы: Иса Байзоқов «Алтай аясында»

Мәнерлеп оқыту

Мәнерлеп оқиды

Мадақ

тау

Жаңа сабақ

Ой қозғау

Тақырыптың атын мына жұмбақ арқылы табайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
...... екен өзінің

Мадақ

тау

Іс -әрекет

35мин

- Жақсы. Сонымен бүгінгі ертегіміз «Көжек» деп аталады.
- Балалар, сендер білісіңдер табиғаттағы адам сияқты жан - жануар, құстар, жәндіктер де өз балаларын күтіп бағады. Дегенмен де тірі табиғатта баласын күтпейтін аң, құсты білесіңдер ме?
- Дұрыс, ол көкек пен қоян.

Ендеше осы бүгінгі ертегіміздің мазмұнын болжап көрейік.
Не туралы деп ойлайсыңдар?
- Жақсы. Енді мына мақалға назар аударыңдар.
«Туған жердей жер болмас,
Туған жердей ел болмас»
- Кәне, кім мағынасын ашып береді.
- Осы айтқан ойымызды мәтін мазмұнымен салыстырайық. Кітабымызды ашып, тізбектей оқимыз.
- Балалар, әр сөйлемді оқыған кезде мағынасы таныс емес сөздердің астын сызып отырасыңдар.
- Жақсы. Алдымен таныс емес, мағынасы түсініксіз сөздерді талдайық.

Сөздікпен жұмыс
Пұштиған - бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды - қорыққан деген мағына.
- Енді ертегідегі кейіпкерлерді алайық.
Осыдан соң әр топқа сұрақтар беріледі.
1 - топ: Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге үйретеді?
2 - топ: Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
3 - топ: Шаруаның ісіне қандай баға беруге болады? Ол дұрыс істеді ме?
4-топ Осы ертегіден көжектің қатты қорыққан жерін қандай сөздермен берген?
Шаруа көжектің анасының істеген ісін дұрыс еместігін қандай сөзден көруге болады?
5-топ

«Қоян» Фишбоун әдісі

Сонымен бұл ертегіден түйгенімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайық.


Тізбектей оқиды

Бағдаршам арқылы бағалау

Үш шапалақ

Кейінгі оқу

- Үйге туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегідегі көжектің суретін салып келу.
Бағалау.

Тапсырманы жазып алады.

Рефлек

сия

«Бір ауыз сөз»

(ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым)

Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады.

сабаққа кері байланыс береді


© 2010-2022