Сабақ жоспары: Қазақ тілі пәнінен, тақырыбы Мәтін (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: Пән:Қазақ тілі Тақырыбы: Мәтін. Сабақтың мақсаты: мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ. Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді. Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады. 3. Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең мазмұнын әңгімелеп айт. Өлең неге «Боксшы» деп аталған? Олимпиада жүлдегері болған боксшылардан кімдерді білесің?

Боксшы.

Қашаннан-ақ шаршы алаң

Кіл мықтыны таңдайды.

Тамашалар барша адам -

Бокс десе, қалмайды.

Ұпай жиып алғасын,

Құлап қалмай оқыста,

Асырса кім айласын,

Жеңіп шығар бокста.

Келсең келші үміт қып,

Әркім жетпес өресі -

Сынға түсер жігіттің,

Бокс - спорт төресі.

Сергіту сәті.

2-жаттығу. Мәтінді оқы. Онда не туралы айтылған? Мәтінді қалай атар едің?

Мырзабек кішкене болса да, шебер-ақ. Ойнағысы келетін ойыншықтың бәрін өзі істеп ала қояды. Бірде ол шырпы қораптарынан әдемі ойыншық үй жасады. Құрдасы Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» - деп ойлады.

Келесі күні Мырзабекке әдемі ала добын ұсынып:

  • Мә, мен саған добымды берейін, сен маған ойыншық үйіңдң берші, - деді.

  • Үйге қызықсаң, - деді Мырзабек, - сен ала ғой. Мен өзіме тағы да жасап аламын. Добың да өзіңе болсын.

  • Рақмет! - деп жымиды Иманбек.

4-жаттығу. «Достық», «Қыс көрінісі», «Менің мектебім» тақырыптарының біріне мәтін құрастырып жаз. 4. Сабақты қорытындылау. 5. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022