Мәтіннің түрлері 2-сынып Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мәтіннің түрлері 2-сынып Қазақ тіліҚазақ тілі.Мәтіннің түрлері 2-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Мәтіннің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың мәтін және мәтіннің түрлері туралы білімдерін кеңейту,тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін бекіту;

2.Сөздік қорларын молайтып,тілін,ойлау қабілетін дамыту;

3.Ізденімпаздыққа,зеректікке,болашақта жақсы адам болып қалыптасуға жетелеу.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,топқа бөлу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:Үлестірме қағаздар,маркер,бағалау белгілері.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз туралы білетінімізді айтайықшы.(Балалардың жауабы.)

-Бәріміздің жаңағы айтқанымызды қоссақ не шығады?

-Мәтін шығады.

-Олай болса,бүгінгі сабағымыз да мәтін туралы болмақ.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Ағаш басында құстың ұясы бар екен.Жомарт ағаш басына шықты.Ол құстың балапандарын алмақ болды.Жомарт қолын соза бергенде,ағаш бұтағы сынып кетті.Жомарт суға құлап кетті.»

Тапсырма:Әңгімені аяқтау немесе Жомартқа хат жазу.

кетті.Жомарт суға құлап кетті.»

Жомартқа хат.Мәтіннің түрлері 2-сынып Қазақ тілі Сәлематсың ба,Жомарт?Сенің бұл қылықтарың жөнсіз екен. Ата Заңда жазылғандай"Табиғатты қорғау-барша адамзаттың міндеті"деген емес пе?Табиғатты қорға,сүйе біл!

Сәлеммен Нарқыз. Мәтіннің түрлері 2-сынып Қазақ тілі Әңгіменің соңы. Үсті-басы су болған кішкентай Жомарт үйіне жылап келді.Апасы не болғанын сұраса:

-Балапандар мені итеріп құлатып жіберді,-деді.

Өйткені,бұған кінәлі өзі екенін түсінген жоқ.

Данагүл.


Әңгіменің соңы.

Жомарт үйіне жүгіріп келіп кітабын алып, тып-тыныш оқып отырады.Біраздан соң апасы тамаққа шақырды.Тамағын ішіп алып терезеден қараса,балалар ойнап жүр екен.Достары ойынға шақырып еді,анасынан рұқсат сұрап ойынға шықты.Бірақ, болған оқиғаны ешкімге айтпай,кінәсін іштей мойындады.Мәтіннің түрлері 2-сынып Қазақ тілі

Архат

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар,мәтін туралы білетінімізді ортаға салайық.

Шағын мәтіндерді оқып түсініп,мәтіннің қай түріне жататынын табу,тақырып қою.

1-мәтін.Балалар алаңда доп ойнап жүр еді.Серік те доп ойнағысы келді.Атасынан сұранып ,ол да ойынға қосылды.Ойын қызығына берілген Серік те,балалар да үйге қас карайғанда бір-ақ қайтты.

2-мәтін.Біз сыныпты таза ұстаймыз.Өйткені,ол-біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың барлығы жақсы түсінеді.

3-мәтін.

Есек құлақтас,

Ит сирақтас,

Түйе еріндес,

Жапалақ көздес,

Бұта түбі кебегі

Кеудесінде көжегі.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.Сөйлемдерді жалғастырып аяқтау.

Сергіту сәті.

*Шығармашылық тапсырма.Әңгімені әрмен қарай жалғастырып,пайымдау мәтінін құрастыру."Мен анамды өте жақсы көремін.Оны ешуақытта ренжітпеймін.Өйткені, ......."

ІV.Сабақты қорыту.

V.Үйге тапсырма.

VI.Бағалау.Сабаққа кім жақсы қатысқандығы,мәтінді кім қалай жазғандығына қарай өздерін-өздеріне бағалату.



© 2010-2022