Үстелдің үстінде (3-сынып сабақ жоспары)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Үстелдің үстінде

Мақсаты: Білімділік. Оқушыларға астында, үстінде, қасында,жанында деген көмекші сөздердің қолданысынжәне О дыбысының жуан дауысты дыбыс екенін үйрету

Дамытушылық: астында, үстінде, қасында деген көмекші сөздерді үстел шкаф, тереземен байланысты қолдана алу және О дыбысың жуан дауыты дыбыс екенін меңгеру

Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа ұмытылу, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, еліктеу

Көрнекілігі: суреттер, демонстрациялық материалдар

Қолданылған әдебиет: \М.Ж Бейсебекова, Б.У Салыхова

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

-Түгендеу

-Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

5-тапсырма Дауысты дыбыстардың астын сызу, сөйлемдерді орысшаға аудару

ІІІ Мақсат қою:

-Балалар бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Үстелдің үстінде» деп аталады. Біз үстінде, астында және қасында деген көмекші сөздермен танысамыз.

IV Жаңа сабақ:

Сөздік: үстелдің үстінде-на столе

үстелдің астында -под столом

үстелдің қасында-рядом со столом

1-тапсырма Тыңда, қайтала

Доп деген сөзді қайталайды. Үстелдің үстінде, үстілдің астында, үстелдің қасында деген тіркестерді хормен және жекелеп қайталайды.

2-тапсырма Толықтырып оқы

Доп шкафтың үстінде доп төсектің астында

Доп орындықтың қасында

3-тапсырма Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер

  1. Үстел қай жерде?

  2. Орындық қай жерде?

  3. Кітап, дәптер, қарындаштар қай жерде?

  4. Доп қай жерде?

4-тапсырма Тыңда, мәнерлеп оқы

5-тапсырмада сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы көмекші есімдерді тағы бір рет қайталайды.

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

Сергіту жаттығу

Қолды белге қоямыз

Басты оңға бұрамыз

Басты солға бұрамыз

Бір отырып бір тұрып

Бір демалып аламыз

6-тапсырма Үлгі бойынша оқушылар О дыбысы жуан дауысты дыбыс екенін үйренеді.

-«О» қандай дыбыс

-«О»-дауысты дыбыс

-«О» қандай дауысты дыбыс?

-«О» жуан дауысты дыбыс

VI Бекіту кезеңі:

-Балалар сабағымызда нені білдік? Қандай көмекші есімдермен таныстық?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

VII Үйге тапсырма:

26-бет, 4-тапсырма





© 2010-2022