Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары Кешірімді бала-кішіпейіл бала

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары Кешірімді бала-кішіпейіл балаӨзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін

Тақырып: Кешірімді бала - кішіпейіл бала

Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер: ата - анаға, ұстаздарға, үлкендерге деген құрмет, кішіге ізет көрсету. Мұғалiм: Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна Сынып: 2 а сынып Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға кешірімді болудың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығынын мәнін ашу. Міндеттері:

- үлкенге-құрмет,кішіге-ізет көрсетудің дұрыс әрекет екендігін түсіндіру; - адамдарға кешірімшіл болу құндылығын дамыту; -кешірімшілдікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу. Ресурстар: А-4 қағазы, маркерлер, мазмұнды суреттер. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Нұрға бөлену. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Кешірім (Р. Әбілқадырова) Сұрақтар: 1. Балалар өз қателіктерін қалай түсінді? 2.Атай балалардың қылығын кешірді ме? 3. Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? Сабақ барысын талқылау: 3. Дәйек сөз. "Кешірім-ізгіліктің белгісі." Халық даналығы Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мәнін ашу. Сұрақтар: 1. Кешірім деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2. Ізгілік деген қандай мағына береді? 3. Неліктен кешірім ізгіліктің белгісі деген?

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.

Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.

4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалім сыйы:

Автобуста

Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.

Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.

- Мұнда отырыңыз, - деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

- Рақмет, балалар, - деді анам отырып жатып.

- Апа, рақметті не үшін айттыңыз?

- Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады.

Сәлден кейін базарға жеттік.

Сұрақтар: 1. Бұл оқиға қайда болды? 2. Кішіпейілділік дегенді қалай түсінесің?

3. Әңгімеден қандай ой түюге болады?
5. Шығармашылық жұмыс.

Кешірім жасау:

1) татуласуға бірінші қадам жасау;

2) кішіпейіл болу;

3) қателікті мойындау;

4) өзара түсінісу;

5) ренішті ұмыта білу.

Жағдаяттар ойлап, көрініс көрсету.
6. Топпен ән айту

Күн күледі

Сөзі Қ. Толыбаевтікі

Әні И. Нүсіпбаевтікі

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Қайырмасы:

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Жалбыр шашы - гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

Қайырмасы.

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

7. Үй тапсырмасы. "Өсиет әңгіме" аңызын оқып келу. 50-52-бет.
8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады.



© 2010-2022