(Табиғатқа құштарлық) Өзін-өзі тану 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп: №24 Степной Сабақ:№ Мерзімі:

Мұғалімі:А.Б.Тасыбаева

Сынып 1«а»

Пәні:Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Құндылық: Табиғат

Қасиеттер:Құштарлық

Ресурстар: электрондық оқулық, жаңғақтар

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту

Тәрбиелік мақсаты: таби,атты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Табиғат - анамыз

Табиғат ол - анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

· Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?

· Адам табиғатты түсіне ала ма?

· Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?

Күн мен гүлдер

Құрманбек Толыбаев

Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

- Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.

Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:

- Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.

- Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

- Қазір, ашайын көзімді, қазір...

Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

- Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

- Жарайды, - деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»

Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

- Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

- Қазір, алтын Күн!

Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.

Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.

Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

· Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.Табиғат та бір кітап

Қ. Мырза Әли

Тамаша ғой

Бүгін сен

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке үңілсең.

Еріп бұлттың ырқына,

Жоқ болады бір күн ай...

Табиғат та бір кітап,

Оқи алсаң, шіркін-ай!

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



© 2010-2022