«Сәкен Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит» шығармасы»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Класы: 7

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит» шығармасы Сабақтың мақсаты: білімділігі: С.Сейфуллиннің өмір жолын, шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Бандыны қуған Хамит» шығармасының мазмұнын меңгерте отырып, идеялық көркемдік ерекшелігін игерту; дамытушылығы: оқушыларды шығармашылық ізденіске бағыттау, ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, түсінік айта білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа төселдіру; тәрбиелілігі: адамгершілік қасиеттерге баулу, кейіпкерлердің жақсы әрекеттерінен үлгі-өнеге алуға қалыптастыру, өз ісіне тиянақты болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, хронологиялық кесте, сызбамен жұмыс, топтастыру, талдау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портрет, слайдтар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жамбыл Жабаевтың "Атаның әлдиі" өлеңін жатқа оқу

Сөзжұмбақ "Жамбыл".

Сұрақтары:

1. Ақын қай таудың етегінде дүниеге келді?

2. Жамбылдың ұстазы кім?

3. Жамбыл қай ақынды айтыста жеңген соң жүйрік атанды?

4. Ақынның әдеби хатшысы болған сырбойылық ақын кім?

5. Жамбылдың дастаны қалай аталады?

6. Ақынды «Жаңа адамзаттың жыршысы» деп кім атады?

ІІ. Жаңа сабақ. Сәкен Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит» шығармасы

  1. Ақын өмірінен мәліметті хронологиялық кесте арқылы көрсетеміз. Ақын өмірбаянынан сыр шертетін суреттерге шолу жасаймыз.
  2. Сәкеннің шығармашылығынан мәлімет беру;
  3. «Бандыны қуған Хамит » шығармасының мазмұнын түсіндіру

*Сәкеннің шығармашылығынан мәлімет беру 1914 жылы «Өткен күндер» өлеңдер жинағы жарияланды. Ақынның кітаптарының суреттері көрсетіледі:

  1. Өлеңдері: Сыр сандық, Тұлпарым;
  2. Поэмалары: Көкшетау, Аққудың айрылуы
  3. Әңгімесі: Бандыны қуған Хамит
  4. Повестері: Жемістер, Айша, Жер қазғандар
  5. Романы: Тар жол тайғақ кешу
  6. Пьесалары: Бақыт жолында, Қызыл сұңқарлар
  7. Әндері: Біздің жақта, Тау ішінде
*«Бандыны қуған Хамит » шығармасының мазмұнын түсіндіру, шолу жасау Жоспары: 1- бөлім. Қазақ тарихындағы ауыр кезең, халықты жәбірлеуші бандылардың шыға бастауы, 2-бөлім. Хамиттің бастықтан тапсырма алуы; 3-бөлім. Кудря туралы бірер сөз. Хамиттің бейнесі; 4-бөлім. Күз пейзажы. Хамиттің белгісіз адаммен кездесуі. Ормандағы айқас. Хамиттің өкініші. Шығарма кейіпкерлері: Хамит-ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында. Сом сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырылған күшті көк ет. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Хамит салт атты. Үстінде мұздай қазақша киім. Басында елтірі тымақ. Аты сұлу- Құбақан ат. Кудря- балуан, ұзын бойлы, жауырынды, қара кісі. Жасаулы мылтықтан қорықпайтын, талайларды өлтірген жауыз, банды. Кудря тарихта болған адам. Ол туралы жаңаша көзқарас қалыптастыру керек. Құныскерей 1895 жылы Атырау өңірі Тайсойған құмындағы Нөсер қыстауында өмірге келген. Жергілікті орыс-қазақ мектебінен білім алады. Туған өлкесінде 1880 жылы атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепте оқыған Құныскерейдің білімді, сауаты бір басына жетерлік адам болғаны, алғашқыда болыс хатшысы, кейін қызылдар үкіметінде ауылдық кеңестің төрағасы қызметін атқарғаны туралы деректер кездеседі. Ол жөнінде 1920 жылдың маусым айындағы үшінші санында «Трудовая правда» газеті шағын хабар жариялайды. Онда: «Гурьевке елден азық-түлік тасып, әсіресе, мал айдап әкеліп, оның етін дайындауда Қожахметов Құныскерей айрықша көзге түсті. Ол өте-мөте іскер, әрі бірбеткей, таза, совет өкіметінің ел ішіндегі сенімді өкілі», - деп жазады. Қажымұқан -Омбы қаласында атақты Мартынов, Поддубный, Ганс Гаван, Қазыбек тау секілді балуандармен күресіп, қазақтың атақты балуаны болған. Қосымша мәлімет: «Бандыны қуған Хамит» шығармасының желісі бойынша атақты режиссер Абдолла Қарсақбаев «Даладағы қуғын» тарихи фильмді жауынгерлік тұрғыда түсірді. Хамиттің ролін Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов сомдаған. ІV. Сабақты бекіту. Топтастыру. Сәкен туралы не білдік? V. Үйге тапсырма. Шығарманы оқып, сюжеттік-композициялық талдау жасау. Кейіпкерлерге мінездемелік сипаттама жасау. VІ. Бағалау















© 2010-2022