Тәуелсіздік шежіресі (Тәрбие сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тәуелсіздік шежіресі

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған

жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.

Тәуелсіз еліміздің егемендікке жеткен жетістіктері, ұлы баспалдақтары туралы түсініктерін кеңейту


Көрнекіліктер: Қ. Р. рәміздері, слайд картасы, кітаптар эмблема, буклеттер.


Барысы:

Мұғалім сөзі.

3. Негізгі бөлім.

Біздің еліміз қалай аталады?

Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәуелсіздік әрине оңай жолмен келген жоқ. Ол өз алдына еркін мемлекет, яғни ешкімге жалтақтамай өз мүделерін өздері шеше алатын тәуелсіз елді айтамыз. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ-нағыз батыр халық екенін мойындайсың.

Ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Олар: ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.

Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке-деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы халқымыз көптен аңсаған тәуелсіздігіміздің таңы атты. Дүниеге жаңа мемлекет-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы келді.

Аңсап халық көп күткен,

Егеменді ел болдық.

Көңіл-күйі тоқ жұртпен,

Тереземіз тең болдық.

Қазақ елінің рәміздерін айт.

Тәуелсіз еліміздің рәміздері-Мемлекеттік Ту, Елтаңба, және Әнұран

Монтаж:


Қазақстанды-Отаным, елім, жұртым деген әрбір азаматтың жүрегінен орын алатын айдан анық. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол-Қазақстан.

Қазақстанды неге Отан дейміз?

Қазақстан біздің кіндік қанымыз тамған жеріміз. Сондықтан да ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті жерді сүю, қорғау міндетіміз.

Отан дейміз-от жаққан жерімізді,

Отан дейміз-өсірген елімізді

Отан дейміз- туған жер, атамекен

Биік тау, орман-тоғай көлімізді

Ән: «Қазақстан»

Би: «Қазақ биі»

Н.Ә. Назарбаев " Тәуелсіздігіміздің бес жылы" деп аталатын еңбегінде" "Біздің туысымыз-Тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық.

Бүгінгі Қазақстан әлем назарында өзінің болашағынан үлкен үміт күттірген жері бай, халқы бейбіт ел.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Бұл жетістік тәуелсіздік арқасында келген.

Ұлттық валюта қай жылы енгізілді? 1993 жылы 15 қараша

Ұлттық ақша-Теңге айналымға түсті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Биыл неше жыл болады?

Ата заң 9 бөлімнен 96 баптан тұрады.

Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдерді жалғастыр.


Қазақстан-байтақ ордам қорғаным,

Тыныш болсын аспан жерің, орманың

Мен тілеймін тәңірімнен сақта деп

Бірлігі мен берекесін ордамның.


Жеттік бүгін тәуелсіздік көгіне,

Шарықтадық талай биік төріне.

Қанша бастан кешірсек те қиындық,

Болды әлемге аты әйгілі бүгінде

Ән: Атамекен.

Қорытынды:

© 2010-2022