Қаныш бұлақ (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қанышбұлақ. Т. Имантаев

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінуге үйрету.

1.Мәтінді түсініп оқып, басты кейіпкердің әрекеттері арқылы ғылыми түсінікті аңғаруға мүмкіндік беру.

2. Оқушылардың өз бетімен және топта жұмыс жасау дағдысын дамыту.

3. Өз туған жерінің табиғатын зерделей зерттеудің қажеттігін түсіну, қадірлеп, қастерлеу керектігін ұғыну.

Сабақтың көрнекілігі:АҚТ-да слайдтар.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезені.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бақылау.

1.Психалогиялық дайындық.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Құдайы қонақ» мәтінін сұрау, қорыту.

Оқушыларды «бұлақ», «өзен», «көл» топтарына бөлу.Әр топ өз аттарына сипаттама айту.

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға судың дыбысы,судың әуені бар музыкалық шығарма тыңдату.

Қалай ойлайсың, бұл дыбыстарды қайдан естуіміз мүмкін?

Оны қандай сөз тір кестерімен сипаттар едіңдер?

Суы мол жерден тағы ненің дыбысын естуге болар еді?

Қазақстан картасынан өзен- көлдерді көрсету, табиғаттағы су, табиғаттағы су айналымы.

Мен сендерді осындай бір бұлақ басын ашуға сереуенге шақырамын.

Бұлақ басын табуға, ашуға бізге не керек болуы мүмкін?

Оқушылардың пікірін тыңдау арқылы керек заттарды құрау.

Ал өздерең бұлақ басын немесе жер астынан су құбырларын қазып шығарғанын көрдіңдер ме?

Оқушылардың пікірі арқылы керек заттарды құрау:карта, күрек.т.б.

Ал өздерің бұлақ басынан немесе жер астынан суды қалай шығарады деп ойлайсың.

-Қазіргі таңда жер астынан суды қалай шығарады деп ойлайсың?

«Құдық қазу» сәтін көрсету.

ІІІ:Мағынаны тану.

«Қанышбұлақ» сөзіне түсініктеме берулерін сұрау. Мысалы:екі түбірден тұрады;екі түбірлі зат есім;Қаныш жалқы есім,бұлақ жалпы есім т.б.

-Қаныш деп отырғаны кім екенін тани алдыңдар ма?

Қ.И.Сәтбаев өмірімен танысу.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-геолог, қоғам қайреткері Қазақ

КСР ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақстанның метоллогения мектебінің негізін қалаушы қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Қаныш Имантайұлы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында 1899-жылдың 12-сәуірінде Имантай бидің отбасында дүниеге келді.

-Ендеше Қаныш Сәтбаев ғылымға енді бет бұрған шағында бұлақ баын қалай тапқаны туралы білгілерің келеме?

«Жас филолог» ойыны.

-Мәтінде біз өте сирек қолданатын сөздермен сөз тіркестері берілген сендеге солардың мағынасын ашу тапсырмасы жүктеліп отыр.

Топтарға сол сөздер бөлініп беріледі.

Мәтінді оқи отырып сол сөздерге түсіеніктеме беруге дайындалыңдар.

кеней қазу балауса құрақ өзекше

палеозой ми қайнатқан жарқабақтан

есіл бейнет жүз құлаш бедел

тоқетерін айту кермек тартып кәнігі қазақ

Һәм нәтиже лақап кәміл сену

«Бағыттылған оқу» әдісі арқылы алдын ала бөлінген бөліктер бойынша оқу.

Бірінші бөлімнен кейін:

-Би ата құдықты не үшін қаздырыпты?

-Ауыл адамдарының құдық қазу жұмысы немен аяқталады?

-Әрі қарай не болуы мүмкін?

Келесі күні... айналып кетті дегенге дейін оқу.

Келесі күні Қаныш аға не істеді?

Сол жерден су шықтыма?

Қанша жер қазған соң су шықты?

Дәмі қандай?

Тұшы су шыққан жағаны не деп атады?

Қаныш Имантай ұлының өзіде... мәтіннің соңына дейін оқу.
Қаныш Имантай ұлы осы оқиға туралы не деді?

Ауылдастары қандай лақап таратты.

Мәтінді тізбектей оқып шығу.

Сергіту сәті. «Ақбұлақ».

IV.Ой толғау.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық тапсырма.

1-топ.

Құдықтың не екеніне сипаттама беру.

2-топ.

Өзің тұрған жердегі су көздерін анықтау.

3-топ.

Су көздері туралы тапсырманы белгілеу.

Қорытынды сұрақтар кестесін толтыру:

Бүгінгі сабақты қорытындылайтын қандай мақал-мәтел айта аласың?

Ағын су арнасын табады.

Ағын су бал татыр,

Ақ шабағы май татыр.

Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.Алпыс күн тасыған суалты күнде қайтар.

Арық бар жерде су бар,

Су бар жерде ну бар.

Арық қазбасаң су келмейді.

Бұлағы болмаса, өзен де сарқылар.

Бұлақ көрсең кһзін аш.

Бұлаққа бұлақ қосылса «егізбіз» дейді

Көдге көл қосылса «теңізбіз» дейді.

Дария басы-бұлақ.

Жеті күн жауған ждаңбырдан кейін желіп өткен су артық.

Үйге тапсырма беру.

Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндауға дайындал.

Бағалау.

© 2010-2022