Әліппе пәнінен Ё ё дыбысы және әрпі тақырыбы бойынша ашық сабағы (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік:

Оқушыларға Ё ё дыбысының орыс тілінен енген

дауысты дыбыс екенін түсінідіру,таныту.

Мамандықтар жайында түсініктерін кеңейту.

Ә)Дамытушылық:

Дыбыстық талдау жасауға,қатесіз , көркем жазуға

дағдыландыру.Сөздік қорын байыту.

Б)Тәрбиелік:

Оқушыларды еңбек сүйгіштікке,

ұқыптылыққа,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әріптер,суреттер

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап,түсіндірмелі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ) Өткен сабақты пысықтау.

-Оқушылар , біз өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?

Дауыссыз Фф дыбысымен.

-Қане , балалар Фф дыбысы бар қандай сөздер білеміз?

- Ферма,фирма,фото,факс,телефон,телеграф,футбол,Әл-Фараби.

«Футбол,Әл-Фараби» өлеңдерін жатқа сұрау.

Суретпен жұмыс

Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.

-Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда орыс тілінен енген, екі дыбыстан құралған Ё ё дыбысымен танысамыз. Ё ё дыбысы дауысты дыбыс.

ІІІ)Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс

Оқушылар, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?Дәрігер, мұғалім,құрылысшы,кітапханашы.

Жұмбақ

Үйге сым кіреді.

Қараңғыны

Жарық етіп жібереді.

(Жарық)




-Қане , оқушылар суретке қарайықшы.

-Жарық жүргізетін адамды кім деп атайды?

-Монтёр деп атайды.

Монтёр сөзі былай жазылады: «Монтёр»

-Таныс емес әріпті табайық.

-Бүгін біз Ё ё дыбысымен танысамыз.

-Балалар, Ё ё дыбысы орыс тілінен енген дыбыс.

-Ё ё дыбысын дыбыстап көрейікші.

Ё ё дыбысы «йо» қосарлы дыбыстардан құралады.

Ё ё

Әліппе пәнінен Ё ё дыбысы және әрпі тақырыбы бойынша ашық сабағы (3-сынып)Әліппе пәнінен Ё ё дыбысы және әрпі тақырыбы бойынша ашық сабағы (3-сынып)

й о

Бағандағы сөздерді оқыту

Мон -тёр Шах - тёр

Дыбыстық талдау жасау.

Мон -тёр 2 буын,6 әріп,7 дыбыс.

ІY. Оқулықпен жұмыс

А) «Шахтёр» өлеңін оқып беру

Шахтёр

Шахтёрді ел біледі.

Оған сарай - жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Қопарып ол тау-тасты.

Бала оқитын зәулім үй

Қалмау үшін суынып,

Көмірден тау үйеді

Беру үшін жылылық.

Ә) Мағынасын түсіндіру

Б) Тізбектеп оқыту.

Y.Дәптермен жұмыс

Ёё әрпінің жазылуын көрсету.

А)Ауада жазу.

Ә)Дәптерге жаздыру.

( Шахтёр,монтёр сөздеріне сөйлем құрау.)

YІ.Сергіту сәті «Көңілді балықтар»

YІІ. Сабақты бекіту.

Суретпен жұмыс.

Ёё дыбысы бар сөздерді тап.Дыбыстық талдау жаса.

YІІІ.Оқушыларды мадақтау.



© 2010-2022