ӘБ жетекшісінің 2013-2014 оқу жылындағы сараптамасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестік жетекшісінің

2013-2014 оқу жылындағы сараптамасы Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелерін 2013-2014 оқу жылында мемлекеттік аттестациядан өткізу кестесіне сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» ММ «Бірлестік орта мектебі» КММ-нің 2013 жылдың 25 тамызындағы № 8 бұйрығы негізінде білім беру мекемесі бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің өз жұмысына объективті түрде талдау жасау мақсатындағы өткен оқу жылына есебі. Білім беру қызметін атқарудағы басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық база:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім беру туралы» Заңы;
  • Бала құқығы туралы Конвенция;
  • Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы;
  • Қазақстан Републикасының «Тіл туралы» Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспары»;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы;
  • Мектеп Жарғысы.
Оқу - әдістемелік жұмысы Бірлестік орта мектебі ұжымының 2013-2014 оқу жылына мақсаты-оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және оқушыларды білім алуына жағдай жасау, шығырмашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Міндеттері:
  1. ҚР Білім беру Заңын жүзеге асыру
  2. ҚР білім беру стандартына сәйкес білім бері
  3. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ашу үшін жағдай жасау
  4. Оқу-тәрбие ісінде нәтижелі және бәсекеге қабілетті білім беру мақсатында жаңа оқыту технологиясын, қазіргі ақпараттық технологияларды игеру
  5. Оқушылардың білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау
  6. Дарынды блалармен жұмысты жандандыру-нәтижеге қол жеткізі
  7. Басқаруда, білім беруде және тірбие ісінде оқушылардың денсаулығына және салауатты өмір салтын ұстануына пайдалы технологияларды қолдану
Білім беру мекемесіндегі білім беру процесі үлгілік оқу жоспарына сәйкес, әрі бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау арқылы жүргізіледі. Тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар барлық мұғалімдерде жасалынған. Сағат сандары оқу жылына толық көрсетілген.

Пәндер мониторингі

Қазақ тілі

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

2013-2014

66,7

100

100

100

62,5

100

73,0

100

Әдебиет

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

2013-2014

100

100

100

69,0

100

73,3

100

Орыс тілі

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

2013-2014

62,5

100

73,3

100

Матаматика

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

сапалы

жалпы

2013-2014

86,7

100

100

100

75,0

100

73,3

100

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2009 жылғы «6» тамыздағы №1125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұсынымдар

  1. Жалпы ережелер
1.Осы бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттесттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік ұйымдар (бұдан әрі-Бағдарлама), «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң), «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттастаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына (бұдан әрі-Ереже), Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген Білім беруұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі-Нұсқаулық) және басқа да білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. 2. Бағдарлама меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын (бұдан әрі-білім беру ұйымдары) мемлекеттік аттестаттаудан (бұдан әрі-аттестаттау) және өзіндік бағалаудан өткізу кезінде біріңғай тәсілді қамтамасыз етуге және аттестаттау барысында қажет құжаттардың тізбесін анықтауға арналған. 3. Білім беру ұйымдарын аттестаттау ибарысында білім беру ұйымдарының тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауы анықталады. 2. Оқу-тәрбиелік жұмыс Бұл тарауда келесі мәселелер келтіріледі: 1) білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; 2) тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері; педагогикалық кеңесте, Алдын алу кеңесінде; Сынып жетекшілер кеңесінде, ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау, тәрбие жұмысының нәтижесін қарастыру; 3) мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі; 4) сынып жетекшілер кеңесінің жұмысының бар болу мен тиімділігі; 5) оқушылырдың өзіндік, зертханалық жұмыспен айналысу жағдайы және оның қорытындысы; 6) оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметінде өз мүмкіндіктерін іске асыру жағдайлары (факультатив жұмысы, үйірме жұмысы, спорттық секциялар, көркем өнер үйірмесі, пікірталас клубтары, студиялар, басқа да салалар) 7) республикалық, жергілікті оқушылар ұйымының қызметіне оқушылардың қатысуы; олимпиадаларды, жобаларды, сайыстарды, акцияларды, фестивалдарды, спорттық сайыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу 8) оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру (оқушылардың денсаулығы және олардың әртүрлі спорттық-сауықтыру қызмет түрлерімен қамтылуы, валеологиялық қызмет жұмысы) 9) оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен нәтижелігі бойынша мониторинг өткізудің санасы; 10) патриоттық тәрбиелеу және білім беру ұйымының кеңістік-пәндік ортасын ұйымдастыру (мемлекеттік нышандар, тақырыптық стендтер, плакаттар) 11) оқушылар арасында өткізілетін психологиялық жұмыс; психологиялық қызметтің әдістемелік қамтамасыз етілуі; психологиялық қызметтің оқу-тәрбиелік үдіріспен қарым-қатынасы. Жалпы оқу жылында бастауыш сынып оқушыларымен бірқатар іс-шаралар да өткізілді. Жаңа жыл мерекесі,Наурыз мерекесі және тағы басқа мектеп бойынша ұйымдастырыл -ған мерекелік іс -шараларға бастауыш сыныптар белсене араласты. Қыркүйек айында жаңа оқу жылындағы міндеттер қарастыры лып сынып жетекшілерге нормативтік құжаттармен таныстырылды.









Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылып, жас мамандардың жұмыс жоспары құрылып бекітеді. 2-4 сыныптар арасында оқушылардың бастапқы білім деңгейлерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Оған жауапты сынып жетекшілері. Бақылау жұмыста рын жүргізді, оқу техникаларын тексерді, дәптер күнделіктерін тексерді. Әр сынып жетекшілері өздеріне жүктелген жұмыстарды тексеріп, анализ жасап, қорытынды шығарды. Қазан айында Сеитова Б.Ж. «Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойларын дамытудың жолдары» баяндама оқып, талдау жасалды. Мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, пікірталас болды. Әркім өзара сабаққа қатысты. Мақсаты өзара тәжірибе алмасу. Қараша айында бастауыш сынып мұғалімдерінің апталығы өтті. Барлық мұғалімдер қатысты. Ашық сабақтар талданды. Атап айтсақ 3 сынып жетекшісі Сеитова Б.Ж. математикадан «3-ке көбейту және бөлу» атты ашық сабағын өткізді. RWCT жобасы негізінде құрылды. Сабақ өте жақсы өтті. Әсіресе үй тапсырмасын бекітуде оқушылар ауызша тапсырмаларды өте жақсы орындады. Жаңа сабақта да оқушылар өте белсенді, шапшаң түрлі амалдар орындады. 1 сынып мұғалімі Тұңғатарова З.Ш. сауат ашу пәні бойынша «Ү дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім жоспар бойынша мақсатына жетті. Оқушылар да өз білімдерін еркін көрсетіп, сабаққа белсенділік танытты. Тәжірибелі ұстаз оқушыларды буынға бөліп оқытып, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамытуға көп еңбектенгені көрінді. 4 сынып мұғалімі Әпетов Т.Т. ана тілі пәні бойынша «Қазақтың дәстүрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. RWCT жобасы негізінде құрылған сабақ өте тиімді және тартымды өтті. Оқушылардың өзіндік іздену қабілеттерін мұғалымнің жан-жақты ізденістің арқасында жағдай туғызғаны байқалды. Оқушылардың салт-дәстүрді, ұлттық ойындар туралы жақсы білгендері бірін-бірі толықтырып отырды. Сабақ мұғалімдердің көңілінен шықты «өте жақсы» өтті. 2 сынып мұғалімі Оспанова А.Қ. қазақ тілінен «Мәтін» тақырыбында дәстүрлі сабақ өткізді. Мұғалім өзінің сабаққа қщйған мақсатына жетті. Ребустар шешіліп, топпен жұмыс жүргізілді. Мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Жакелова Г. Математикадан «2 цифры» сабағы өтті. Сабақ өте жақсы өтті. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мұқашева 3 сыныпта «Ризашылық пен алғыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 3 сыныпта Хамитова А.З. ашық сабақ өткізді. Сыныптан тыс іс-шаралар да оқушылардың жан-жақты дамуына әсерін тигізді. Желтоқсан айында қазақ тілі сабақтарында Тұңғатарова З.Ш. «Дамыта оқыту технологиясы» арқылы оқушының жалпы қабілетін дамыту тәжірибесінен атты баяндамасын оқыды. Әр мұғалім өз ойларымен бөлісіп, пікірталас болды. Қаңтар айында I ж.жылдық бақылау жұмыстарының қорытындысы алынды. Тексеру қорытындысы. а) оқушылардың күнделіктері б) оқу жылдамдықтары тексерілді. Наурыз айында жазба және бақылау жұмыстарындағы қатемен жұмыс істеудің тиімді түрлері егжей-тнгжейлі қарастырылды. Сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмыс істеуде ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту кекректігі қарастырылды. Оспанова А.Қ. баяндамасы тыңдалып, талдау жасалды. Сәуір айында оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері жоспарлаған іс-шараларға қатысып жұмыстарды электронды және жазбаша түрінде табыс етілді. Мамыр айында психолог Қасымов А.С. бастауыш сынып және дайындық тобындағы баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысының нәтижелері талданды. Түрлі ойындар арқылы сауалнамалар, сәйкестендіру деңгейі оқушылардың бір-біріне деген сенімділіктерін, қарым-қатынастарын орната білуге дәлел болды. 4 сынып мұғалімі Әпетов Т.Т. наурыз айында I санатты ұстазға лайық екенін дәлелдеді. Осы мақсатта дайындаған баяндамасын оқып, талдау жасалды. 9 мамыр-Жеңіс күніне орай сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді. 4 сынып «Бастауышпен қоштасу» кешін өткізді. Әпетов Т.Т. жауапты. Жылдық бақылау жұмыстары өткізіліп, қорытынды жасалды. ІІ.Күн тәртібіндегі екінші мәселеде бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа оқу жылына арналған тарифтік кестеге сай сабақ жүктемелерімен және соған сәйкес тақырыптық-күнтізбелік жоспарларының жобалары таныстырылды. ІІІ. Үшінші мәселе жазба жұмыстарын орындау кезіндегі оқушыларға қойылатын бірыңғай орфографиялық тәртіп талаптары туралы бірлестік мүшелері әрқайсысы өздерінің ойларын ортаға сала отырып,Солтүстік Қазақстан облысының ББ СҚО ПКБА және ҚДИ ұсынған Г.А Табеева мен Атакулова Г.С құрастыруындағы анықтамалықты басшылыққа ала отырып төмендегідей бірыңғай орфографиялық тәртіп ұсынды. Оқу жылының басталуы туралы ағымдағы мәселелер қаралды. Әрине оқу -тәрбие үрдісін жетілдіруде алда тұрған міндеттер аз емес. Яғни бірлестік мұғалімдері өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жұмыс істеу керек деп ойлаймын.Ол үшін әр түрлі конкурстарға,семинарлар мен кәсіби оқуларға қатысу сол арқылы өз біліктіліктерімізді көтеру және санаттарымызды да көтеру бағытында жұмыс істеу қажет.Жалпы ӘБ өткен оқу жылында атқарған жұмысын жақсы деп бағалауға ұсыныс жасаймын. ӘБ мүшелерінің педагогикалық-әдістемелік шеберліктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру. Мүмкіндігінше ББ-нің жоспарына сәйкес бірлестік мүшелерінің үш айлық деңгейлік курстардан өтуіне жағдай туғызу. Мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік туғызу.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Бірлестік орта мектебінің бастауыш сыныптар

әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Сеитова Баршин Жылкайдаровна






© 2010-2022