7 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: «7 саны мен цифры». Сабақтың мақсаты:
  1. 7санының пайда болуын енгізу, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорларын молайту.
  2. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
  3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын, т.б. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. - Сабаққа назарларын аудару; - Тренинг өткізу «Күлкі сыйлау».

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Бірге үйге қайтамыз. II.Үй тапсырмасын тексеру. Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру; 0-ден 6-ға дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.

Ойын: «Үйін тап» III.Жаңа сабақ. Геометриялық пішіндер арқылы көпір құрастыру 1. Ауызша 6 санының пайда болуын, 0,1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар қатары қайталанып, 6-ны басқа сандармен салыстыру пысықталып, 7 санының пайда болуы, кестені пайдаланып 7 санының шығару. 0,1,2,3,4,5,6,7 сандар қатарын құрастыру, 7-ні 6-мен салыстыру. Жазда шөпті шабар Қыста тыныш табар Шалғы бар әр үйде, 7 - ге ұқсас бәріде. 2. Оқулықпен жұмыс. №1 Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. 6+1=7 7-1=6 Кесіндінің ұзындығын өлшеу 7см 7см > 6см, 5см, 4см, 3см, 2см, 1см т.б. №2 7 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 6 мен 7-ні салыстырып, >,< таңбалары арқылы жазып, оқу керек.

Ойын: «Кім жылдам?» №3 Тақтамен жұмыс. Жазуды толықтыру  > 6 6 <  6 =  +=6 6- = 3. Дәптермен жұмыс. Әрбір оқушы өз бітімен орындау. Таяқшалардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 7-ні басқа сандармен, 7 см-ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 7 цифрын жазып жаттығу. 6+1= 7-1= 4 <7 7 >3 2< 7 7 >1 0 <7 7см > 5см 5см <7см

  1. Сергіту жаттығулары.
Көбелекке ұқсап ап, Ұшайықшы бәріміз. Оңға қарай бір ұшып, Солға қарай бір ұшып. Шарлайықшы жер шарын 1,2,3 көбелекше ұш. №4. Өздік жұмыс. әйнекшелердің орнына теңдік немесе теңсіздік дұрыс болатындай етіп сандарды тауып қою. Үшбұрыштарды санау, салыстыру IV.Қорытынды. «Балапандарды құтқару» ойыны. Жұмбақ есептер Алдында 3 балапан, Артында 3 балапан, Ақ тауықты қосқанда Айтшы санын балақан?

Бір алманы төртке бөлдім.

Бір бөлігін жеп те көрдім

Қалған үлкен 3 бөлігін,

Қасымдағы 3 досқа бердім.

Аулада 5 үйрек,

Қорада 2 үйрек.

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек?

Табақта 4 алма,

Қолымда 3 алма,

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

Ал,енді балалар сабағымызды қорытындылай келе, құрамында саны бар мақал-мәтел айтайық.

Жеті рет піш,

Бір рет кес.

***

Тоқсан ауыз сөздің,

Тобықтай түйіні.

***

Жігітке жеті өнер де аз.

***

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

***

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.


V.Бағалау. VI..Үйге тапсырма беру. 7 санын жазып жаттығу, есептер шығару


© 2010-2022