Ашық сабақ: «Заттың іс-қимылын білдіретін сөздер. Ара адамды неге шағады?»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Заттың іс-қимылын білдіретін сөздер. Ара адамды неге шағады?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларды әңгіме мазмұнымен таныстыра отырып, әңгімедегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.Оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету.

Дамытушылығы:Шығарманың қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, ойлау қабілеттерін сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ара, қызанақтың суреті, қоянның суреті, гүлдер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, кубизм әдісі, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн сәрсенбі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

2.Үй жұмысын тексеру:

Ыбырай Алтынсариннің «Кел ,балалар оқылық» өлеңін мәнерлеп айту.

Қосымша сұрақтар беру, кубизм әдісін пайдаланып:

  1. «Кел, балалар оқылық» өлеңін кім жазды?

  2. Ыбырай Алтынсарин деген кім?

  3. Ы.Алтынсариннің тағы қандай өлеңдерін білесің?

  4. Заттың іс-қимылын білдіретін қандай сөздер бар?

  5. Оларға қандай сұрақтар қойылады?

  6. Мысал келтір.

3.Жаңа сабақ:

Жұмбақ жасыру:

Ұшады,

Қонады,

Гүлдердің қонағы,

Қысыңда көрінбей,

Жазыңда болады.

Түр-түсі сары ала,

Не нәрсе (ара).

-Жауаптарың дұрыс, балалар. Бүгінгі біздің сабағымыз ара және қызанақ жайлы болмақ. «Ара неге адамды шағады?» деп аталады.

Әңгімені түсіндіріп берейін:

-Бал жинап жүрген Араның көзі Қызанаққа түседі. Жапыраққа жасырынған Қызанақ қорыққанынан дір-дір етеді.Ара таңырқап. «Кімнен қорқады? Неге жапыраққа жасырынады?» деп ойлайды.

Қызанаққа жақындап келіп, ақырындап жағдайын сұрай бастайды:

-Айтшы, Қызанақ саған не болған?Жапырақты жасырынып кімнен қорқасын?

-Мен бе? -деп Қызанақтың дауысы әзер шықты. -Адамдардан.

-Неге?

-Өйткені олар мені жеп қояды, дейді.

Тәттіден басқаның дәмін татып көрмеген Ара Қызанақтың әңгімесін естіген соң, көңілсіз күйге енеді.

Міне, содан бері Ара адам көрсе шағатын болыпты.

Осы әңгімені рөлге бөліп оқу.

Сахнаға шығып көрсету.

Сұрақ: 1.Ара адамды неге шағады?

2.Мәтінде заттың іс-қимылын білдіретін сөздерді тап.

4.Жаңа сабақты бекіту:

Ойын «Гүл теру».

Гүл теру арқылы артындағы берілген сөздерден сөйлем құрап тақтаға жазу.

250-жаттығу.

1.Сәуле, құйды, су, гүлге. 2. Баптады, гүлді, ол. 3.Толассыз, жауды, жаңбыр. 4.Мезгілі, келді, көктем. 5. Келді, мектепке, Марал.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына қиығын сап көзінің

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

251-жаттығу.

Суреттегі гүл аттарын тауып айт.

Есік алдында түймедақ, райхангүл өсіп тұр. Раушангүл бөлме ішінде өсіріледі.

Қорытынды:

«Кім көп біледі» ойыны.

-Ара кімді кезіктіреді?

-Неліктен қызанақ тығылып отырады?

-Ара неге адамдарды шағатын болды?

-Заттың іс-қимылын білдіретін сөздер ойлап табу.

Үйге тапсырма беру.

№2 ана тілі дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Бағалау.

© 2010-2022