Кіші жастан зерттеушілік ізденіске

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№32 «жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Имангалиева Маржан Саметказиевна

«Балалар бір нәрсемен айналысқанды талап етеді.Ол пайдалы,олай болатын болса,оған кедергі жасамай,үнемі шұғылданатындай жағдай туғызу қажет» денег екен педагогикалық дидактиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский.Көптеген даналы ойлар келесі дәлелдемеге түсініктеме береді: білімнің мақсаты-оқушылардың миына өлшемді білімді қондыру ғана емес,біріншіден,бұл білімдер өзекті болуы тиіс,екіншіден,алған білімдерді саналы және тиімді түрде өз өмірінде пайдалатындай қажеттілік жасау. Сол себептен оқушыларға деген жаңаша қарым-қатынастың, мектепте оқытудың жағашыл түрлері мен әдістердің, танымдылық технологиялардың еңгізілу қарастырылады. Заман талабына сай сапалы білім беру бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.Шығармашылық қабілеті мол,жан - жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педогогикалық технологиялар аудай қажнт.Бұл реттегі білім беру технологияларының мақсаты - білім беру сапасын арттыру,оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыу. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібилік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық,рухани және күш -қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой - өрісін байыту»,- деп атап көрсетілген.

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық техногологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Ел Президенті Н.Назарбаев атап көрсеткендей,жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді мектеп өміріне еңгізу,оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі - бүгінгі танда білім саласын арттырудың бірден - бір жолы. Олай болатын болса, білімнің негізгі міндеті - мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттерді қалыптастыру. Осынау күрделі жұмыстың мазмұның ашуға жәрдемдесетін басты мәселе - оқушылар арасындағы зерттеушілік жұмыстарды жүргізі, яғни балалардың ғылыми жобамен айналысу олардың ғылыми көзқарастарының калыптасуына әсер етеді.



  • Пәнге деген қызығушылыққа;

  • Нәтижеге жетуге;

  • Сөз қорының кеңейіп,сөйлеу дағдасының қалыптасуына;

  • Жұмысына пікірді қабылдай білуге, өзіндік бағалау жасауға;

  • Өз ара және топпен жұмысты жүргізуге көмектеседі;

Мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылар арасындағы ғылыми жоба жұмысын жүргізгенде педагог өзін ғылыми жетекші ретінде сезініп, келесіге назар аударғаны жөн;

*зеттеушілік жұмысты жүргізу туралы хабардар болуы;

* педагог бағыт- бағдар беруші;

* педагог кеңесші ретінде болуы тиіс;

Аталған жұмыс түрін тәжірибеге еңгізетін болсақ, онда біз оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырамыз, шығармашылық тұрғыдан ойлануына және ой - өрісінің дамуына жол ашып, тілдік қорын байытамыз, зерттеушілік дағдыларын нығайтып, қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс қабылдауға үйретеміз.Егер әр ұстаз өз білімін үнемі көтеріп, заманауи бағытта қызмет атқара, онда бұ жұмысты іске асыруға мүмкіндік тудыруға болады.

Кіші жастан зерттеушілік ізденіскеКіші жастан зерттеушілік ізденіскеКіші жастан зерттеушілік ізденіскеКіші жастан зерттеушілік ізденіске

Кіші жастан зерттеушілік ізденіске

© 2010-2022