Ауа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ауа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпАуа. Ауаның қасиеттері Дүниетану. 2 сыныпПәні: Дүниетану

Бекітемін:

Сыныбы: 2 «ж»-сынып.

Күні: 29.10.2014

Тақырыбы: Ауа. Ауа қасиеттері.

Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.Тәжірбиелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту.

Сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.

б) Байқампаз болуға ,қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу


  1. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым !

Қайырлы күн болсын !

Сәрсенбінің сәті !

Сәттілікке толсын !

Біздің алар баға ,

Кілең бестік болсын .

Өткенді қайталау.

/Тест тапсырмалары арқылы тексеру /

/Оқушылар топ басшысы арқылы бағалау парағына белгілеп отырады /


  1. Адамға шөлдегенде не қажет?

а ) тамақ ә ) су б ) жарық

2.Дүниетану пәнін оқыту.

а ) сандар туралы ә ) сөздер туралы б ) табиғат туралы

3.Солтүстік пен шығыстың аралығындағы тұсты тап.

а ) солтүстік -шығыс ә ) батыс б ) оңтүстік -батыс

4..Көкжиек дегеніміз не?


А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.
Ә.Аспан мен жердің астасқан жері.
Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.


5.Тұсбағар деген не?
А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.
Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
Б.Дәрігер құралы.


Оқушылардың қолдарында а,ә,б әріптері жазылған белгі берілген. Қай жауап дұрыс,соған қарай белгісін жоғары көтереді.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа)

-Адам өміріне қажетті жағдайлар нелер?

Балаларға атату. Әр топ қысқаша түсінік береді.

Интерактивті тақтадан көрсету.

Адамға қажет

Тамақ Су Ауа Жарық Жылу

-Балалар, ауа деген сөзді неге ерекше етіп қоршап қойдым деп ойлайсыңдар?

Енді әр топқа тапсырма беріп салыстырып ашып айтқызу.

1-топ тамақ пен ауаны

2-топ су мен ауаны

3-топ жарық пен ауаны

4-топ жылу мен ауаны салыстырып дәлелдейді.

-Дұрыс айтасыңдар. Адам өміріне ең басты қажеттісі -ауа.

-Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар дәптерлеріне күннің жадын,тақырыптың атын жазады.

Ауа райының болжамын белгілеу: -5

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс

Әр топ оқулықтан өз беттерінше іштей оқиды, түсінгендерін айтады.

Өзім қосымша мәлімет беремін.

Ауа- барлық тіршілік дүниесінің тыныс алатын нәрсесі.Онсыз бәрі тіршілін жояр еді. Ауа кеңістігі бүкіл жер бетін алып жатыр.Ол біздің айналамызда,жердің беткі қабатында,суда,барлық бос жерлерде,тіпті қатты денелердің құрамында да кездеседі.Біз ауа кеңістігінің ең төменгі қабатында өмір сүреміз.Ол атмосфера деп аталады.Ауа-азот,оттегі,көмірқышқыл газы және инертті газдарының белгілі бір бөлшектерінен тұрады.

Интерактивті тақтадан көрсету.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларды орындырынан тұрғызып орындыту.

1.Ауызды жауып,танауыңды қысып,ішіңнен сана.Тұншығасың.Сонда адамға демалу үшін не қажет? -Ауа..

2.Ыстықтап терледің салқындау үшін желпіндің.Сен ауаны сезесің.Екі қолыңды екі жаққа соз,суда жүзгендей жүз,ауа мұхитында жүзіп жүрсің,ол бізді қоршап тұр.Сонда ол адам,өсімдік,жануарлар үшін қажет.

3. Орындырына отырады.

4. Ауаны көреміз бе? -Жоқ. Неге? -Себебі ол-түссіз.

5.Шар үрлейміз.Оның ішіне не толды?-Ауа, яғни ол орын алады. Ол шарға қайдан келді?-Ішімізден,яғни адамда ауа болады.Ол қалай келеді?Дем алу арқылы.

6.4- топқа 4 түрлі шар: қызыл,көк,сары, жасыл шар беремін. Бұл жерде ауа қандай түсте? Қызыл,сары,көк,жасыл түсте сияқты. Ол шар түсіне байланысты. Ауа түссіз-себебі шардан шыққан ауа түссіз.

Енді осыларды дәлелдейтін тәжірибелер жасаймыз.

Әр топ орыдарында отырып , бірге орындайды.Әр партада құралдар әзір тұрады.

1-тәжірибе.

Бір стақан суға бір түйір қант сал.Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көресің.Осыдан қант түйіршігінде ауа бар екенін білдік.

2- тәжірибе.

Ішіне су құйылған ыдысқа стақанды төңкерейік.Стақанға су кірмейді. Себебі стақанның ішінде ауа бар,ол орын алып тұр.Ол стақанды сол қалпында кішкене қисайтсаң ауа көпіршіктері шыға бастайды.Стақаннан шыққан ауаның орнына су кіреді.

Басқа денелер сияқты ауада орын алады.Ауа бос кеңістікте түрлі саңылаулар мен жарықтардың бәрінде бар.

Ауа

Көзге көрінбейді түссіз иіссіз дәмсіз

Интерактивті тақтадан көрсетіп қорытындылау.

Сергіту сәті.

«Көңілді күн» музыкамен ырғақты қозғалыс жасау.

-Балалар жаттығуды қайда жасап тұр?

-Бақтың ішінде жасап тұр.

-Бақтың ішінде ауа қандай болады?

-Таза болады.

-Дұрыс.Таза ауа денсаулыққа пайдалы. Кейбір жағдайларда ауа ластанады.Ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар?

Балалар ойларын айтады.

Интерактивті тақтадан ауаның ластану жағдайларын көрсету.

Ауа таза болу үшін адамдар не істеу керек?

Балалар өз ойларын айтады. /ағаш отырғызу, гүл егу/


Сонымен қатар ауа сығылады.

1-тәжірибе.

Допты ал. Оны қолыңмен бүйірінен қыс.Бүйірі қабысып ішке қарай кіреді. Бұл кезде доп ішіндегі ауа сығылады. Ал допты жерге немесе жарға ұрып қарасақ,доп ыршып,секіріп,жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда серпіледі.Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.

Интерактивті тақтадан үйдің суретін көрсетіп, түсіндіру.

Үйлердің терезелеріне екі қабатты әйнек қойылады. Неге деп ойлайсыңдар? Себебі екі қабат әйнектің арасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.Себебі ауаның бойынан жылу нашар өтеді.

Қыс кезінде тері тон,жүн қолғап неге киесің? Әрине тоңбау үшін. Олардың түгінің арасында ауа бар. Сол ауа денеңнің қызуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.

Сонымен бұдан ауа жылуды сақтайды деген қорытынды шығарамыз.

2-Тәжірибе

Әр топтың партасында құралдары әзір тұрады.

Оқушылар қарап отырады.Жіңішке балауыз шырағданның біреуін тең етіп үшке бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қойып.Біреуін стақанмен,екіншісін үлкен шыны банкамен жауып, ал үшіншісін ашық қалдыру керек.Байқаймыз қайсысы қай уақытта сөнер екен.Әрине ең алдымен стақанмен жабылған шырағдан сөнеді.Банкамен жабылғаны ұзақтау жанады.Ал ашық тұғаны біткенше жанады.

Бұл тәжірибеден біз ауа отты жанғызады деген қорытынды шығарамыз.

Өмірден көргендерін мысал етіп дәлелдеу.

Кейбір ауылдық жерлерде үйлерді ошаққа от жағып жылытады.Егер от жанбай жатса оны үрлеп ауа берсек от тез жанып кетеді.

От-тілсіз жау. Балаларға от жағуға болмайды.Себебі өрт шығуы мүмкін.

Ауа

Сығылады Жылуды сақтайды Отты жанғызады

деген қорытынды шығарамыз.

Сабақты бекіту

Кестеден көрсету арқылы .

Біз не білеміз?

Ауамен демаламыз. Ауаны көрмейміз.

Не білгіміз келеді?

Ауаның түсін, қасиетін, неден тұратынын.

Не үйрендік?

Ауаның сығылатынын, серпілетінін, жылуды сақтайтынын, отты жанғызытынын.

Енді ауа туралы қорыта келе 5 жолды өлең құрастырайық.

  1. Не? /Ауа/

  2. Қандай? /Түссіз, мөлдір/

  3. Не істейді? /Сығылады,серпіледі,көрінбейді/

  4. Сөйлем. /Ауа бізді қоршап тұр./

  5. Синоним./Оттегі/

Ауа сөзін топтастыру.

жылуды сақтайды сығылады жануды қолдайды

Ауа

серпіледі

көзге көрінбейді түссіз мөлдір

Бағалау. Жақсы қатысқан оқушылар атап, бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді толық оқып, мазмұнын айтып беруге дайын болу.


© 2010-2022