Тақырыбы: Мәндес сөздер 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер.

Сабақтың мақсаты:Қазақ тіліндегі мағынасы бір-біріне жуық сөздер туралы алғашқы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Оқушылардың сөз туралы білімдерін молайту.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту,көркем жазуға баулу.

Тәрбиелік:Оқушыларды әдемі,сыпайы сөйлеуге,ұйымшыл,тапқыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,электронды оқулық,сөзжұмбақ.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру,көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Психологиялық дайындық.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

III.Тірек білімді еске түсіру.

Ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білеміз?

Тақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпертегі аңыз

Тақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпжұмбақ ауыз әдебиетінің түрлері мақал-мәтел

жаңылтпаш өтірік өлең төрт түлік туралы жырлар

Аңыз дегеніміз не?

Әлемдегі бар дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы:бұлттар-су тамшыларынан,орман-ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз-сөйлемдерден,ал сөйлем нелерден құралады?Бұл сұраққа жауап беру үшін Алдаркөсе мына өлеңді оқығандарың дұрыс деп ойлайды.

Теңіз де тартылады,

Мұхит та сарқылады.

Құлайды орман-тоғай,

Қирайды орда-сарай.

Жер болып тау шөгеді,

Жайқалған бау семеді.

Көз жастан қақ қалады...

Сонда не сақталады?

Мәңгілік(...)қалады?

Слайд. «Ханның тапсырмасы»

-Сөз нелерден құралады?

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлемнің қандай түрлері бар?

Слайд. «Ханның Алдаркөсеге берген тапсырмасы»

IV.Қызығушылықты ояту.

Қазір Алдаркөсеге «Желтоқсан» сөзіндегі әріптерден сөз құрастыруға көмектесейік.Үлгі:ал,жел,ел,тоқ,сан,тоқсан,т.б.

-Желтоқсан айында қандай мейрамдар бар?

Слайд. «Ханның сыйлығы»

V.Мағынаны тану.

Ертегі тыңдау. Сөзжұмбақ шешу.

Жұмбақтар.

1.Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады. (мысық)

2.Шұқшитып кеп әуелі,

Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі,

Бұл қай кітап болады? (әліппе)

3.Жарқ етсе сабау қамшы,көрсетіп жауар тамшы. (найзағай)

4.Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпен де.

Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,

Басынан сипамайды ешбір пенде. (доп)

5.Сақалы бар сиыр,

Тал-терекке үйір. (ешкі)

6.Сырт-сырт соғады,

Уақыттан озады. (сағат)

Жұмбақтардың алғашқы әріптерін біріктіріп,Мәндес деген сөзді шығардық.Ендеше,ханның Батыр,Ер,Ержүрек,Өжет,Батыл,Өр деген ұлдары қандай хандыққа бірікті. «Мәндес» деген хандыққа бірікті.

Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Мәндес сөздер»

Электронды оқулықты тыңдау.

Көркем жазу.Сс сөз сақина самаурын

Оқулықпен жұмыс.

Слайд.242-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Слайд.243-жаттығу.Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөздер тауып жаз.

Алыс,қашық,шалғай. Әдемі,сұлу,көркем,ару,әсем.

Зәулім,биік. Батыр,Ер,Ержүрек,Өжет,Батыл,Өр.

Сергіту сәті.Оқушылар Алдаркөсе әнінің әуенімен билейді.

Алдаркөсе қалаға келді.бірақ оған қақпа ашылмай тұр.Алдаркөсеге көмектесейік.

«Қане,кім жылдам?» ойыны.

Қарамен жазылған сөздің орнына мәндес сөз қоямыз.

1.Айгүл -әдемі қыз. 2.Апам тамақ пісірді. 3.Қабанбай-батыр.

сұлу ас ержүрек

көркем дәм өжет

әсем тағам батыл

Слайд.245-жаттығу.

Мысалды оқу.Қарамен жазылған сөздің мағынасын түсіндір.Оны мағынасы жуық басқа сөзбен алмастыруға болатынын дәлелде. Ірі,үлкен.

Мысалды рөлге бөліп оқыту.

246-жаттығу.Ребус шешу. «Қария»

Шешуіндегі сөзге әңгіме құра және сол сөзге мағынасы жуық сөз пайдалан.

Қария,қарт,ата,ақсақал.

VI.Ой толғаныс.

Слайд. «Алдаркөсе»

Балалар,бүгінгі сабақта маған көмектесе отырып сөз туралы не білдіңдер?

Тақырыбы: Мәндес сөздер 3-сынып

Тақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпТақырыбы: Мәндес сөздер 3-сыныпСөз

Қазақ тілі сөзге өте бай.Әрбір сөздің айтылуы мен жазылуынан басқа мағынасы да бар.Сөз мағынасына көңіл бөліп,түсіне білу керек.Себебі,адамды қуантатын да,ренжітетін де бір ауыз сөз.Қазақ «Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген.Сондықтан айтатын әрбір сөзімізді ойланып,мағынасын жете түсініп айтуымыз керек.Кейбір сөздер өткір,кейбіреуі жұмсақ болып келеді.Өткір сөздер сүйектен өтіп кетеді,ал жұмсақ сөздер жүректі жібітеді.Себебі «жылы-жылы сөйлесең,жылан інінен шығады» ғой.Сондықтан сөздерді қолданған кездемағынасын түсініп,орынды жерінде дұрыс айту керек.Себебі,сөз-адам ойының жемісі.Айтатын сөзіміз саралы,жүрекке жағымды,терең мағыналы болса керек.Осы азғантай өмірде жақсы сөздерді көбірек айтып,адамдар бірін-бірі ренжітпей жүрсе керек.

Слайд. Күнделікті ашайық,

Қолға қалам алайық.

Қане,қане тез ғана,

Үй жұмысын жазайық.

VII.Үйге тапсырма.

244-жаттығу.

VIII.Бағалау.

Оқушыларды бағалау.Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар.



Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №3 орта мектеп

Жакешева Гулмира Тутеевна 2б-сынып жетекшісі



© 2010-2022