Сабақтың тақырыбы: Бармақтай Бала (ертегі) Шарль Перро

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бармақтай Бала (ертегі) Шарль Перро


Сабақтың мақсаты: Ертегі авторының ертегілер әлеміндегі ролін атап өту: ертегі оқып,мазмұнын түсініп,оның түрін ажырату. Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже:Мәтін мазмұны түсінуге,талдау жұмұстары арқылы онын идеясын ашуға мүмкіндік беру. Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушыларды қиялдау,армандау арқылы жақсы ойларға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып,оқыған,көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру. Тұлғалық нәтиже: автордың қызықты өмірбаянынан үзінді көрсету немесе оқып беру,кітаптар көрмесі,мультфильмдердент үзінді көрсету арқылы кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру. Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.
Кітаптар көрмесінен немесе жазушының ертегілерінен кейіпкер суреттерін беріп,қай ертегіден екенін табу.Мысалы: «Қызыл телпекті қыз» «Күлбикеш», «Етік киген Мысық», «Ұйқыдығы ару»,т.б.
  • Балалар, сендердің бір сиқырлы заттарың болса,ол заттың көмегімен не істер едіңдер? Сол заттың атын жазындар.(плакатқа).
Оған не істеу керектігін сұрау. - Оның суретін сал. Мысалы: ол таяқша,жұлдызша,тәрелке,гүл күлтелері болуы мүмкін. - Балалар, бұл тілектер сендердің кішкене армандарың ғой. Әрқашан оның орындалуына тілектеспін! - Ертеде,сонау бір алыс елде Бармақтай ғана бала болыпты. Сол туралы ертегіні оқып көрелік.
2. Мағынаны тану:
  • Ертегінің алғашқы екі абзацын оқып,мазмұнын түсіндіру.
Осы тақырыпқа байланысты екі топқа бөлініп отырайық. 1-ші топ: Бармақтай Бала тобы 2-ші топ: Ұлдар тобы Топтардың алдында плакаттар мен маркерлер. Олар өз жұмыстарын қорғауға дайындалады. Мына сұрақтарға жауап беріп,өздерін сол балалардың рөліне кіріп,жағдайларынды сипаттаңдар. Сендер қандай жерді мекендейсіңдер? -Әке-шешелерің қандай адамдар? -Сендердің тұрмыстарың қандай? -Күнкөрістерін қалай? Бармақтай Бала неліктен өспей қалған деп ойлайсыңдар? Сендер кімнен ақыл сұрағыларың келеді? Ертегіні оқып,мазмұнын түсіну. Сендерт шытырман оқиғаға қалай тап болдыңдар? Араларындағы Бармақтай Балаға не айтар едіңдер? Хат,құттықтау,басқаша сый-сыяпат жасауды таңдау. Плакатқа түсіру. Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.
Сабақты қорытындылау:
  • Балалар,адамды қиындықтан құтқару қандай жақсы!
  • Ертегіде кімге жандарын ашып,қиналдыңдар?
  • Қай тұсында қорқыныш пайда болды?
  • Қай тұсында Бармақтай Баланың шамасына сенімсіздік пайда болды?
  • Сендер «Цветик - семицветик» деген мультфильмді көрсеңдер, сондағы қыз баланың сиқырлы гүл күлтелерінің соңғысына қандай тілек айтатынын білесіңдер ме? Аяғы жүрмей қалып, арбаға таңылған баланы көріп, «Осы баланың жүріп кетуіне көмектесе гөр» деп жалынады емес пе?! Олай болса сендер өздеріңнің тілектерінді тағы бір рет оқып беріңдер.
  • Сен қолындағы сиқырлы затыңды не мақсатқа пайдаланар едің?

Ойыңды өзгерткің келді ме (ауызша әңгіме, пікір)

3. Ойтолғау:

Дәптермен жұмыс. Тапсырманы үйде орындап келу.

Үйге тапсырма: Ертегілер бойынша мультфильмдер жинағына арнап сурет салып келу.

Бағалау: топтық жұмыс бойынша.


© 2010-2022