По казакский языку на тема Ерлікке тағзым ( 1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ерлікке тағзым

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кітап көрмесі

Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. «Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.
3. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)

4. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)

5. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ - жауап)

6. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)

7. Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап көрмесі)

І Кіріспе.

Тәрбиеші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

«Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.

«Катюша» биі. 7-8 сыныптың бір топ тәрбиеленушілері.

ІІ. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)

«Майданға хат» (үзінді) оқитын Қазақова Нұржанат.

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім - жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

«Майданнан хат» (үзінді) оқитын Мұханбетжанов Еламан

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

ІІІ. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)

1. Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)

2. Отан оттан да ... (ыстық)

3. Туған елдей ел болмас, (туған жердей жер болмас).

4. Ит тойған жеріне...(ер туған жеріне).

5. Батыр туса, ел ырысы ... (Жаңбыр жауса, жер ырысы).

6.Туған жердің күні де ыстық ... (түні де ыстық).

7. Ел болам десең, ... (бесігіңді түзе)

8. Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)

9. Ер бір рет өледі, ... (қоқақ мың рет өледі).

10. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,... (батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін).

ІҮ. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ - жауап)

  1. Ұлы Отан соғысы батырларын ата?

  2. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

  3. "Шығыстың қос жұлдызы" кімдер?

  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры?

  5. Соғыс дегенді қалай түсінесің?

  6. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

  7. Ұлы Отан соғысы батырларын ата?

  8. Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш?

  9. Әлия мен Мәншүкке жасаған ерліктері үшін қандай атақ берілді?

  10. Бейбітшілік дегенді қалай түсінесің?

Ү. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)

Ұяшықта соғыс кезінзе пайдаланылған соғыс техникалары, құрал-жабдықтар, қару-жарақтар жасырылған. Осы ұяшықты ашып, көрсетілген суреттегі заттың атын табу.

ҮІ. Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап көрмесі).

Тәрбиеші:

Ұлы Жеңісті жақындатуға шалқар ауданы халқы да зор үлес қосты. Шалқар ауданы бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521 жауынгер майдан даласында қаза тапты. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Олардың ішінде жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев, Даңқ Орденінің Ковалері І, ІІ, ІІ дәрежелі Шамсудиновтер бар.

Хор: «Туған жер»

Тәрбиеші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!



© 2010-2022