Қазақстан халқы 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқы

Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағында өмір сүретін халықтар туралы түсініктерін кеңейеді. Танымдық ойлауларын, шығармашылықпен ойлаулары, қызығушылықтары дамиды.Елімізде тұратын басқа халықтарды сыйлап, мәдениеттерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, үлестірме карточкалар, карта, әр ұлт өкілдері жайлы кітаптар, АКТ-ны пайдалану.

Әдістер: топқа бөлу, сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Сабақтың барысы. 1. Психологиялық көңіл күй. (1 минут)

Қ.Мырза Әлидің ана тілі туралы туралы өлеңі оқылады.

Оқушылардың пікірі тыңдалады. Ауызша айтады. (3 минут)

Оқушыларды 2 топқа бөлемін. Топтарды бетпе- бет отырғызамын. (1 минут)

Бұл сабақ диалогтық оқыту әдісі арқылы өтеді. Мұғалім мен оқушы арасында сұрақ- жауап көп қолданылады.

2. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Әр топқа тапсырмалар:

«Қазақстан» деген сөзге бес жол өлең құрастырту, оқыту. (5 минут)

Сүйеді, достасады, мақтан тұтады.

Көпұлтты, тәуелсіз, тату- тәтті.

Қазақстан- бұл менің Отаным.

3. Әңгіме жүргізу. ( 2 минут)

- Елімізде тұратын басқа ұлт өкілдері туралы не білесіңдер?

- Осы айтылғандарды оқулықтағы мәтінді оқып, салыстырыңдар. (10 минут)

- Мәтіннен не оқып білдіңдер?

1- сұрақ: Қазақстанда қандай халықтар өмір сүреді?

2- сұрақ:Қай тіл мемлекеттік және қай тіл ұлтаралық қатынас тілі болып табылады?

3- сұрақ: Дүниежүзі қазақтардың 1-ші, 2-ші, 3-ші құрылтайы қашан өтті?

4- сұрақ: Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өсиетін түсіндір.

Интерактивті тақтадан керекті нәрселерді айтып, көрсетемін. (4 минут)

Қазақтар түркі тілдес халықтар тобына жатады. Аталған тіл тобына қырғыз, өзбек, түрікмен, татар, башқұрт, қарақалпақ, т.б. кіреді. Қазақтардың бәрі өз Отанында тұрмайды. 2008 жылдың аяғында Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 8,4 миллионға жетті. Қазақтар Ресейдің, Өзбекстанның және Қытайдың іргелес аудандарында тұрады. Алыс шетелдерден Түркияда, Иранда, Монғолияда, Ауғанстанда қоныстанған.Яғни Қазақстаннан тыс жерлерде 3,6 миллион қазақ тұрады.

Республиканың байырғы халқы- қазақтар. Қазақтардан кейінгі орында сан жағынан көп халық- орыстар. Басқа ұлттардан немістер, татарлар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, украиндар, т.б. бар.

Қазақстан тәуелсіздік мемлекет болып жариялануы нәтижесінде ( 16. 12. 1991) дербес экономикалық өрлеу жолына түсті.

4. «Өз ұлтың туралы әңгімеле» дидактикалық ойыны. (5 минут)

- Ұлт деген не?

- Өз ұлтың туралы әңгімеле.

- Досың ұлты туралы әңгімеле.

- Елімізде барлық ұлт өкілдері қалай тұрады?

Оқушылар елімізде тұратын ұлттарды, олардың салт- дәстүрлері туралы жұпта, топта ақылдаса отырып, постерге салады және әр топ қорғайды.

5. «Сынып жүрегі» дидактикалық ойыны. (3минут)

Алдын ала қағаздан қиылған «жүректі» оқушыларға беремін. Оқушылар параққа тілектер жазады. Содан соң оқушылардың аттары жазылған қағаздардың ішінен біреуін бір оқушы суырып алады. Кімнің аты жазылса, жүрек сол баланікі болады. Жүрекке сол оқушының аты жазылады және тілектер жазылған парақтар сол жүрекке желімденеді.

Қорытынды:

  1. Осы «Жүректе» саған не ұнады?

  2. Саған өзің туралы тілек ұнады ма?

  3. Тілектерді, жылы сөздерді неге «жүрекке» орналастырдық?

6. Сабақты қорытындылау: ( 5 минут)

-Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, еліміздің жергілікті халқы- қазақтардың шығу тегі, ұлт болып қалыптасуы, мемлекеттілігінің негізі қалануы және басқа өркениеттермен өзара байланысының дамуы туралы осы алдағы сабақтарда әліде танысамыз. Еліміздің мәдениеті мен экономикасы өркендеуіне қазақстандықтар аянбай еңбек етуде. Осының арқасында Қазақстан егемен мемлекет ретінде дүние жүзіне танылды. Сен де сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне үлесіңді қоссаң, «Менің Отаным- Қазақстан» деп мақтанышпен айта аласың.

Семантикалық карта Құрылтай болған жылдарды жазып шығыңдар (1 минут)

Құрылтай болған жылдар

1-ші құрылтай

2- ші құрылтай

3- ші құрылтай

7. Бағалау: Оқушылар алдарындағы парақтарға бүгінгі сабаққа қалай қатысты соған өз- өздерін бағалайды (3 мин)

8. Үйге тапсырма беру: Мәтінді оқып, сұрақтарға дайындалып келу. (1 мин)

Рефлексия ( өтілген сабақты қорытындылау мақсатында тақтаға смайликтерді жапсырады) (1 мин)

© 2010-2022