Қазақ тілі сабағы Етістік

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


26.02.2015. 3- сынып Қазақ тілі Тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік туралы білімдерін тиянақтау. Ойлау ,есте сақтау қабілеттерін, ,сауатты да көркем жазу дағдыларын дамыту; Елжандылыққа, еңбекке, табандылыққа , білімді сүюге тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,ойын, іздену, жаттығу, талдау,жинақтау , С Т О ,таным белсенділіктерін арттыру. Сабақтың көрнекіліктері: суреттер , электронды оқулық,қима қағаздар, топ атаулары , ойын атаулары т.б. Сабақтың типі :білімді тиянақтау Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақты оқытудың формалары: ұжымдық, топтық, жеке Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық: Мұғалім: Біз қандаймыз? Оқушылар: Біз сыпайымыз,әрдайым ізеттілікті сақтап жүреміз. Біз елімізге, жерімізге, қонақтарға ,туыстарға тек қана жақсылық тілейміз. Мұғалім: Қазір қай сабақ? Оқушылар: Қазақ т ілі. Мұғалім: Ендеше, «Қазақ тілі » туралы өлеңімізді оқып жіберейік. Оқушылар: Қазақ тілім,өз тілім ,ана тілім, Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім !

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 10-жаттығу, 165-бет.

ІІІ.Мақсат қою: Қай сөз табын өттік? Етістікті. Ендеше , бүгінгі сабақта етістік туралы білім алуды жалғастырамыз. ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру: Ойын: «Көбелекті өз гүліне қондыр» 12-жаттығу. Жыршы жыр айтты. Ақын өлең жазды. Дәрігер ауруларды емдеді. Мұғалім балаларды оқытты. Сауыншы сиыр сауды. Ү. Өтілген материалмен жұмыс: А) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Тт әрпі Тар Тор Тағала Торғай тоғайды ұнатады, Тоғай торғайды қуантады. Ә ) 14-жаттығу. Суретте не бейнеленген? Қарлығаш не істеп жүр? Балапандар қайда отыр? т.б. сұрақтар қойып, оқушыларға әңгіме құрастыруып жаздыру. Әңгімедегі етістіктерді тауып, астын сыздыру.

Б)15-жаттығу- ертегіні оқу, ары қарай жалғастыру, кестені толтыру:

Дара етістік

Күрделі етістік кездестіреді, тұр Ұстап алады, жүгіре жөнеледі, зымырап жетеді.

Сергіту сәті В) Топпен жұмыс: 1,2,3,4 сандарына санату арқылы алдын-ала топтарға бөліп қоям: 1-топ: «Абылай хан » 2-топ: «Керей хан» 3-топ: «Тәуке хан» 4-топ: «Қасым хан» Топ жетекшілері топтарын неге бұлай атағандықтары туралы түсінік береді: 1-топ жетекшісі: Біз тобымызды «Абылай хан» тобы деп атадық. Өйткені биыл еліміз қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуде. Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр. Абылай хан 1771-1781 жылдары хандық құрды . Орта жүздің ханы.Қазақтың аса көрнекті мемлекет қайраткері,қолбасшысы, үш жүздің басын қосып, қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді. 2- топ жетекшісі: Біз тобымызды Керей ханның атымен атадық. Керей хан -қазақтың алғашқы ханы. 1457-1458 жылдары хан болған. 10 жылдай Шу бойында хандық құрған. 3-топ жетекшісі: Біз тобымызды Тәуке хан тобы деп атадық.1680-1718 жылдары қазақ ханы Тәуке хан болды.Тәуке хан өзі билік еткен жылдары сыртқы және ішкі саясатты сәтті жүргізді. «Жеті Жарғы» деп аталатын заң жобасы осы жылдары жасалды.

4- топ жетекшісі: Біздің тобымыздың аты - Қасым хан.Қасым хан билік еткен 16 ғасырдың 1- ширегінде қазақ хандығы үлкен күшке айналып, шекарасы батыста Жайық өзені алқабына дейін кеңейді. Ойын: «Орныңды тап» Орны ауысқан сөздерді алған оқушылар қолдарындағы сөздердің орны бойынша сөйлем құрап тұруы керек: 1-топқа тапсырма: Шашты, жем, Майра , тауыққа. 2-топқа тапсырма: Көмектесті , балалар , бағуға , қой 3- топқа тапсырма: Суретін , құстардың , жақсы , Сәуле , салады 4- топқа тапсырма: Тоңбайды , қоян , аязда Ойын «Кім шапшаң?» Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тез ойлап жазу. 1-топ: ... мияулайды. 2-топ: ...ызыңдайды. 3-топ: ... шақырады. 4- топ: ... шырылдайды. 4 топқа да суреттер таратылады, сурет бойынша сөйлем құрастырады, Етістіктерді тауып астын сызады. ҮІ. Қорытындылау,бағалау: «Рефлексиялық эссе» сипаттау,талдау,бағалау(формативті түрде жүргізіледі) Қандай әсер алдым? Не үйрендім? Нені әлі біле түсу керек? Өздерінің пікірлерін қағаз бетіне жазады. Кейбіреуін ұжымда оқуға болады. ҮІІІ. Үйге тапсырма:13-жаттығу,166-бет 16-жаттығу 167- бет.































































































© 2010-2022