Үстеу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

19.04.2012ж.

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды үстеу және олардың түрлері туралы алған

білімдерін тиянақтау. Оларға сөйлем ішінен үстеуді табу,

байланысын анықтай білу дағдысын жетілдіру.

2. Сөз таптарын ажырата білуін, сөйлем ішінен мәнін терең ұғып,

мағынасын аша білуге оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.

3. Оқушыларды ерінбей ізденуге, мол білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтық жұмыс, сұрақ жауап, топтастыру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме карточкалар, құстар суреті, тірек

сызба.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жақсы балалар ендеше, бүгінгі қазақ тілі сабағында қазақ тілін қаншалықты меңгергендіктеріңді ортаға салыңдар.

Қазір біз саяхатқа шығамыз, ол үшін үйге берілген тапсырманы тексеріп алайық.

ІІ Үй тапсырмасы

  • үйге берілген жаттығуды сұрау.

  • әр топта қай сөз артық?

  • Себебін дәлелде

Жарайды балалар сендер сөз таптары туралы жақсы меңгерген екенсіңдер. Ал қазір біздер қай сөз табы елінде жүрміз.

(балалар жауабы)

  • Үстеу

Дұрыс айтасыңдар, біздер бірнеше күннен бері үстеу елінде қонақтамыз. Ендеше саяхатымызды жалғастырамыз.

Әрбір адам саяхатқа белгілі бір көлікпен шығады. Бізде көлік бар, ол қандай көлік деп ойлайсыңдар? Кемемен, ұшақпен немесе машинамен өткен шаққа, болашаққа баруға бола ма?

(балалар жауабы)

  • жоқ

Олай болса, бүгін біз сендермен саяхатқа жай машинамен емес «Білім машинасымен» шығамыз. Ал, балалар «Білім машинасының» талабы өте жоғары, ал бізден ерінбей оқуды, ізденуді, білімді болуды талап етеді. Сондықтан біз әрбір тапсырманы мұқият орындауымыз керек.

Бүгін біз жаңа сабағымызда бірнеше күннен бері үстеу елінен алған білімдерімізді тиянақтап, пысықтап алайық.

ІІІ Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс.

Сәуірдің он тоғызы

Сынып жұмысы

Көркем жазу. Ізденген жетер мұратқа.

Жақсы балалар, енді тапсырмаларымызға мұқият назар аудара отырып, оларды нақты орындауға кірісейік.

Қызығушылығын ояту.

Тапсырманы орындамас бұрын жұмбақтардың шешуін табу арқылы «Сөзжұмбақ» шешіп алайық балалар.

  1. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. (тау)

  1. Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,

Сол қарбызға бүкіл әлем сыйып тұр. (глобус)

  1. Өңім бе бұл, түсім бе,

Адамы көп ішінде

Бір ғажайып жәшік тұр,

Барлық сырды шашып тұр. (теледидар)

  1. Күдіз білінбейді

Түнде күлімдейді. (жұлдыз)

Т

А

У

О

Б

С

У

Г

Л

Т

И

Д

Е

Л

Е

Р

А

Д

Ы

Ж

Ұ

Л

З

Д

Балалар, ерекше тор көзден қандай сөз шықты?

(балалар жауабы)

- Тоты.

Дұрыс айтасыңдар, тоты деген не?

- Тоты құс.

Ол туралы не білеміз біз?

(балалар жауабы)

Олай болса тоты құс туралы нақты мәліметті мына жаттығуды орындау барысында білеміз.

25 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Үстеулерді тап. Олардың қандай сөз табымен байланысқанын айт.

26 - жаттығу. «Топтық жұмыс» Өлеңді мәнерлеп оқы.

Үстеулерді тап.

Қарамен жазылған сөздерді салыстыр, ұқсастығы мен өзгешелігі неде деп ойлайсың?

27 - жаттығу. «Ой қозғау» Суретке қара. Тиінге қатысты сөздерді таңдап ал. Олар қай сөз табына жатады?

Тиін туралы әр түрлі сөз табын қатыстырып сөйлем құра.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш.

Қарлығаш боп ұш.

Төрт, бес, алты,

Қарлығаш боп қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он.

Өз орныңа қон.

28 - жаттығу «Топтастыру» стратегиясы. Үстеулерді оқы.

Осы үстеулерді білдіретін мағыналарына қарай топтап жаз.

Мезгілді білдіретін Мекенді білдіретін Сын - қимылды

үстеулер үстеулер білдіретін үстеулер

... ... ...

29 - жаттығу. «Ой толғау» берілген сөздердің үстеу екенін дәлелде.

Осы үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.

Қорытынды. «Ой қорыту» «Білім машинасымен» үстеу еліндегі саяхатымызды қорытындылаймыз.

  • үстеу дегеніміз не?

  • Оның қандай түрлері бар?

  • Оның сұрақтары қандай?


мекен үстеу мезгіл үстеу

ҮстеуҮстеу

Үстеу

Үстеу

сын - қимыл үстеу

Өте тамаша балалар сендер үстеуді жақсы меңгергендеріңді көрсете білдіңдер,

Мектеп кеме, білім теңіз.

Барар жерге, тез жетеміз.

Адаспаймыз ұы жолда

Ұстаз берген білім қолда - дей отырып, ендеше алдағы уақытта әрқашанда «Білім машинасымен» адаспай саяхаттаудан ешқашан жалықпаңдар дегім келеді.

Үйге тапсырма: 30 - жаттығу.

Бағалау: Оқушыларды салыстыра отырып, мадақтап бағалау.




© 2010-2022