Сыныптан тыс іс-шара Ал, кәнеки, әжелер!

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№3 Красный Яр орта мектебі







Тәрбие сағаты.



Тақырыбы:

«Ал, кәнеки, әжелер!»





Өткізген: Қасымова Г.М.

Сабақтың тақырыбы: Ал, кәнеки, әжелер.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерімізді оқушылыр санасына құю.

Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін

дамытуды, мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.

Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

І-жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге.

ІІ-жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Ал, кәнеки, әжелер!» тойы басталмақшы,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

І-жүргізуші: Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

ІІ-жүргізуші: Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй- дастархан, думанымыз-сахнамыз,

Ұлы мейрам-Наурызға,

«Ал, кәнеки, әжелер!» сайысына шақырамыз!

І-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз. Осы Наурыз мерекесіне байланысты өткізгелі отырған «Ал, кәнеки, әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

ІІ-жүргізуші: Қастерлейміз халық боп,

Салт-дәстүрді дәріптеп.

Айтып кеткен бабалар,

Дәстүріңді таныт деп!

І- жүргізуші: Асылайын мойныңа,

Еркелейін қойныңда

Шөпілдетіп сүйейін

Әжелерімнің тойында,- дей келе әжелерімізді ортаға шақырайық.

(Күй ойнап тұрады, немерелері әжелерін ортаға жетектеп әкеліп, орындарына отырғызады).

Айтымов Еламанның әжесі- әжей.

Сайдалы Саяжанның әжесі- әжей.

Нұғырбек Еркебұланның әжесі- әжей.

Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік.

  1. Мектептің тәрбие меңгерушісі- Шолпан Қалиқызы.

  2. Мұғалімдер атынан- Зәуреш Өмірбекқызы.

  3. Ата-аналар атынан- -----------------------------

------------------------------

І-жүргізуші: Ал, кәнеки, ағайын,

Асқақ әнге салайық.

Басы болсын бұл тойдың,

Шырқап әнге салайық,-деп тойымызды «Әже» әнімен бастайық.

ІІ-жүргізуші: Әжелер келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен, ізетпен танысуға,-дей келе сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша әжелерімізге өздерін таныстыруға кезек берейік.

(Әділқазылар бағаларын белгілегенше, Қаржас Манастың « » әнін тамашалайық).

І-жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан,-дей келе сайысымыздың ІІ-бөлімі-Өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырып, қорғауға әжелерімізге сөз кезегін берейік.

ІІ-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сізді сонша аңсап ел,

Би билеп, ән салып бер,-дей келе сайысымыздың ІІІ - бөлімі-Өнерлерін көрсетуге әжелерімізге кезек берейік.

Әділқазылар алқасы бағасын бағалағанша сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалайық.

І-жүргізуші: Сайысымыздың IY-бөлімі- Ұлттық тағамдар.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ «Ас қадірін білмеген аштан өледі», «Ат қадірін білмеген жаяу қалар» демекші әжелеріміздің алтын қолынан жасаған қазақтың дәмді тағамдарын таныстырып, қорғауға ортаға шақырайық.

Әділқазы алқасы бағаларды бағалағанша Исабеков Александрдың « » әнін тамашалайық.

ІІ-жүргізуші: Сайысымыздың Y бөлімі- Салт-дәстүрді көрсету.

Әжелерім асыл менен ақылды,

Ажыратар алыс пенен жақынды.

Үйретеді біздерге,

Салт-дәстүрді әжелер,- дей келе салт-дәстүрге байланысты өздерінің ойға түйгенін көрсетуге әжелерімізді кезекпен ортаға шақырайық.

  • Айтымов Еламанның әжесі- «Тұсау кесер».

  • Сайдалы Саяжанның әжесі- «Бесікке салар».

  • Нұғырбек Еркебұланның әжесі- «Той бастар».

І-жүргізуші: Сайысымыздың YІ бөлімі-Нақыл сөздер.

Жақсы сөз-жарым ырыс дейді ғой «Көп білгеннен емес, көп кергеннен сұра» демекші, өнеге үлгілерін әжелеріміз мына отырған жастарға, оқушыларға қандай өсиет айтар екен, соны тыңдасақ.

Әділқазы алқасы бағаларды бағалағанша сынып оқушыларының «Аппақ гүлдер» биін тамашалайық.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі тойымыз да аяқталды. Сіздер бүгін әжелеріміздің батылдығы мен тапқырлығына куә болдыңыздар. Енді қазылар алқасына сөз берелік. Әр әжелердің қатысуына қарап ат қойып, сыйлық тапсырылады.





© 2010-2022