План урока на тему: Ана біздің күніміз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана біздің күніміз»
Тәрбиеші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән - маржанын шашайық

Ән: «Анашым»
Тәрбиеші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік. Олай болса, бүгінгі мерекеміздің тақырыбы осы қасиетті «Ана» есімі болмақ.
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз
Адамның анаға айтар лебізі
- Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.

Досхан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Жарас Айзат: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Бақытжан Айзат: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Тәрбиеші: Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық

Би: «Қамажай»

Амирхан: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін

Арыстан:
Жүрегінде махаббат,

Тілегінде мархабат.

Еркелеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс.

Юсую:

Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам.

Алия:

Мамам,мамам ақ мамам,

Менде өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.


Тәрбиеші: Құлыным дейді әжем
Бірақ мен баламын
Әппағым дейді әжем
Бірақ мен қарамын - деп Шөмішбай Сариев деген ағамыздың өлеңінде айтылғандай біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын адам бар. Ол кім?

Балалар: Ол - біздің әжеміз.
Тәрбиеші: Осы жерде отырған әжелеріміздің құрметіне тақпақ айтып берейік.

Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (анасы, әжесі дауыстайды, баласы ажыратады)
Азамат: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді
Айзада: Айналайын дегені
Жанға рақат береді
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады

Балалардың әжелеріне ән салдырту.

Тәрбиеші: балаға деген ана махаббаты «бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып берсін.
Қыздар: Әлди, әлди, әл бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Біздің қыздарымыздың мерекесіне арнап,ұл балалардың көрсететін қандай өнерлері бар екен.

Би: «Айгөлек»

Ойын: «Мақалдың жалғасын тап» (ата - аналармен)
1 бала шығып мақалдың бастапқы сөзін айтады, анасы сол мақалдың жалғасын табады. Ананың сүті...., Баланың тілі...., Қыз өссе...., гүл өссе....
Анаға қарап...., әкеге қарап.....,

Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (анасы, әжесі дауыстайды, баласы ажыратады)

Тәрбиеші: Бала тілі - бал дегендей балалардың шын жүрегінен шыққан, аналарына
деген тілектері бар, соны берсін. (әр баланың тілегі айтылады).
Тәрбиеші: Иә, баларыңыз айтқандай ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар, әрдайым әдемі, сүйкімді болып жүріңіздер. Осы тілек білдіруші балаларыңыздың атынан тағы да бір әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Құттықтаймын сізді мейрамыңызбен».
Тәрбиеші: Сәлем өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаңыңдар
Міне, балалар бұл менің мол байлығым. Қыздарымыз қолдарына білезік тағып, көктемдей құлпырып жүрсін деп әкелдім. (Ұлдар қыздарға тапсыруға көмектеседі).
Тәрбиеші: Осымен қысқаша ертеңгілігіміз аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!

Ананың сүті.....,

Баланың тілі......

Қыз өссе...........,

Гүл өссе ....................

Анаға қарап....................,

Әкеге қарап ...........................

Қыз ..........................,

Ұл .............................

Әке көрген .................. ,

Шеше көрген .....................

Тәрбие тал ............................

Балалы үй-

Баласыз үй-

Қызым саған айтам,

..................................

Батыр туса ..................,

Жаңбыр жауса ..............................

© 2010-2022