На казахском языке Күз кеші

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1

Күзгі кеш

Дайындық тобының арасында өткізген күз аруы-2014 байқауының жүрісі.

Жүргізуші: Cәламатсыздар ма, қонақтар,ата-аналар.Бүгінгі «Күз аруы» сайысына қош келдіңіздер!Біздің халқымызда «қыз»деген сөздің өзі әдеміліктің,жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес,қыздың аты-қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де көрікті болатынын аңғартады.

Ендеше, сөз кезегі мектебіміздің директоры Досов Болат Бексиықұлына беріледі.

Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқаларымен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа. -дей отырып,құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

Әділ қазылар алқасы: 1.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Избасарова Жайна

2. Мектеп тәлімгері Маренова Айтуған 3. Мектеп психологы Тақабаева Гулзада

Қош келдіңіз көрермен, Күзгі балл кешіне. Отырыңыз қол соғып, Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке, Астық толы қоймаңыз. Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаңыз.

Мерекелік сайыстың жоспары: 1.Өздерін таныстыру. 2.Өз өнері. 3.Сымбатты қыз сәнімен. Енді кішкентай аруларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Ай секілді өзі де, Сыңғыр-сыңғыр сөзі де. Толғанай деген арудың, Әдемі ғой көзі де.

Үздік оқып сабағын, Бәрімізге жағатын. Анар деген арудың, Көрейік біз талабын.

Сабағын да меңгерген, Жақсылықты жөн көрген. Ата-анасы Інжу деп, Әдемі есім теңгерген.

Сабағынан қалмайды, Жалқаулыққа бармайды. Ақбота бүгін сайыста, Ән мен жырын арнайды.

Гүлдана біздің өнерлі, Көңілді өмір сүреді. Бүгінгі біздің сайысқа, Алып келді өнерін.

Өнер қуған жасынан, Өнері судай тасыған. Келесі біздің Ақерке, Көрінген көштің басынан.

Құлпырған дала гүліндей, Жүресің әр кез күлімдей. Арайжан аңсаған арманыңа, Ақ ниетпен жет сүрінбей.

Жүргізуші: Сайыскерлер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан ортамызға келіп жетті, Әдеппен,ізетпенен танысуға.-дей отырып, сайысымыздың бірінші кезеңінен бастаймыз. Бәрі өздерін таныстырады. Жүргізуші: Бүлдіршіндер көп-көп рақмет. Олай болса әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

Жүргізуші: Күлкісі күміс, Жолпысы бұлақ сыңғырлы. Қазақтың арулары-ай Жұлдыздай жанулары-ай Тербетіп жүректерді Ән болып қалулары-ай.-деп сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерліге-өріс кең». Арулар өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Олай болса әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың екінші бөліміне баға берсек. Біз қазақпыз өнерге бай жолы кең, Сусындаған ақыл білім нәрімен. Арулардың талғамдарын байқайық, Елдің көркі« Сымбатты қыз сәнімен».-дей отырып,сайысымыздың үшінші кезеңін бастаймыз. Бәрі сән үлгісін көрсетеді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар негізгі жарысымыздың бөлімдері аяқталды. Ендігі кезекте әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша кезекті әнге берейік. Әділ қазылар марапаттайды.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар осымен «Күз аруы» атты сайысымыз аяқталды.

Аруларымызға тілейтініміз: Бұларға біз тілейміз, Қанаттары талмасын. Биік болсын талабы, Өнерлерін халыққа Сыйлай берсін әр кезде,-деп сайысымызды аяқтаймыз. Көріскенше қош сау болыңдар.



© 2010-2022