3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Тәжірибе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
10-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Тәжірибе. Cабақтың мақсаттары: Білімділік: табиғат денелері мен құбылыстарын зерделеудің өте тиімді әдісі ретіндегі тәжірибенің мәнін, маңызын, оны жүргізудің ерекшеліктерін түсінеді, өздері жүргізген тәжірибелерінен алған білімдерін сынап, байқауына мүмкідік алып, өз бі ліктіліктілік сезімдерін арттырады. Дамытушылық: тәжірибе жасау арқылы білімдерін дамытады. Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға, өзгерістерді байқауға тәрбиеленеді Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд суреттер, топтардың аты. Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту Сабақ барысында тәжірибе жасаумен таныстыру ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ - Гүл

II-топ - Шөп

III-топ - Ағаш

IV-топ - Топырақ

V-топ - Жануар VI-топ - Құс «Топтастыру» стратегиясы

  • Балалар, «Тәжірибе» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Тәжірибе










Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Табиғат: 1) өсімдік 2) жануар 3) адам

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

Жұмыс тобы:

I-топ - Бұршақ.

II-топ - Жаңбыр.

III-топ - Найзағай. IV-топ - Қар. Жүйке жүйесінің қызметін ескере отырып: «Бұршақ», «Ара », «Құмырсқа», «Қар» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Адам табиғатты қалай бақылайды», яғни адам табиғатты бақылау арқылы танитыны туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I-топ. Сен екінші сыныпта тәжірибе жүргізуді бақылағансың. Тәжірибе - заттар мен табиғат құбылыстарын танып білу мен зерттеу әдісі. Тәжірибе жүргізу үшін қажетті құралдар болып, жағдай жасалуы керек. Тәжірибе өсімдіктермен, жануарлармен, өлі табиғат заттарымен жүргізіледі. Тәжірибе жасаудың алдында бәрін ойластырып, жоспар жасау керек.

Эксперт парағы: 1. Тәжірибе деген не? 2. Тәжірибені нелермен жасайды? 3. Тәжірибеге қалай дайындалады? 4. Не арқылы деректер алуға болады?

II-топ. Тәжірибе не үшін жасалады ? Қалай жүргізіледі ? Қашай жасалады? Осы жағдайларды сақтағанда ғана табиғат денелері мен құбылыстары жайында деректер алуға болады. Өсімдіктің жарықты сүйетіні белгілі. Олардың жапырағы жарық түсетін жаққа қарай бұрылады. Мұны анықтау үшін тәжірибе жасап байқайық.

Эксперт парағы: 1. Өсімдіктер нені сүйеді? 2. Өсімдіктердің жапырағы қайда бұрылады? 3. Тәжірибе не үшін жасалады? 4. Бөлме өсімдіктері неліктен бір жерден екінші жерге қойылады?

III-топ. 1 - тәжірибе. Бөлме өсімдігін терезенің алдынан алып, сыныптың қарама - қарсы жағына апарып қой. Оның жапырақтарының қалай қарап тұрғанын байқа. Дәптеріңе күнін жазып қой. Күн сайын өсімдікке қарап жүр. Жапырақтардың терезеге қарай қашан бұрылғанын белгіле. Қорытындыны дәптеріңе жаз.

Эксперт парағы: 1. Өсімдіктерді қалай бақылауға болады? 2. Олардың жапырақтары қандай? 3. Жапырақтар қашан терезеге бұрылды? 4. Қандай қорытынды жасадың? IV-топ. 2 - тәжірибе. Аквариумдағы балықтарды бақыла. Балықтарға жемді белгілі бір уақытта бер. Жем берер кезде аквариумның қабырғасын саусағыңмен аздап тықылдат. Көп ұзамай, аквариумның қабырғасын тықылдатқанда балықтардың жем беретін жерге жиналғанын байқайсың. Тәжірибе нәтижелерін дәптеріңе жаз. Балықтар тықылдатқан белгіге неше күнде үйренді ?

Эксперт парағы: 1. Аквариумдағы балықтар қалай тіршілік етеді? 2. Оларға жемін қашан беру керек? 3. Жем берер алдында не істедің? 4. Балықтар қандай белгіге үйренді? III. Ой қозғау Яғни, «Бақылауларды қалай жүргізу керек?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады. Бағалау. Үйге тапсырма:

I-топ - «Бұршақ» тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

II-топ - «Жаңбыр» тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

III-топ - «Найзағай» тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді. IV-топ - «Қар» тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

V-топ - «Жел» тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

VI-топ - «Боран» тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

© 2010-2022