Менің Отаным-менің болашағым атты тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақсан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Муратсай ауылы

А.Құсайынов атындағы жалпа орта білім беретін мектеп-балабақшасы

ІІІ деңгей сертификатталған, І санатты бастауыш сынып мұғалімі Сугралиева Гулбагида Таубаевна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным - менің болашағым!»

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, Қазақстанның жарқын болашағы барын ұғындыру, өз елін мақтаныш етуге үйрету, достықты нығайтуға тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Ашық сабақтың көрнекілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы,слайд .
Ашық сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өлең, би, сергіту.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Психологиялық дайындық:
Амансын ба, көк аспан! Амансын ба, жер-ана! Амансын ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам. - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз -мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.
Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

Сұрақтар қойып, « Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу

-Балалар, бүгін қандай күн? - Білім күні - Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
-Мұратсай
- Біздің өз туған жеріміз Мұратсайды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау) -Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?

- Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Астана.

- Елбасымыз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.

Топтық жұмыс: Үш топқа әнұран, елтаңба, ту бойынша өз түсінгендерін постер бойынша жауап беру.

-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы өте жақсы біледі екенсіңдер, енді туған жер, рәміздер туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіндер ме?

1-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай үстінде Қазақ үй.

Қалықтаған жас сұнқар.

Шарықтаған таза күй.

Бұл танбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

2-оқушы: Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

3-оқушы: Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Cергіту сәті:

Көтеріліп шанырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Cлайд көрсету.

Мұғалім: Білім күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Менің Отаным - менің болашағым!» атты тәрбие сағатымызды аяқтау.



© 2010-2022