Сабақтың тақырыбы Өнердің құны

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақтың тақырыбы Өнердің құны.

Сабақтың мақсаты Әңгімені оқу, мазмұнын түсіндіру.

Міндеттері.

1) Мәтін мазмұнын түсінгенін дәлелдеу мақсатындағы жұмыстар арқылы ауызша әңгімелеу дағдысын дамыту.

2) Оқушының сөздік қорын байыту мақсатында сөздікпен жұмыс және әңгімелеп айту шеберлігі мен сөз өнерін оқушыларға жете меңгерту.

3) Қазақтың қолөнерін бағалауға, өнерге деген қызығушылықтары мен ынталарының ашылуына жағдай жасау.

Көрнекілігі: Қолөнер шеберлерінің суреттері. Мектептің шеберханасына саяхат.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық даярлық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік Сіздерге

Құрметпенен біз.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

«Өнер сөзіне топтастыру құру арқылы балалардың оны қалай түсінетінін анықтау.

-Өзің осы жазылған өнердің қайсысын меңгердің немесе меңгергін келеді?

(Оқушылардың өз ойын қағазға түсіруі)

-Өнерді меңгеру дегеннің өзі, оны оқу. Ендеше, адам өмір бойы оқу керек екен. Ал оқу не үшін керек?

(Оқушылардың жауаптары)

III.Қызығушылықты ояту.

-Бүгінгі жаңа сабағымызда өнердің басқа да пайдасы бар екендігіне көз жеткіземіз.

IV.Мағынаны тану.

Мәтінді «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінді алдын ала бөліктерге бөліп алу.

1-бөлім: Патша ұлының ғашық болуы.

2-бөлім: Қойшы қызының жауабы.

3-бөлім: Патша ұлының тұтқынға түсуі.

4-бөлім:Ризашылық

Әр бөлімді оқыған сайын әрі қарай, келесі бөлімді оқуға қызығушылық тудыратындай сұрақтармен жетелеп отыру.

Кестені толтыру:

Оқиға желісі

Оқиғаның дамуы

1.

Патша ұлының ғашық болу

Патша ұлы кедей қойшының қызына ғашық болып, әкесінен үйленуге рұқсат сұрайды. Әкесі уәзірін құда түсіруге жібереді.

Бөлімге берілген түсініктемелерді әрі қарай толтырамыз.

V.Ой толғау

-Қойшының қызының өнерді бағалауының себебі неде екен?

Ойланып жұпта,топта талқылайды

Топтардың дәлелдемелерін тыңдау.

Ертегідегі патша ұлының орнына өздерін қойып, топ мүшелері қарақшылардан құтылудың, тығырықтан шығатын жолдарын қарастыру керек.

VI.Қорытындылау.Бағалау

VII.Үйге тапсырма



© 2010-2022