Бала-өмір жалғасы. Ата-аналар жиналысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Бала-өмір жалғасы.»

Мақсаты:Бала бойына сүйіспеншілік,мейірімділік,т.б.жақсы қасиеттерді ұялата білуде отбасы мен мектептің маңызы зор екенін нақтылыау.

ә) халқымыздың тәлім-тәрбиесінің ананың ақ сүтімен ,ата ақылымен берілетіндігін ұғына білу.

Б) отбасы арасындағы бауырмалдылық,қайырымдылық,достық,сыйластық қарым-қатынасқа баулу.

Көрнекіліктері: слайдтар,фотосуреттер.сауалнамалар,мақал-мәтелдер.

Әдісі:топтау,сұрақ-жауап.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Слайд: «Өмір-өзен.»

Эпигрф:

Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай

"Бала тәрбиесіндегі мектеппен отбасының маңызы."

«Бала-өмір жалғасы.»


  • Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

  • Жақсы,жаман болса бала солардан.

Жүсіп Баласағұн.

Ата-аналар дөңгелене ортаға тұрады: (боймен сапқа тұрып,1,2,санайды.)

1-ші -лер бірінші топқа ,2-ші-лер 2-ші топқа бөлінеді.

1-ші топ: «Мектеп»

2-ші: топ: «Отбасы»

І-тапсырма:асоц.құру.

ІІ-тапсырма: «Бала» сөзіне 5-жол өлең құрау.

Екі топты біріктіріп тұрған «бала»яғни бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы

«Бала-өмір жалғасы.»

Слайд:Ата-ана туралы дана сөздер.

  1. Ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.

  2. Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.

  3. Ата-анасын ұмытқан бала опасыз,рақымсыздың рақымсызы.

  4. Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың.

  5. Ана-жарық дүниеге әкелуші.

  6. Көріністерден үзінді.

  7. «Қарт пен бала әңгімесі», «Дүниеде не тәтті?»

Өмірде не жетім?

  1. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала жетім.

  2. Халқына сенімсіз болса, хан жетім.

  3. Суы жоқ құдық жетім.

  4. Досы жоқ жігіт жетім.

  5. Шәкіртсіз ұстаз жетім.

  6. Ата-ана ақылы жерде қалса ,бәрінен де сол жетім.

Ойын: мақалды жалғастыр:

1.Ананың көңілі балада,...

2. Баланың жақсысы қызық...


  1. Атаңның баласы болма,...


  1. Балалы үй базар,..


  1. Ата-анаңның қадірін,...


  1. Атаға қарап,

Анаға қарап,

Пікірталас:

  1. Бақытты отбасы болудың негізгі шартына нені жатқызар едіңіздер?


  • Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

Балада өзімшілдік қасиеттің қалыптасуы неден деп ойлайсыз?

Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па па,әлде қатал тәрбиелеген дұрыс па?

  • Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс,қалай ойлайсыз?

Жағдаяттар:


  • Тоқсандық қорытындысы бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік.

Сіздің іс-әрекетіңіз.


  • Балаңыз мектептен жылап келді: "мұғалім маған ұрысты" деп...

Сіздің іс-әрекетіңіз.


  • Балаңыз "өте жақсы "деген бағаға оқитын бала еді.Бір күні сабақтан екі алып,мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді.

Сіз не істер едіңіз?

Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір-бірімен төбелесіп қалды.Ол бала сіздің балаңыздың өте жақын жолдасы екен.
Сіздің іс-әрекетіңіз.

  • "Менің бақытты сәттерім"

  • Фотосуреттер.

Біздің сынып

Бала-өмір жалғасы. Ата-аналар жиналысыБала-өмір жалғасы. Ата-аналар жиналысы

Бала-өмір жалғасы. Ата-аналар жиналысы





Шал ақын ауданы

Жалтыр негізгі мектебі


"Бала тәрбиесіндегі

мектеппен отбасының маңызы."

«Бала-өмір жалғасы.»

(ата-аналар жиналысы)

Бала-өмір жалғасы. Ата-аналар жиналысы

Бастауыш сынып мұғалімі:Г.Т.Оспанова



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022