«Қош, бол, сүйікті - Әліппе!» атты ертеңгілік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:







Құрманбаева Алтынкүл Өмірбайқызы

№232 орта мектептің бастауыш пән мұғалімі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,

Аққошқар ауылы

«Қош, бол, сүйікті - Әліппе!» атты ертеңгілік

Басшы сөзі.

І-бөлім.Әліппемен қоштасу

ІІ-бөлім. Білім додасы.

ІІІ-бөлім.Әдеби-музыкалық монтаж.

Мұғалім сөзі:

Нұрай: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар, 1 «А» сынып оқушыларының «Рахмет,саған Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Аян: Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе!

Мағжан: Бұл кітап -бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

Зере: Сүйікті Әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Сондықтан Әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.

(музыка ойнап,ортаға оқушылар енеді)

Бекарыс: Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Мен боламын -Бекарыс.

Гүлназым: Бүгін үлкен салтанат,

Менің атым- Гүлназым.

Құлпынай: Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Құлпынай деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.

Ай Арман: Дарасы болар даланың,

Айдос деген баламын.

Аяжан: Бармағынан бал тамған,

Балдай тәтті -Аяжан.

Нұрасыл: Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Нүрасыл жігіт мен болам.

Аяулым: Аяулым қызбын кең маңжай

Әдемімін мен қвндай.

Ал Арман: Арман деген баламын,

Есепті мен шағамын.

Көп оқитын,көп тоқитын,

Әкем менің - Алмат.

Айдос: Ай мен күні анамның

Ақылдысы атамның

Мен Айдос боламын.

Дидар: Би билеймін айнала,

Менің атым ақ-Дидар.

Мәди: Әнді ,биді үйренем,

Әліппені меңгерген.

Мәди ұлың мен болам.

Жандос: Әріптерді оқыдым,

Оқып білім тоқыдым.

Жандос ер азамат мен болам.

Жанерке: Еркесімін анамның

Бір жанымын әкемнің

Жанерке қыз мен болам.

Жансая: Ақпыз,қара,сарымыз,

Ақ құба қыз - Жансая.

Гүлсезім: Гүлім менің,

Күнім менің

Гүлсезіммін Отанның.

Хор: Отан

Бәрі: Армысыңдар,жас достар,

Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар Балаң келді ортаға. Білім деген ғажаптың Әліппегі меңгерген Болашағы қазақтың Басталады біздерден.!

Нұрай: Әліппе- оқу мен жазуға үйрететін алғашқы құрал. Дегенмен осы «Әліппе» атауының қалай пайда болғанын балалардың бәрі бірдей біле бермейді.

Аян: Бұл сөз тілімізге араб алфавитінің І-ші әрпі «Әліп» пен кейінгі

« би» әрпінің қосылып жазуынан құралып, сауат ашу құралының атауына айналып кеткен.

Мағжан: Адам баласы талай замандар бойы жинаған білімінің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы деп»Әліппені» үлкен де ,кіші де қастерлейді.

Гүлсезім: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны - Әліппе.

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы,

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Зере: -Біз, екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгал жаттап алдық. Оқуды ,жазуды ,санауды үйрендік.

Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: МЕКТЕП, МҰҒАЛІМ , АТА-АНА.

Хор: Мұғалім-ол біздің.

А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығап қарый бердім әріптерді.

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Мұғалім: сендер қандай оқулықты бітірдіңдер?

Бәрі: Біз Әліппені бітірдік.

Мұғалім : Ендеше ,балалар ,Әліппені ортаға шақырып , құрмет көрсетейік.

Әліппе оқулығыеа арнап «Әліппе»ен» орындалады.Нұрей

Әліппе сөзі:

Әліппеге ернау,өлең шумеқтарын шашу.

Құлпынай: Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Бекарыс: Қош,бол.құтты Әліппем,

Көп нәрсегі үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Аяулым: Арта берді кітапқа,

Бойымдағы құмарым.

Бірге жүрген қасымда

Кітап болды сыңарым.

Гүлназым: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есіті.

Соғылған сомдар алтаннан

Әліппе білім бесігі.

Нұрасыл: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

Аяжан: Барлық әріп бағалы,

Айттық әдәл ьағагы.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды ,тойлайды.

Дидар: Болды кезім нықтаған,

Болды кезім ұқпаған

Болды кезім ұстаздың

Ойынан да шықпаған.

Жансан мен Мәди: Білім деген бар жүгім

5-ке трлды қоржыным.

Осылай мен өткіздім,

Сыныбымның 4 айын.

Ал Арман: Айтсам болды тіл алам

Әйбат анам ,ай анам.

Сені көрсем қуанам.

Сен керексің қайда да.

Кір түсірмей жағаға

Шашымды да тарайсың

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың.

Ай Арман: Әліппемен аштым өмір есігін

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

Рақым: Ақылшым,асыл ұстазым,

Жолыңды айқын нұсқадың.

Қолыма келіп қанша рет

Қамқор боп қалам үстадың.

Нұрай: Біздің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, оқуымызға ата-аналардың да қосқан үлесі мол.Қане, бәріміз ата-аналарымызға рахмет айталық.

Бәрі: Бақытты балалық шағымыз үшін Рахмет саған ата-анаІ

Ән. «Ана»Алпыс Гүлсезім

Аян: Әліппе, бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ, бір-бірімізбен достыққа,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.

Жанерке: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес,ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

5-тік ьолсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Мұғалім: Ал,енді балалар, сүйікті оқулығымыз Әліппемен де қаштасатын сәт келді.

Бәрі: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп шықты міне ,балаңыз.

Таныстырған 42 әріппен,

Қош,бол,қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи,жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүл мен қоса жар шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Бәрі:Қош бол,сүйікті Әліппем!

Мен саған Әрқашан бас ием,бас ием,бас ием!

Хор:Әліппе

Әліппе сөзі.

Ана тілі сөзі.

МҰғалім: Балалар,сендер Әліппе оқулығымен қатар қай пәнді оқыдық?

Матеметика сөзі: Жанель

ІІ-бөлім

1,Үздік оқушы.Жұмыс түрлері.

2. «Кім жылдам» ойыны.

3,Оқулық оқыту.

4. 1Жылдам жаз» ойыны

5.математикалық есептер

ІІІ-бөлім

  1. Халық әні: «Гүлдерайым» Аяжан.

  2. Вальс биі: «Школа»

  3. Ән «Солдат болам мен ертең»

  4. «Киіз басу» би»

  5. «.Учать в школе»Нұрай.

  6. Халық әні: «Еркем -ай»Жансач мен Жанерке.

  7. «Адай» биі

  8. Өзбек биі. Жанерке.

  9. Халық әні «Қалаулым»Зере.

  10. Мұғалім қорытындысы.

  11. Ата-анеға тілек,бата.

Мұғалім сөзі:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып-оқитын жалге жетті,

Құтты болсын тойларың балаларым.

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін,еңбекқор,ғалым болсын!

Қорытынды.


© 2010-2022