- Преподавателю
- Начальные классы
- Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені
Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Жылкыбаева Г.О. |
Дата | 26.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
(Тәрбие сағаты)
Бастауыш сынып мұғалімі:Г.О.Жылкыбаева 2014-2015 оқу жыл Тәрбие сағатының тақырыбы:Әдептілік белгісі,иіліп сәлем бергені.
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- оқушы
- оқушы
- оқушы
- оқушы
8- оқушы Атам маған қашан да, Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. 9- оқушы Өзгелерден өзімді, Санамаймын жоғары. Артық айтып сөзімді, Желпінгенім жоқ әлі. 10- оқушы Атам маған қашан да, әділетті бол деген. Ата сөзі санамда, Жүрем тура жолменен. 11- оқушы Қалдыратын ұятқа, Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізетін мұратқа, Тек шындықты көздеймін. 12- оқушы Ізетті бала Ерлан қандай елгезек, Берді ағайға жол кезек: -Ағай ғафу етіңіз! Алға қарай өтіңіз.
- Оқасы жоқ, ұланым,
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің.
14-оқушы
Атам маған әмәнда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамада.
Жасы үлкенге жол берем,
15-оқушы
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
16-оқушы
Атам маған әмәнда
Әділеттті бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрем тура жолменен.
17-оқушы
Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
18-оқушы
Апаның тілін алса егер
Тамақ ішсе іш десе
Демал десе демалса
Суға түссе, түс десе.
19-оқушы
Қолынан мұндай баланың
Күш болады күш десе
Іс келеді, іс десе
Шынығып өсіп толады
Үлкен жігіт болады.
20-оқушы
Кім үлкенді тыңдаса
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
21-оқушы
Ата-ананың тілегі
Адам болып өскені
Адамдықтың белгісі
Адам болып өскенің.
22-оқушы
Ата-ананың тілегі
Адам болып өскені
Адамдықтың белгісі
Адам болып өскенің.
23-оқушы Сыйлап сәлем береміз, Көршілерді көргенде. Ізетті деп білеміз, Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін.
Ән: «Не деу керек?» «Жалғастыр» ойыны: «Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
- Үлкендердің алдын-
- Кішкене баланы-
- Құстарды-
- Қыз баланы-
- Сабақтан-
- Үйге жүгіріп-
- Үлкен кісіні-
- Оқу -құралдарын-
- Сыныпта айғайлауға-
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата- аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.
- Әдепті бала- арлы бала,
- Әдептілік белгісі,
- Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
- Сіз деген- әдеп,
- Ұлық болсаң- кішік бол.
- Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
- Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
- Жақсы адам ай мен күндей
- Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»
- Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
- Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
- Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
- Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Жас- кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен. Көрініс:Автобуста
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз. Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз. Әдептілік сөзін топтастыру.
Ән:«Әрқашан күн сөнбесін!» Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек. -Ендеше ,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатымызда өткен әдептілік туралы қорытындылыайық,әдепті бала қандай болады,әдептілік әліппесінен нені меңгердік?
Тәртіпті болу
Тіл алғыш болу
Ынтымақшыл болу
Әдептілік белгісі
Мейірімді болу
Кішіпейіл болу
Бауырмал болу