- Преподавателю
- Начальные классы
- Өзін-өзі танудан сабақ жоспары Тіл табыса білейік 1 сынып
Өзін-өзі танудан сабақ жоспары Тіл табыса білейік 1 сынып
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Нурбикенова А.Ж. |
Дата | 23.03.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып:Тіл табыса білейік. Құндылық:Дұрыс әрекет. Қасиеттер:Қарым-қатынасты бұзбау,ата-анаға,мұғалімге және үлкендерге деген құрмет,тыңдау Мұғалiм:Нурбикенова Асемгуль Жанабаевна. Cынып.1 «Ә» Оқушылар саны:26
Сабақ мақсаты: Татулық туралы ұғымдарын кеңейту арқылы,дұрыс әрекет құндылығына тәрбиелеу. 1. Білімділік: Қарым-қатынасты бұзбау арқылы,дұрыс әрекет туралы түсінік қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Жақсы әдеттерді сақтауға,басқалар жайлы жаман сөз айтпауға,үлкендерді тыңдауға дамыту. 3. Тәрбиелік:Ата-ананы,мұғалімдерді және үлкендерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Слайд,,аудиоәуен
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi.
Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз:Келісіп пішкен тон келте болмас.(мақал) Дәйек сөздің мағынасын ашу. Сұрақтар: Не себепті келісу керек деп ойлайсыңдар? Тіл табысу дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгiмелеу (сұхбат).
Піл мен Маймыл
Ертегі Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты. - Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! - дейді Піл мақтанып. - Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! - дейді Маймыл тез-тез сөйлеп. Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен. - Уа, данышпан, Үкі! - дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып. - У-у-х! Өй! - деп Үкі шошып кетеді. - Не болып қалды? Айта беріңдер! - Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», - деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін. Төрелігін өзің айтып бер. - Бір сөзбен айтқанда, - дейді Піл сөзге араласып. - Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма? Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады. - Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, -дейді Үкі. Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл: - Өзеннен қалай өтеміз? - деп уайымдайды. - Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! - деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады. Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді. Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп: - Алманы қалай жинаймыз? -деп уайымдайды. - Сен осы жерде тұр, - дейді Маймыл қуанып. - Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой! Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді. Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды. - Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, - дейді Маймыл. - Сен өзеннен өзің өттің бе? - дейді Үкі көзін ашпаған күйі. - Піл өткізді. - Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме? - Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді. - Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің? - Маймыл көмектесті. - Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма? - Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім. - Дұрыс, - дейді Үкі. - Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат - достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. - Мен мүлде алма жемеймін. Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен. Сұрақтар: 1. Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді? 2.Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді? 3.Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?
2.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 топ. «Байланыстырғыш» суреттері арқылы шағын әңгіме құрастыру/Ағаштар,күн,доп,су құйғыш/ 2 топ.Сюжетті суретті пайдаланып,әңгіме құрастыру. 3 топ.Жеке суреттерді бір-бірлерінен ажыратып,екі топқа жапсыру/дұрыс және бұрыс ажырату/. Мұғалімнің оқушыларға сыйы:Мультфильм «Что такое хорошо,что такое плохо.»
- Үй тапсырмасы.
Топпен ән айту. Бала тiлегi Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер, Гүлденсiн деп атамекен - қара орман. Болашақтың иесiмiз бәрiмiз, Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз. Алтын бесiк - ұлан-байтақ елiмде, Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз. Қалықтаған көгершiнi көгiнде, Мұңаймасын ешбiр бала елiмде. Ата берген батаменен көркейсiн, Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де
- Соңғы тыныштық сәтi.