Сабақтың тақырыбы Табиғи материалмен жұмыс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні: еңбекке баулу Күні: Тақырыбы: Табиғи материалмен жұмыс. Мақсаты: 1.Табиғи материалдарды пайдаланып өз ойларынан әртүрлі бұйымдар құрастыру. 2.Танымдық қабілеттерін, қиялын дамыту. 3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау. ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір. IV. Мақсатын қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
  1. Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 - сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал - мәтелдер кіргізуіңе болады.
Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз. Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады. VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан өз беттерімен бұйымдар жасау. VІI. Бекіту кезеңі 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Табиғи материалдарға не жатады? Онымен қалай жұмыс істеу керек ?. VIII. Бағалау. ІХ.Үйге тапсырма: - бет оқу.


© 2010-2022